Маханбеталиева к. Т., Мухамеджанова с. Н


 Беймата   материалдарының топтастырылуы  және  оларды



Pdf көрінісі
бет106/150
Дата30.04.2022
өлшемі3,7 Mb.
#32911
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   150
 
4.1. Беймата   материалдарының топтастырылуы  және  оларды 
өндіру әдістерінің жалпы  сипаттамасы 
 
Беймата  материалдарын  алу  негізіне  жататын  технологияға 
байланысты  оларды  екі  негізгі  түрге  бөледі:  1)  механикалық  технология 
бойынша  алынған  беймата  материалдары,  2)  химиялық  технология 
бойынша  алынған  беймата  материалдары  немесе  желімделінген  беймата 
материалдары.  Механикалық  технология  негізінде  алынған  жаймаларға 
қарағанда  желімделген беймата материалдарының қаттылығы төмен, яғни 
жұмсақ  және  жақсы  бүрмеленетін,  ауа  өткізгіштік  қабілеттлігі  жоғары 
болып келеді. 
Беймата материалдары қолданылуына байланысты техникалық және 
тұрмыстық  болып  екіге  бөлінеді.  Беймата  жаймаларынан  техникалық 
мақсаттарға  арналған  –  сүзгіш  материалдар,  брезенттер,  қаптайтын 
материалдар,  сонымен  бірге  пресс-үтік  құрал-жабдықтарына,  конвейерлі 
таспаларға, құрылыс мақсаттарына арналған материалдарды дайындайды; 
ал  тұрмыста  қолданылуына  байланысты  –  мақталы  бұйымдар,  перделер, 
жамылғыштар,  барлық  жеңіл  және  сырт  киім  материалдары,  жасанды 
былғары,  іш-киімдер,  махерлі  жаймалар  және  басқа  да  бұйымдар 
дайындалады. Медицинада беймата жаймаларын емдік-профилактикалық 
және  санитарлы-гигиеналық  бұйымдарға  қолданылады.  Мысалы: 


115 
 
хирургиялық  тампондар,  халаттар,  күрдешелер,  салфеткалар,  сүлгілер, 
орайтын материалдар дайындалады. 
Беймата  материалдары  қолданылатын  шикізаттың  түріне  қарай 
тарамдалған мақта, мата немесе жіп жүйесі түрінде кездесуі мүмкін. 
Беймата  материалдарының  ең  көп  қолданылатын  топтастырылуы- 
өндіріс  әдістері  бойынша,  яғни  талшықты  жайғақта  талшықты  бекіту 
немесе  байланыстыру  әдісі.  Талшықты  байланыстыру  механикалық, 
химиялық  және  аралас  әдістер  арқылы  жүзеге  асырылуы  мүмкін. 
Химиялық әдіспен байланыстыру дегеніміз  – жылытуда немесе қысымда 
полимерлі  байланыстырушылар  арқылы  талшықты  бекіту  әдісі; 
механикалық  әдіспен  байланыстыру  дегеніміз  –  сол  талшықтардың 
өздерімен немесе жіптердің көмегі арқылы талшықтарды бекіту. 
Беймата  материалдарының  өндіріс  әдістерінің  түрлілігін  үш 
технологияға 
бөледі: 
механикалық, 
физика-химиялық 
және 
қиыстырылған. 
Механикалық  технология  бойынша  талшықты  жайғақтың 
талшықтарымен немесе жіптерінен тоқылатын, жіптен немесе талшықтан 
жасалатын  ілмектері  бар  текстильді  емес  материалдарды  үйлестіру 
арқылы  тоқып-тігілетін  беймата  жаймалары  алынады.  Осы  технология 
бойынша  талшықты  жайғақты  матамен  үйлестіре  отырып,  инені  түйреу 
арқылы жасалатын инемен тесілетін жаймалар алынады. 
Физика-химиялық  технология  бойынша  талшықты  жайғақтардан 
алынатын  желімді  жаймалар,  сонымен  қатар  құрылымын  дисперсиямен 
және  полимердің  балқымасымен  бекіте  отырып,  қарапайым  жіптер  мен 
маталар  арқылы  жайғақ  алынады.  Фильерлі  жаймалар,  полимерлердің 
ерітіндісінен  жасалынатын  үзіліссіз  жіптердің  тікелей  қалыптасту 
процесіндегі талшықты жайғақтан жасалады. 
Қиыстырылған 
технология 
бойынша 
тафтингілі, 
электрфлокирленген инемен тесілетін беймата материалдары өндіріледі. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   150




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет