Маханбеталиева к. Т., Мухамеджанова с. Н


-сурет. Мақта талшығына арналған таспа машинасының



Pdf көрінісі
бет18/150
Дата30.04.2022
өлшемі3,7 Mb.
#32911
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   150
1-сурет. Мақта талшығына арналған таспа машинасының 
технологиялық сызбасы 
 
Астаудағы  таспаның  массасы  оның  диаметрі  мен  биіктігіне 
байланысты,  диаметрі  350  мм  болған  жағдайда  астауға  10-11  кг  таспа 
сияды, ал диаметрі 500 мм астауға 16-18 кг таспаны төсеуге болады.  
Таспа  машиналары    пневотазалау  жүйесімен  жабдықталған, 
пневмотазалау    желдеткіш  көмегімен  іске  асырылады.  Шаңды  ауа  түбір 
жинағышқа  жібереді.  Шаңмен  талшықтар  сүзгіште  қалады  да  таза  ауа 
бөлмеген шығады. 
 
1.1.4. Алдын-ала иіру – созбаны дайындау. Созба машинасы 
 
Орташа  сызықтық  тығыздықтағы  иірімжіп  өндірісінде  иірудің 
кардты  жүйесінде  сақиналы  иіру  немесе  пневмомеханикалық  иіру 
машиналары  қолданылады.  Пневмомеханикалық  машиналарда    иірімжіп 
өндірген кезде қоректендіргіш өнім ретінде таспа машиналарының екінші 
ауысымынан алынатын таспа қолданылады. Созуы жоғары (200 және одан 
жоғары)  созу  аспаптары  бар  сақиналы  иіру  машиналарында  иірімжіпті 
таспадан  өндіруге  болады.  Бірақ  мұндай  жағдайда  созу  аспабының 
құрылымы  күрделене  түседі,  осының  нәтижесінде  күрделі  көп  аймақты 


20 
 
созу  аспабында  жұмыс  істеу  қиындыққа  түседі,  машинаның  габаритті 
өлшемдері  жоғарылайды,  сызықтық  тығыздығы  бойынша  тегіс  иірімжіп 
шығару  қиындау  болады.  Сонымен  қатар  қоректендіргіш  собықтың 
формасы  белгісіз  болады.  Сондықтан  иірімжіпті  қалыптастырудың 
сақиналы  әдісінде  бірінші  созба  машинасында  таспадан  жіңішке  өнім  – 
созбаны  алады,  ал  одан  сақиналы  иіру  машинасында  қажетті  сызықтық 
тығыздығы бар иірімжіп өндіреді. 
Иірімжіп  өндірісінде  ең  көп  қолданылатын  әдіс  –  ұршықсыз  әдіс 
(пневмомеханикалық және басқа да машиналарда). Бірақ иірудің тарақты 
жүйесінде  сызықтық  тығыздығы    төмен  иірімжіп  өндірген  кезде 
ұршықсыз  иіру  машиналарын  қолдану  мәселесі  әлі  шешілмеген, 
сондықтан  созба  машиналарының  құрылымын  жетілдіру,  созбаны 
қалыптастырудың жаңа әдістерін ойлап табудың маңызы зор және өзекті 
мә
селелердің бірі болып қала бермек. 
Созба  машинасының  тапсырмасы  –  таспадан  жіңішке,  жеңіл, 
ширатылған  өнім  –  созбаны  және  собықты  қалыптастыру.  Созба 
машиналарында  созу,  ширату,  орау  және  қабаттау  жүзеге  асырылады. 
Мақтаны  иірудің  тарақты  жүйесінде  жіңішке  иірімжіп  өндірген  кезде 
созба  машиналарының  екі  ауысымы  қолданылады:  бірінші  ауысымда 
созба өндіреді, ал екінші ауысымда – жіңішке, тегіс, екі созбаны қабаттап 
созба өндіреді. 
Алынатын  созбаның  сызықтық  тығыздығына  байланысты 
машиналарды  ұршықтары  арасында  әртүрлі  ара-қашықтық  болатындай 
етіп шығарады. Р-168-3, Р-192-5, Р-260-5 созба машиналарындағы 168, 192 
және  260  сандары  ұршықтар  арасындағы  ара-қашықтықты  көрсетеді.  Р-
192-5  және  Р-260-5  машиналарында  ұршықтардың  максимальды  айналу 
жылдамдығы  1200мин
1

дейін.  Жіңішке  созбаны  ұршықтар  арасындағы 
ара-қашықтығы төмен машиналарда өндіреді. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   150




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет