Маханбеталиева к. Т., Мухамеджанова с. Н



Pdf көрінісі
бет20/150
Дата30.04.2022
өлшемі3,7 Mb.
#32911
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   150
 
 
2-сурет. Сақиналы  иіру машинасының технологиялық 
сызбасы 
 
 1.1.6.  Иіру жоспары. Мақта иіру өндірісінің техника және 
технологиясын дамыту жолдары 
 
Иірімжіптің  сапасы,  шикізаттың  түріне  және  қасиеттеріне 
байланысты болып келеді. Мынаны есте сақтау керек, иірімжіптің өзіндік 
құнының  60-90%,  шикізаттың  құнын  құрайды.  Иірімжіптің  әр  түрін 
(белгілі  белгілеуі,  сапасы  және  сызықтық  тығыздығы  бар)  сәйкес 
талшықтардан  өндіреді.  Шикізатты  дұрыс  таңдай  және  оны  тиімді 
пайдалану  кәсіпорынның  техника-экономикалық  көрсеткіштеріне  және 
шығарылатын өнімнің сапасына әсер етеді. 
Қолданылатын  шикізат  талшықтың  иірілу  қабілеттілігімен 
сипатталады.  Талшықтың  иіру  қабілеттілігі,  берілген  талшықтан 
сызықтық  тығыздығы  төмен  иірімжіп  алуға  болатындығын  анықтайды, 
өндірілетін  иірімжіп  сапасы  бойынша  стандарттың  талаптарын 
қанағаттандыру керек, ал үзілуі бойынша жіберілетін шектеулерден аспау 
керек.  


23 
 
Талшықтың  иірілу  қабілеттілігі  сандық  жағынан  да  бағаланады. 
Мұндай  көрсеткіштерге,  берілген  талшықтан  қанша  иірімжіп  алуға 
болатындығын көрсететін, талшықтан иірімжіптің шығуы жатады.  
Иірімжіп  өндірісінің  жоспары  және  иіру  жоспары,  қолданылатын 
машиналардың тәртібін және өндірілетін өнімнің сызықтық тығыздығын, 
машинаның ауысымын анықтайтын құжат болып табылады.  
Иірімжіп  өндірісі,  ғылым  мен  техниканың  заман  талабына  сәйкес 
даму  деңгейінің  технологиясы  бойынша,  яғни  қысқартылған,  қалдықсыз 
және үнемді технологиямен жүзеге асырылуы керек.  
Нақты белгілеудегі берілген сызықтық тығыздығы  және қасиеттері 
бар  иірімжіп  өндіру  үшін  шикізатты,  иіру  жүйесін,  иіру  тәсілін  және  
иірімжіптің  жақсы  сапасы  мен    сәйкес  құнын  қамтамасыз  ететін  өнімді 
дайындауға арналған машиналарды дұрыс таңдау қажет. 
Мұндай    күрделі  тапсырмаларды  шешу  үшін,  кәсіпорындардың 
тәжірибелерін,  сала  институттарының  және  жоғарғы  оқу  орындарының 
ғылыми зерттеу нәтижелерін пайдаланады. Иірімжіп өндірісі, ғылым мен 
техниканың  заман  талабына  сәйкес  даму  деңгейінің  технологиясы 
бойынша,  яғни  қысқартылған  қалдықсыз  және  үнемді  технологиясымен 
жүзеге асырылуы керек. 
Иірімжіп  өндірісінің  жоспары  және  иіру  жоспары,  қолданылатын 
машиналардың  тізімін  және  өндірілетін  өнімнің  сызықтық  тығыздығын, 
машинаның  жұмыс  тәртібін  (созу, қабаттау  саны,  машинаның  жұмысшы 
бөлшектерінің жылдамдығын, түту, тарау, ширату дәрежесін, машинаның 
теориялық өнімділігін, пайдалы уақыт коэффициентін және тағы да басқа 
сол  сияқты)  анықтайтын  құжат  болып  табылады.  Иіру  жоспарын 
құрастырмас бұрын келесі мынандай тапсырмаларды шешеді: 
1.  Иірімжіптің  сызықтық  тығыздығына  және  оның  белгілеуіне 
байланысты,  иіру  жүйесін  анықтау  қажет,  қолданылатын  шикізатты 
таңдау керек және қоспа құрамын анықтау керек. Жоғарыда атап өткендей 
мақта  иірімжіп  өндірісінде,  иірудің  кардты  және  тарақты  жүйелері 
қолданылады.  Төменгі  сортты  мақта  және  қалдықтарды  өңдеп  үлкен 
сызықтық тығыздықтағы иірімжіп  өндіруге арналған қалдықтардың  иіру 
жүйесін,  иірудің  пневмомеханикалық  және  аэродинамикалық  әдістерін 
қолдана отырып, кардты жүйемен алмастырады. 
2.    Белгілеуіне  және  талап  етілетін  құрылым  белгілеуі  мен  
иірімжіп  қасиеттеріне  байланысты  иірудің  тәсілін  таңдау  керек.  Иірудің 
кардты 
жүйесінде 
сақиналы, 
пневмомеханикалық 
(камералы, 
екіконденсорлы),  аэродинамикалық  және  екі  ұршықты  иіру  тәсілдері 
қолданылады.  Тарақты  иіру  жүейсінде  әзірше  тек  сақиналы  әдіс 
қолданылады. 


24 
 
Қазіргі  кезде  өнімділігі  жоғары  әдістерді  шығару  барысында 
ғылыми  зерттеу  жұмыстары  жүргізілуде.  Сызықтық  тығыздығы  10 
текстен  жоғары  тарақты  иірімжіп,  бір  созбадан  өндіріледі,  6,8-10  текс 
иірімжіптер,  созба  машинасының  бір  ауысымындағы  екі  созбадан 
жасалады,  ал  5-6,8  тексті  иірімжіптер  –  созба  машиналарының  екі 
ауысымындағы екі созбадан өндіріледі. 
3. Пневмомеханикалық әдіспен иірімжіпті өндіру кезінде таралған 
таспа алу үшін, таспалы машиналардың қажетті ауысым санын қабылдау 
керек.  2,7-5,5  текстті  таралған  таспаның  оңтайлы  сызықтық  тығыздығы, 
тарау  машинасының  негізгі  барабан  гарнитурасының  қажетті  тиеуімен  
сонымен  қатар,  таспаның  көлденең  қимасындағы  талшықтар  санымен 
анықталынады. 
4.  Заман  талабына  сәйкес  техникада  иірудің  кардты  жүйесінде 
бума-таспа  ағынды  сызығы  қолданылады,  яғни  тарау  машиналарының 
қоректенуі  жайғақсыз  болады.  Тарау  машиналары,  таралған    таспаның 
сызықтық  тығыздығын  реттегішпен  жабдықталған.  Иірудің  сақиналы 
ә
дісінде  бес  ауысым  қолданылады  (ағынды  сызық,  таспалы 
машиналардың екі ауысымы, созба және сақиналы иіру машиналары), ал 
иірудің  пневмомеханикалық  әдісінде  үш  немесе  төрт  ауысым  (ағынды 
сызық,  таспалы  машинаның  бір  немесе  екі  ауысымы  және 
пневмомеханикалық иіру машинасы) қолданылады. 
Иіру жоспары құрал-жабдықтың санын және өнімділігін, өндірісте 
жұмыс  істейтін  жұмысшылардың  санын,  жұмсалатын  энергия  мөлшерін, 
шикізаттың  және  материалдың  санын  және  құнын,  сонымен  қатар 
иірімжіптің сапасын және иіру, созу және басқа да машиналардағы жұмыс 
тұрақтылығын анықтайды.  
Мақта  иіру  өндірісінің  заман  талабына  сәйкес  техника  мен 
технологияның талдауы, дамудың келесі жолдарын көрсетеді: 
1.  Мақта  талшығын  тазалау  қарқындылығын  10-15%  жоғарылату, 
шаңды  шығару  және  талшықтарды  араластыру;  қоспаның  тұрақтылығын 
қамтамасыз  ету;  қалдықтардағы  иірім  талшықтарының  құрамын  және 
тарау  машиналарының  жайғақпен  қоректенуі  кеінде  жайғақтардың 
тегіссіздігін 15-20% төмендету. 
2.  Сызықтық    тығыздықты  реттегіштермен  жабдықталған 
қалпақшалы  тарау  машиналарын  қолдану,  тарақты  барабандарының 
айналу  жиілігі  400  мин
-1
  дейін  жететін,  қалдықтарды  жоюға  арналған 
құрылғылармен,  астауларды  автоматты  алмастыру  және  машинадағы 
процесті басқару және бақылауға арналған микропроцессорлы техникамен 
жабдықталған тарақты тарау машиналарын қолдану. 
3.  Шығару  жылдамдығы  500-800  м/мин,  таспаның  сызықтық 
тығыздығын  реттегішпен,  машинадағы  процесті  басқару  және  бақылауға 


25 
 
арналған  микропроцессорлы  техникамен  жабдықталған  және  еңбек 
өнімділігін 20-30% жоғарылататын таспалы машиналарына қолдану. 
4. Ілініп тұратын мүйізшілермен (айналу жиілігі  1900 мин
-1
 дейін), 
машинадағы 
процесті 
басқару 
және 
бақылауға 
арналған 
микропроцессорлы техникамен жабдықталған созба машинасын қолдану. 
5.  Ұршықтардың  айналу  жиілігі  18000  мин
-1
  дейін  сақиналы  иіру 
машиналарын енгізу. 
6.  Иіру  камераларының  айналу  жиілігі  75000  мин
-1
  дейін  жететін 
пневмомеханикалық иру машиналарын қолдану. 
7.  Созба  және    сақиналы  иіру  машиналарын  және  орау 
автоматтарын,  пневмомеханикалық  иіру  машиналарын  және  орау 
автоматтарын агрегаттау. 
8. Ауысым сандарын қысқарта отырып, иіру жүйесін құрастыру. 
9.  Қоспаны  иіру  қабілеттілігін  жоғарылату  үшін  химиялық 
талшықтарды және иіру өндірістерінің қалдықтарын қолдану. 
10. Иіруге табиғи және химиялық талшықтарды дайындаудың жаңа 
тиімді  әдістерін  өңдеу  және  иірімжіптің  жоғары  сапасын  қамтамасыз 
ететін иірудің жоғары өнімділікті тәсілдерін өңдеу. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   150




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет