Маханбеталиева к. Т., Мухамеджанова с. Н


 Талшықты қалыптастырудың электростатикалық әдісі



Pdf көрінісі
бет117/150
Дата30.04.2022
өлшемі3,7 Mb.
#32911
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   150
4.3.4. Талшықты қалыптастырудың электростатикалық әдісі 
 
Жайғақ  қалыптастырудың  электростатикалық  әдісінің  мәні  – 
жоғарғы кернеулі электроэнергия көзімен байланысты электродтан белгілі 
зарядтың  талшықтарға  берілуінде.  Қопсытатын  құрылғының  көмегімен 
талшықтар    қарама-қарсы  белгідегі  электр  зарядтарын  алып  жүретін 
диэлектриктен  тасымалдағышқа  қарай  бағытталады.    Талшықтардағы 
зарядтың  қарама-қарсы  белгісіне  байланысты  және  тасымалдағыштағы 
талшықтар  жылдам  тасымалдағышқа  қарай  жылжиды  және  оның  бетіне 
тегіс қабатпен төселеді. Осыдан кейін жайғақ кейінгі өңдеулерге түседі. 
Орнатудағы  тарау  машиналарының  саны,  талап  етілген 
қалыңдықтағы,  салмақтағы  және  өндірілетін  талшықты  құрылымның 
түріне байланысты болып келеді. 
Электростатикалық  әдіспен  талшықты  жайғақтарды  алуға  арналған 
құрылғының түрлері өте көп. 
Шығару  жылдамдығы  7,5-15  м/ми  кезінде  салмағы  10-14  г/см
2
 
талшықты  жайғақ  алынуы  мүмкін.  Бұл  әдіспен  жіңішке  талшықтар 
зақымдаусыз қайта өңделуі мүмкін. 
Электростатикалық  әдіспен  талшықты  қабатты  қалыптастыру 
кезінде,  өнімнің  ені,  формасы  және  салмағы  бекітіледі.  Шыны 
талшықтардан  басқа,  бұл  әдіспен  басқа  да  талшықтарды  өңдеуге 
мүмкіндік  береді.  Бұл  талшықтар  тоқ  өткізбейді  және  оны  өзгертпей-ақ 
зарядты ауыстыра алады.  
Электростатикалық  әдіспен  қалыптасатын  жайғақтағы  талшықтар, 
бойлық-көлденең орналасуы мүмкін және тегіс төзімді өнім жасайды. 
Қорыта  айтқанда,  талшықтары  бағытсыз  орналасқан  талшықты 
жайғақтарды  қалыптастыру  әдістері,  көбінесе  желімді  тәсілмен  беймата 
материалдарын  өндіру  үшін,  қолданылады  және  механикалық  әдісте  көп 
қолданылмайды.  Бұл  –  ұзындығы  40  мм-ден  жоғары  талшықтары 
бағытсыз  орналасқан,  тегіс  талшықты  жайғақтарды  қалыптастырудың 
қиындығымен түсіндіріледі. 
 


131 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   150




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет