Маханбетова күНСҰлу нұраддинқызы



бет4/46
Дата07.04.2022
өлшемі368,58 Kb.
#30253
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46
Байланысты:
Қазақ тілі білімінде лексикалық семантиканың зерттелуі, сөз мағынасын оқыту

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ................................................................................87

КІРІСПЕ


Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Қазақ тіл білімі еліміз тәуелсіз ел болғалы, қарыштап дамып жатқаны байқалады. Әсіресе, соңғы кездегі карқынды дамып жатқан лингвомәдениеттану, коммуникативті лингвистика, когнитивті лингвистика, генетикалық лингвистика т.б. ғылымдардың мәселелері қазақ тіл білімінде де жаппай зерттелуде. Дей тұрғанмен, казақ тіл біліміндегі семантика ғылымы, оның түрлері, семантиканың философия, логика, семиотика, психолингвистика, когнитивті лингвистика т.б. ғылымдармен байланысы, семантиканың тарихы т.б. әлі өз деңгейінде зерттелмей отыр. Бұл мәселелер тек қазақ тіл білімінде ғана емес, жалпы түркітануда әлі де толық қолға алынбай келе жатқандығын түркітанушы ғалымдар да мойындайды.

Зерттеу жұмысында лексикалық семантика мәселелері жаңаша тұрғыдан сөз болады. Жалпы семантика ғылымының бір саласы лексикалық семантика аясында сөз және оның мағынасы, лексикалық мағынаның құрылымдық жүйесі, тіл мен ойлау мәселесі т.б. көптеген жайлар қазақ тіл білімінде соңғы кезде ғана қолға алынуда. Бұлар тіл білімінде өзінің жаңа әрі тың мәселе болуымен қатар, ғылыми тереңдігімен де сипатталады. Лексикалық семантикада қарастырылатын ұғым, сөз, мағына табиғаты, олардың ерекшеліктері мен өзара қатынасы туралы зерттеулердің аздығы бұл мәселеге тереңдей тоқталуды қажет етеді.Сондықтанда диссертацияның алғашқы тарауында мәселенің қазіргі тіл білімінде зерттелу жайына, зерттелу бағыттарына талдау жасай отырып, келесі тарауда тақырыптың жаңаша тұрғыдан зерттелу мүмкіндіктерін ашуды көздедік. Бұл ретте тілдік негіздер теориясына сүйенеміз. Бүгінгі тілдегі сөздердің семантикалық табиғатын зерттеудің бұл жаңа бағыты сөздің бүгінгі тілдегі мағыналық қолданыстарын емес, осы мағыналардың шығу, пайда болу тегіндегі логика-философиялық мәселелерді қозғайтын болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет