Маханбеталиева к. Т., Мухамеджанова с. Н


 Арахне тоқып-тігу машинасы. Арахне машинасындағы



Pdf көрінісі
бет121/150
Дата30.04.2022
өлшемі3,7 Mb.
#32911
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   150
4.5. Арахне тоқып-тігу машинасы. Арахне машинасындағы 
ілмекқалыптастыру процестері 
 
 Арахне  тоқып-тігу  машинасы  Иозеф  Зматликтің  трикотаж 
өнеркәсібінің  ғылыми-зерттеу  институтының  қызметкерлерімен  бірлесе 
отырып  құрастырылған  және  Брно  қаласындағы  «Ково»  машина  жасау 
зауытында  жасалған.  1958  жылдан  бастап  Чехияда  осы  машиналарды 
өндіру өнеркәсібі жұмыс істей бастады.  
Арахне    тоқып-тігу  машинасы  тарау-тоқу  агрегаттарының 
құрамында және де өз бетінше де жұмыс істей алады.  
Тараудың және тігудің жеке процестері  кезінде талшықты жайғақты 
бламир-аппарат  деп  аталынатын  арнайы  жайғақ  қалыптастыратын 
құрылғыларда дайындайды. Бір-біріне қарама-қарсы орналасқан екі тарау 
машиналары тарамдарының қабаттары қажетті талшықты жайғақты жасай 
отырып, бірнеше қабаттар төселетін жалпы көлденең тасымалдағыштарға 
бойлық  тасымалдағыштар  арқылы  шығарылады.  Соңғысы  қозғалатын 
кареткамен  жабдықталған,  арнайы  құрылғыда  рулон  болып  оралады. 
Талшықтары  ерекше  көлденең  орналасқан  талшықты  жайғақтар,  Арахне 
тоқып-тігу машинасына келіп түседі. 
Арахне  машинасында  талшықты  жайғақты  тоқу  технологиясы  ВП-
180  машинасындағы  тоқу  технологиясына  ұқсас  болып  келеді. 
Ілмекқалыптастыру  механизмдері  бірнеше  құрылымды  ерекшеліктерімен 
жасалған. 
Талшықты  жайғақ  1  қоректендіргіш  тасымалдағыштардың  2 
көмегімен,  қозғалмайтын  тор  көз  3  және  қозғалатын  платиналар  4 


134 
 
арасындағы 
саңылаудан 
өтіп, 
машинаның 
ілмекқалыптастыру 
бөлшектеріне келіп түседі.  
Жіңішке металл таяқшалары түріндегі қозғалмайтын тор көз ВП-180 
машинасындағы  қозғалмайтын  платиналардың  қызметін  атқарады,  яғни 
инеден талшықтың шығуы кезінде оны ұстап қалады және жаңа ілмектің 
қалыптасуына және тартылуына шарт жасайды. 
Ілмекқалыптастыру  процесіндегі  қозғалатын  платиналар  4 
қайтымды-үдемелі қозғалыстарын жасайды, яғни инемен жайғақты түйреу 
кезінде  алға  қарай  жылжиды  және  тоқу  аймағын  босата  жұмыстан  
шығады. 
Осындай  жолмен  қозғалмайтын  тор  көзбен  3  қозғалатын 
платиналардың 4 жинақы жұмысы, инелермен түйреу кезіндегі және кері 
бағыттағы  инелердің  қозғалысы  кезінде  талшықты  жайғақты  ұстап 
қалады.  Көзшелі  инелерге  6  тізбеорауыштардан  5  берілетін,  тігуге 
арналған  жіптер  бөлгіш  тарақшалардан  және  шыны  шыбықтардан 
тұратын  жіпбақылағыш  құрылғысының  8  және  оқтаудың  7  арасынан 
өтеді. 
Көзшелі инелерге 6 берілетін талшықты жайғақты түйрей және жіпті 
тартып ала отырып, қозғалмалы инелер 9 оларды талшықтың қалыңдығы 
арқылы  алып  шығады.  Инелердің  9  қозғалысы  инешектің  10  көмегімен 
жүзеге  асырылады,  ал  плиткасы  11  бар  қозғалтқыштар  –  сызғыштың  12 
көмегімен  жүзеге  асырылады.  Тігілген  беймата  материал  13  машинаның 
орайтын құрылғысына шығарылады. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   150




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет