Маханбеталиева к. Т., Мухамеджанова с. Н


  Текстиль өндірісіндегі жаңа технологиялар



Pdf көрінісі
бет7/150
Дата30.04.2022
өлшемі3,7 Mb.
#32911
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   150
5. 
Текстиль өндірісіндегі жаңа технологиялар.............. 
153 
 
Қолданылған әдебиеттер тізімі..................................... 
165 
 
 
 



 
КІРІСПЕ 
 
Текстиль  өнеркәсібінің  кәсіпорындары  иірімжіп,  ширатылған  жіп, 
мата,  трикотаж,  беймата  жаймаларын  және  текстильді  табиғи  және 
химиялық  талшықтар  мен  жіптерден  жасалатын  басқа  да  бұйымдар 
өндіреді. 
          «Қазақстан-2050»  стратегиясында  Қазақстан  республикасының 
президенті  Н.Назарбаев  мемлекет    алдында  ең  басты  мақсатты 
тұжырымдады – күшті мемлекет негізінде берекелі әлеумет, экономикасы 
дамыған  және  жаппай  еңбек  ету  мүмкіндіктерін  құруды  ұсынды. 
Мемлекет  басшысы  білімге  негізделген  экономиканы  дамыту  мәселесіне 
үлкен  назар  аударды.  Бұл  процесте  негізгі  рольді    университеттер 
атқарады. 
   Білім мен ғылым ұйымдарына жүктелген басты тапсырмаларының 
бірі  –  уақыт  талаптарына  сәйкес  мамандарды  дайындап,    республика 
экономикасының барлық салаларын қамтамасыз ету. 2050 стратегиясының 
батыл ойларын жүзеге асыру - жастардың басты міндеті. 
ҚР  Тұңғыш    Президенті  Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаевтың 
Қазақстан  халқына  арналған  «Нұрлы  жол-болашаққа  бастар  жол»  атты 
биылғы  Жолдауының  ерекшелігі  оның  экономикалық  бағытта  басымдық 
беріле отырып жасалғандығында. Мұндағы ауқымды тапсырмалардың бірі 
Қазақстанда  шағын  және  орта  бизнесті  дамыту  мәселесі.  «Шағын  және 
орта  бизнес  мен  іскерлік  белсенділікті  қолдау  бойынша  жұмыстарды 
жалғастыру  қажет.  Шағын  және  орта  бизнес  үшін  2015-2017  жылдары 
жалпы  сомасы  155  миллиард  теңге  несие  желілерін  АДБ,  ЕКДБ,   
Дүниежүзілік банк есебінен тиімді пайдалану қажет» - деді.   
Жолдауда  Н.  Назарбаев  білім  беру,  ғылым  мен  өндірістің  өзара 
ықпалдасуына көп мән берді. Бүгінде халықтың әл-ауқатын жақсарту үшін 
аймақтың  инновациялық  экономикасы  мен  әлеуметтіксалаға  енгізіліп 
жатқан ғылыми зерттеулерді жүргізген өте маңызды.  
Қазақстан  Республикасының  территориясында  шағын  және  орта 
бизнесті  дамыту  бағдарламасы  бойынша  көптеген  өндірістер  жұмыс 
атқаруда.  Мысалы,  жүнді  алғашқы  өңдеу  фабрикалары  Ақтөбе,  Семей 
және Тараз қалаларында орналасқан. 
«КазРуно» АҚ (Семей қ.) – Қазақстанда соғылған  ең бірінші жүнді 
алғашқы  өңдеу  фабрикасы  болып  табылады.  Ол  1935  ж.  өндіріске 
қосылған  болатын.  Фабриканың  қуаты  жылына  15  мың  тонна  жүнді 
құрайды.  Семей  жүнді  алғашқы  өңдеу  фабрикасы,  жүн  –  текстиль 
саласының  даму  тенденцияларына  жауап  бере  отырып,  жүнді  терең 
өңдеудің келесі кезеңін – топс өндірісін іске қосып үлгерді. Топс иірімжіп 
өндіруге  арналған  жартылай  дайын  өнім  болып  табылады.Фабрика 



 
Францияның N.Schumberger фирмасының тарақты тарау машиналарымен 
жабдықталған. Өндірістік қуаты жылына 700 тонна топс құрайды. 
«Фабрика  ПОШ  -  Тараз»  ЖШС    Қазақстан  текстиль  өнеркәсібінің 
жетекші кәсіпорындарының бірі болып табылады. ЖШС «Фабрика ПОШ 
Таразда»  еңбек  өтімі  30  жылдан  асқан  инженер-техник  жұмысшылары, 
жалпы  352  жоғары  білікті  мамандар  жұмыс  атқарады.  Кәсіпорынның 
негізгі  құрылтайшылары  осы  өндірісте  жұмыс  істейді.  ЖШС  «Фабрика 
ПОШ Тараз» 4 негізгі цехтардан тұрады: ТОПС өндірісі, сұрыптау, жуып-
кептіру  және  пресстеп-буып-түю.  ТОПС  өндірісін  қосу  –  Қазақстан 
Республикасының  индустриализациялау  және  инновациялық  дамыту 
бағдарламасы  негізінде  жүзеге  асырылған  жоба.  Жобаға  1  млрд  тенге 
бөлінген: оған құрал-жабдықтар және айналым құралдары сатып алынған.  
2010  жылы  қазан  айының  1  жұлдызында  ТОПС  өндірісі  бойынша 
цех  іске  қосылды.  2011  жылдың  1  қаңтарынан  және  2012  жылдың  30 
мамырына дейін 528 тонна ТОПС өндірілді. ТОПС өнімі үлкен сұранысқа 
ие.  ТОПС  өнімі  Италияға,  Испанияға,  Қырғызстанға  жөнелтілді.  2011 
жылы  1055859  кг  жуылмаған  жіңішке  жүн,  561958  кг  дөрекі  жүн 
дайындалған,  ал  жоспарланғаны  жуылмаған  жіңішке  жүн  3  мың  тонна 
болатын.  Шикізаттың  жетіспеушілігінен  ТОПС-тың  таза  жүнді  тарақты 
таспа түрін шығару мүмкіндігі жоқ.  
2012  жылы  иірімжіп  өндірісі  бойынша  фабрика  жоба  жасады, 
жарғылық  капиталын  700  млн.  тенге  жоғарылата  отырып,  қосымша 
эмиссия жариялады, Италяндық Servim Srl  компаниясы ЖШС «Фабрика 
ПОШ Тараз» жарғылық капиталына арнайы техникамен қамтамасыз етті. 
Яғни  жарғылық  капиталында  енгізген  үлесі  281 880 239  тенге  (14,39%). 
АҚ  «НК  «СПК  «Тараз»  фабриканың  жарғылық  капиталына  ақшалай 
395 307 332 тенге (20,18%) аударды.  
АҚ  «НК  «СПК  «Тараз»  аударған  395  млн.  тенге  иірімжіп  өндірісі 
бойынша цехтарды жөндеуге, құрал-жабдықтарды жеткізу және орнатуға, 
жүнді сатып алуға кетті. 
Иіру  өндірісін  ашу  2012  жылдың  4  кварталында  фабриканың 
тұрақты  жұмыс  істеуіне  мүмкіндік  берді.  Кәсіпорынның  толық  циклды 
жұмыс  істеуі  шикізатты  тиімді  пайдалануға,  нарықты  текстиль 
өнеркәсібінің  бұйымдарымен  қамтамасыз  етуге,  қосымша  жұмыс 
орындарын ашуға және Еуропаға иірімжіпті және ТОПС-ты сату бойынша 
жаңа  нарық  ашуға  мүмкіндік  берді.  Болашақта  ЖШС  «Фабрика  ПОШ 
Тараз»  тоқымашылық,  трикотаж,  бояу-өңдеу  өндірістерін  ашуды 
жоспарлап отыр. 
 
  
 



 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   150




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет