Маханбетова күНСҰлу нұраддинқызы


ІІ. СӨЗ СЕМАНТИКАСЫ ТІЛДІК НЕГІЗДЕР ТЕОРИЯСЫ ТҰРҒЫСЫНАН



бет17/46
Дата07.04.2022
өлшемі368,58 Kb.
#30253
түріДиссертация
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   46
Байланысты:
Қазақ тілі білімінде лексикалық семантиканың зерттелуі, сөз мағынасын оқыту

ІІ. СӨЗ СЕМАНТИКАСЫ ТІЛДІК НЕГІЗДЕР ТЕОРИЯСЫ ТҰРҒЫСЫНАН
2.1 Семантикалық үшбұрыш және генетикалық ромб
Философия, логика, тіл білімі ғылымы салаларының іргетасы сонау антика дәуірі философтарының «затқа атау беру» теориясынан бастау алғаны мәлім. Сол ерте кезден бері ғұлама ғалымдар, атақты зерттеушілер сөздің материалдық және идеалдық жақтарының шығу негіздерін зерттеумен келе жатыр. Бірақ бұл бағыттағы ізденістер бүгінгі күнге дейін оң нәтиже берді деп айта қою қиын.

Тіл білімінде сөздің табиғатын анықтауда негізгі жайлардың бетін ашуға септігі тиеді деген мақсатта «Семантикалық үш бұрыш» түсінігі қалыптасқан (1-сурет). Бұл терминді алғаш рет ғылымға қосқан 1927 жылы «Значение значения. Исследование влияния языка на мышление и научный символизм» деген еңбегінде американдық ғалымдар К.Огден мен И.Ричардс болды. Содан бастап басқа ғалымдар да сөз табиғатын геометриялық фигуралар арқылы анықтаудың алуан жолдарын ұсынып келеді. Дегенмен негізгі мәселелер әлі де жабық күйінде қалып келеді 31. 18 б, - дейді Ш.Бекмағамбетов. Ғалымның пікірінше, көрсетіліп отырған семантикалық үшбұрыш теориясындағы сөз табиғатының толық ашылмауы лингвистика ғылымында көптеген қателіктер мен қисынсыз пікірлерге алып келеді.



1-сызба


К.Огден мен И.Ричардстың ұсынған семантикалық үшбұрышы
Семантикалық үшбұрыштың әр бұрышының өзіндік атауы бар. Сонымен қатар, семантикалық үшбұрышты құрайтын элеметтерді әр ғалым әр басқа түсініп, әр түрлы атады. Мысалы, Огден мен Ричардстың семантикалық үшбұрышының В бұрышы – ой, ал А бұрышы – символ деп белгіленсе, даниялық Г.Стерн бұны сәл басқашалау түсіндіреді де, В бұрышына – ұғым, А бұрышына – сөз деген атау берді. Семантикалық үшбұрыштың бұрыштарының атаулары әр қилы және бір-бірімен сәйкес келмеуі  сөздің семантикалық және материалдық құрылымын әлі де болса тереңінен қарастырып, жан-жақты зерттеуді қажет ететінін көрсетеді.

Қазақ тілінің семантикасын зерттеген М.Оразов кеңестік тіл білімі ғалымдарының ішінде К.А.Аллендорфтың ұсынған семантикалық үшбұрышын басқа ғалымдардың тұжырымдарынан өзгеше деп көрсетіп, лингвистикада ұсылынып келген ғалымдар көзқарасын үшке бөледі:

1. Шет ел традициялық семантикалық үшбұрышы

2. Шет елдер функциолналды семантикалық үшбұрышы

3. К.А.Аллендорфтың сызған семантикалық үшбұрышы 32.72б

Шет елдер традициялық мектебінің семасиологтары және шет елдер функционалды семантика өкілдері семантикалық үшбұрыштың қызметін түсіндіруді В бұрышынан бастайды да, оны басқа бұрыштармен байланыстырады. Екінші сөзбен айтқанда, традициялық семасиологтар (1-сурет) ұғым (В) дыбыспен (А) байланысады және ұғым (В) денотатпен де (Д) байланысады, бірақ (А) сөз бен (Д) денотат тікелей байланысқа түспейді. Егер байланыс болатын болса, онда ол – жанама байланыс, ұғым арқылы өтетін байланыс болмақ деген көзқарасты ұстанады. Сондай-ақ, бұл топтың яғни дәстүрлі (традициялық) топтың өкілдері ұғымнан (В) денотатқа (Д) бағытталған бір жақты байланыс бар деп көрсетеді. Мұндай түсінік бойынша, адам санасында ұғымның пайда болуына денотат (зат) ешқандай әсерін тигізбейді деген көзқарас қалыптасады. Әрине, бұл көзқараспен келісу қиын. Егер сөз атауы өзі атап тұрған затпен ешбір байланыссыз болады деген қисынға құлақ қояр болсақ, онда бұл көзқарас тілдің пайда болуының кездейсоқ екендігі, сөз дегеніміз өзі атау болып тұрған затпен еш байланыссыз, тек оның шартты, келісілген, кездейсоқ қалыптасқан алмастырушысы ғана екендігі көрінеді. Әрине, қисынсыз көзқарас, бірақ қазіргі тіл білімі осындай көзқарасты ұстанып отыр. Бұл туралы идея авторы аталған еңбегінде жан-жақты тоқталған [33. 19-20 бб].

Ал, функционалды семантика өкілдері тіпті сөз мағынасында денотаттық мағына элементтерінің болмайтындығын көрсетеді. Олар сөздердің мағынасын сөйлем құрамындағы сөздердің ара қатынасынан не лексико-семантикалық топтағы сөздердің орнына қарай анықтауды ұсынады. Сонымен қатар (В) ұғым мен (Д) денотат арасында тіпті байланыс болмайды деп түсіндіреді. Сондықтан бұл топтың өкілдері ұсынған семантикалық үшбұрышта байланыс (В) ұғымнан басталып сөзге, одан ұғымға қайта келеді. Бұл пікірге М.Оразов : «Сөз мағынасының денотатпен байланысы жоқ деген тезисті қабылдау мүмкін емес» 32. 73 б,- деп қарсы ойын білдірді.

Жоғарыдағы ғалымдардың пікірлеріндегі семантикалық үшбұрыштар элементтерінің байланысуы нақты емес. Екі топтың өкілдері де (В) ұғым мен (А) сөздің байланыстары екі жақты болады деп көрсеткен. Яғни ұғым сөзбен байланысады да, керісінше сөз де ұғыммен байланысқа түседі дейді. Мұндай қате көзқарасқа Ш.Бекмағанбетов мынадай пікір айтады: «Мұндағы байланыстар екіжақты болмайды. Байланыс біржақты және себеп-салдарлық байланыста болуы керек» 31. 21 б. Яғни, ол – логикалық ұғымнан дыбыстық материалға бағытталған байланыс. Бұған дейін ұсынылып келген семантикалық үшбұрыштардың байланысу негізін (В) ұғымнан бастауды жөн көрген болатын. Ғалымның пікірінше, адам санасындағы ұғымның пайда болу негізі ең бірінші денотаттан басталады.

Ч.К. Огден и И.А. Ричардстың семантикалық үш бұрышынан бастау алған басқа да көптеген ғалымдар сөз табиғатын анықтауда түрлі фигуралармен түсіндіруге тырысты. Мысалы, И.А.Новиковтың трапециясы, Г.П. Мельниковтың төрт бұрышы т.б. Сөз мағынасын үш бұрыштан басқа геометриялық фигуралармен көрсеткен – А.А. Новиков болды. Ол трапеция түрінде анықтауды ұсынды.

Мағына Ұғым

Таңба Зат
4-сурет

А.А. Новиков трапециясы


Бұл берілген схеманың әр бұрышы өз алдына дербес деп есептелінеді. Семантикалық үшбұрышты талдау жасаған ғалымдардың көпшілігі В бұрышына мағына мен ұғымды қатар орналастырған. Ал трапециялық фигурада мағына мен ұғым екеуі ажыратылып, жеке-жеке көрсетілген. Сонымен, айтылған ой-пікірлерді сарапқа салсақ, ең ежелгі сөздің қалай шыққандығы, сөзге атау қалай берілгенін туралы мәселенің әлі де шешілмей тұрғанын байқаймыз.

Тілдік негіздер теориясында автор осы кезге дейін ұсынылып келген (В) «ұғым» бұрышының мәнін «логикалық ұғым» терминіне алмастырып, сөздің пайда болуына негіз болған алғашқы ұғым – логикалық ұғым деп түсіндіреді. Ұғымның пайда болуы – санадағы құбылыс. Алғашқыда негізгі ұғымдардың пайда болуында көз қызметі ерекше орын алған. Онда ұғым пайда болуының негізінде объект – денотат тұрады. Ол – қозғаушы, сана әрекетін қоздырушы күш. Егер зат (құбылыс) болмаса оның санадағы сәулесі, яки бейне жоқ. Сондықтан да профессор А.Салқынбайдың: «Зат пен сөз мағынасы арасындағы сабақтас байланыстылық, біздіңше, ұғым арқылы жалғасады. Ұғымдық белгілер арқылы мағына жасалады. Табиғат пен әлем бейнесінің адам санасында бейнеленуі ұғымды қалыптастырады. Ұғым арқылы таңбаға мағына беріледі. Мағына ұғымның нақ өзі деуге де болмайды, оның абстракцияланған, ұқсатылған, ассоциацияға түсірілген бейнесі мағына болады» 34. 58 б,- пікірін келтіруге болады.

Қазіргі тіл білімінде (В) ұғым түсінігі тек заттық ұғым ретінде анықталады. Сонымен, алғашқы тілдік негіздер логикалық ұғыммен байланысты болатынын ескердік. Логикалық ұғым – адам санасында тарихқа дейінгі кезеңде қалыптасты. Автор алғашқы логикалық ұғымдардың – Ғаламтанымдық сипатта болғанын айтады.

Егер тілдің алғашқы сөзжасамдық негізін генетикалық тұрғыда қарастырсақ, қазіргі кездегі сөз бен денотат арасында тікелей байланыс жоқ екенін көреміз. Мұны түсіну үшін ғалым ұсынған тілдік таным жүйесін (5-сурет) пайдалануымыз керек. Мұнда ГС – типінде жасалған әмбебап, барша тілдерге ортақ тілдік негіздердің белгілі бір ретпен орналасқан жүйесін көреміз.



5-Сызба. «Тілдік таным жүйесі»
Тілдік негіз элементтер : уп, уқ, ул, ус, ур, ут, ун. Бұл жеті түрді негіз етістік адам баласының ғаламтанымдық ойлауынан пайда болған логикалық ұғымдарды бейнелейді. Мұндағы әр тілдік негіз өзінің алуан түрлі туыстық варианттарымен өзгере алады. Төменде уп тілдік негізінің дыбыстық варианттары берілген.


 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет