Маханбеталиева к. Т., Мухамеджанова с. Н


-сурет. МС машинасындағы ілмекқалыптастыру сызбасы



Pdf көрінісі
бет93/150
Дата30.04.2022
өлшемі3,7 Mb.
#32911
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   150
32-сурет. МС машинасындағы ілмекқалыптастыру сызбасы 
 
3.8. Негіздеп тоқу машинасы. Сурет механизмі. 
Негіз жіпті беру механизмі 
 
Негіздеп  тоқылған  трикотаж,  жіп  тізбеорауышында  орналасқан 
жүйелерден  негіздеп  тоқу  машиналарында  өндіріледі.  Көптеген 
өрімдердегі  ілмекті  қатардағы  ілмектер  саны,  негізгі  жіптер  санына  тең 
болады.  Иілмелі  трикотажбен  салыстырғанда,  мұнда  әрбір  негізгі  жіп 
төселеді  және  сол  бір  инеде  немесе  көрші  инелерде  ілмек  тоқылады. 


103 
 
Негіздеп тоқу машиналары ілгекті және тілшелі инелі болып келуі мүмкін. 
Мұнда  жоғары  класты  ілгекті  және  саңылаулы  инелері  бар  машиналар 
қарастырылады. Бұл машиналар көбінесе іш-киім трикотаждарын тоқуда 
қолданылады. 
Негіздеп  тоқу  машинасының  ілмекқалыптастыру  бөлшектеріне:  
ілгекті ине 1, платина 2, көзше 3 және пресс 4 жатады (33,а-сурет). Инелер 
инешекке  салыстырмалы  түрде  қозғалыссыз  болып  келеді  және 
инешекпен бірге тоқу механизмінде бір тізбек түрінде орналасады. Басқа 
да ілмекқалыптастыру бөлшектері осыған ұқсас жұмыс істейді. Мысалы: 
көзшелі тарақшада орналасқан көзшелер.  
Ілмекқалыптастыру  процесі  –  тоқу.  33-суретте  негіздеп  тоқу 
машиналарындағы  ілмекқалыптастыру  процесстеріне  сипаттас  жеке 
операциялар  белгіленген.  Тоқу  әдісімен  орындалатын,  жоғарыда 
қарастырылған  ілмекқалыптастыру  процестерінен  айырмашылығы,  екі 
кезеңмен орындалынатын бекіту операциясында. Жаңа ілмектің тоқылуы, 
бірінші  бекіту  операциясынан  басталады,  яғни  иненің  бастапқы 
жағдайынан  алғашқы  рет  көтерілуі.  Бекіту  кезінде  ескі  ілмек,  платина 
мұрыншасы арқылы ұсталынып қалады. Жіптің төселуі, инелер арасында 
қозғалатын көзшелер арқылы жүзеге асырылады. 
Машинаның  ішіндегі  ілгек  жазықтығындағы  инешектің  көлденең 
жазуы, бірінші бекіту операциясымен бірге басталады. 
Инелерге  жіптің  төселуі  кезінде  инелердің  ілгектері  алдындағы 
инешектің  бойымен  көзшелі  тарақшалардың  жылжуы  немесе  қозғалуы, 
ілгек  кеңістігінен  көзшелердің  шыққаннан  кейін  жүзеге  асырылады. 
Жіптердің төселуі қайтымды жазудан кейін аяқталады. 
Бірінші бекіту операциясынан кейін төселу операциясының аяғында 
төменгі  тізбеорауыштың  жібі,  ілгектің  дөңесінен  жоғары  болып  кетпеу 
керек. Тек осындай шартта ғана, қосымша көтерілу кезінде иненің өзегіне 
ілгектен  жіптің  еркін  шығуы  кезінде  ғана,  екінші  бекіту  операциясы 
орындалады. 
Ілмекқалыптастыру  процесін  қарастыра  отырып,  престелінген 
ілгектерге  ескі  ілмекті  келтіру  операциясының  ерекшеліктерін  атап 
көрсету керек. Ал қалған операциялар, басқа машиналарда оқып үйренген 
операцияларға ұқсас болып келеді. 
Негіздеп тоқу машиналарында инелерге ескі ілмектердің келтірілуі, 
машинаның  ішіндегі  платинаның  бір  мезгілдегі  қозғалысымен  және 
иненің  түсірілуімен  орындалады.  Платиналар  өздерінің  иілмелі 
беттерімен,  ілмектің  алғашқы  келтірілуін  жүзеге  асыра  отырып,  ескі 
ілмекті көтереді, ал төмен түсетін ине, келтіру операциясын аяқтайды. 
 


104 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   150




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет