Маханбеталиева к. Т., Мухамеджанова с. Н


 Бірфонтурлы шеңберлі трикотажды және шеңберлі тоқу



Pdf көрінісі
бет90/150
Дата30.04.2022
өлшемі3,7 Mb.
#32911
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   150
 
3.7. Бірфонтурлы шеңберлі трикотажды және шеңберлі тоқу 
машиналары 
 
Тегіс  және  суретті  өрімді  иілмелі  трикотаж  бір  және  екіфонтурлы 
машиналарда  тоқылады.  Трикотаж  өндірістерінде  орнатылатын, 
инешектерге  салыстырмалы  түрде  қозғалмайтын  инелері  бар  шеңберлі 
трикотажды  машиналар,  негізінде  іш-киім  және  сыртқы  трикотаждарды 
және техникалық жаймаларды тоқуға қолданады. Мұндай машиналардың 
тоқу 
жылдамдығы 
жоғары, 
машинаның 
толығымен 
және 
ілмекқалыптастыру  бөлшектерінің  салыстырмалы  қарапайым  құрылымы 
болады. Машиналардың техникалық сипаттамасы 7-кестеде көрсетілген. 
Өз  елімізде  шығарылған  жетілдірілген  машиналардың  бірі  КТ-3 
машинасы  болып  табылады.  Бұл  машина  тоқу  тұрақтылығымен,  жоғары 
дәрежеде автоматтандырылғанымен, ыңғайлы және бірыңғайландырылған 
жетегімен 
ерекшеленеді. 
Ілмекқалыптастыру 
бөлшектері 
құрылғыларының,  олардың  өзара  орналасулары  КТ  типтес  барлық 
машиналарда бірдей болып келеді.  
Машинада  ілмекқалыптастыру  процесі  трикотажды  әдіспен  жүзеге 
асырылады. 
КТ  типтес  шеңберлі  трикотажды  машиналарда  футерлі  өрім 
негізінде тоқылатын ұйпа жаймалар алынады. Футерлі өрім класстарына, 
құрылымында ілмектер, нобайлар және созылмалар бар трикотаж өрімдері 
жатады.  Нобайлар  мен  созылмалар  қосымша  жіптердің  кесіндісі  болып 
табылады.  Ал  қосымша  жіптер  ілмек  жасамайды,  тек  грунт  ілмектерінің 
барлық немесе бірнеше ілмектерінің созылмаларымен айқасады.  
 


100 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   150




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет