Қазақ тіліндегі сөздер түбір сөздер және сөздің грамматикалық формалары болып
үлкен екі топқа бөлінеді” [3, 10 б.], – деи келе, қосымшаларды сөз тудырушы және форма
тудырушы қосымшаларға жіктеп көрсетеді. Ғалымның пікірінше, “Сөи лемде
грамматикалық формалармен түрленетін толық мағыналы атауыш сөздер тек қана екі
түрде: не түбір сөз түрінде, не грамматикалық формада қолданылады. Былаи ша
аи тқанда, қазақ тіліндегі қосымшалар жалғанған сөздер не тілдің сөздік құрамына
енетін туынды түбір сөз (лексикалық бүтін), не белгілі бір сөз табына тән
грамматикалық форма болып қалыптасады. ...Қазақ тіліндегі қосымшаларды тілдік
материалдарға сәи кес, сөз тудырушы және форма тудырушы деп екі топқа бөліп қарау
арқылы ғана сөздің морфологиялық құрылымын лингвистикалық тұрғыдан дұрыс
тануға болады” [3, 48].
С.Исаев қосымшаларды осы негізде бөліп көрсеткен. Ғалым еңбегінде қосымшаларды
осы үлгіде жіктеуде өзгешелік кездеседі. Ол сөзжасам қосымшаларының бір тармағы етіп
– функциялық қосымшалар деген бөлікті қосады. Бұл қосымшалар – -дай, -дей, -ша, -ше, -
сыз, -сіз, -ғы, -гіқосымшалары. Ғалым бұл қосымшаларды жаңа сөз де тудырмаи тын,
форма да тудырмаи тын, контексте ғана өмір сүретін сөзжасам қосымшаларының ерекше
қолданысы деп атаи ды [28, 226 б.].
Ы.Е.Мамановтың жетекшілігімен шәкірті Қ.Шаяхметов “Екі функциялы аффикстер”
тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады]. Зерттеуші қазақ тіліндегі сөз де
тудыратын, жаңа сөз жасамаи , сөздің грамматикалық формасын да тудыратын бір топ
қосымшаларды зерттеу нысаны етіп, олардың қос қызметті функциясын анықтаи ды. Ол
қосымшаларды жеке-жеке өз алдына тақырыпша етіп қарастырады. Қ.Шаяхметов -дай, -
дей, -ша, -ше, -сыз, -сіз, -лы, -лі, -ғы, -гі, -лық, -лік, -шы, -ші аффикстерін екі функциялы
аффиктер деп, олардың сөзжасамдық, форма тудырушылық қызметтерін санамалап
көрсетеді [32].
Ә.Төлеуов жоғарыда аталған қосымшалардың таза сөзжасамдық қосымшалардан
өзгеше қолданыстары барын атап көрсетеді. Монографиялық еңбегінде аталған
қосымшалардың орын тәртібінен ауытқитынын аи тады. Ғалым: “Жалпы ереже бои ынша
көптік жалғау жұрнақтан соң жалғану керек болса да, кеи бір жұрнақтың көптік
жалғаудан бұрын келетін орындары бар. Мысалы, -сыз, -сіз, -ша, -ше, -дай, -
дей жұрнақтары көптік жалғаудан бұрын да, соң да жалғана береді: баласыздар –
балаларсыз, тілшісіздер – тілшілерсіздер, балаларша, сендерше, үлкендерше,
білетіндерше, біздейлер, біздердей т.б. Сондаи -ақ жоғарғы -дай морфемасы көбінесе
жалқы есім мен жіктеу есімдіктерінен соң жалғанып тұр. Көптік жалғаудан бұрын
түбірмен тетелес жұрнақ жалғанса, онда жалғанып тұрған сөзінің көптігін көрсетеді де,
егер жұрнақтан кеи ін көптік жалғауы жалғанса, онда сол затқа ұқсас, қасындағы басқа
заттардың көптігін білдіреді [33].
Н.Оралбаева сөз құрамында жалғаудан кеи ін жалғана алатын аффикстерге -даи , -дей, -
сыз, -сіз, -ғы, -гі, -ша, -ше, -шы, -ші жұрнақтарын жатқызып, “мұндаи белгілі бір
грамматикалық формадағы сөздің туынды түбірдің жасалуына негіз болуы тілдегі сирек
құбылыс, ол тіліміздің заңдылығына жатпаи ды” деген пікір аи тады. Оған мынадаи
сөздерді атаи ды: анамдай, балаларсыз, үйдегі, қаладағы т.б. -Шы, -ші жұрнағының бұл
аффикстерге ұқсастығы да, аи ырмашылығы да бірдеи екенін аи тып, ұқсастығына
сөзге
жалғаудан кеи ін жалғануын
, аи ырмашылығына туынды түбір жасамаи , сөз
түрлендіруші жұрнаққа жататынына мысал келтіреді (келсінші, келіңдерші т.б.); бұи рық
раи дағы етістікке жалғанып, оған өтініш реңін қосады да, бұи рық раи дан кеи ін келетін
жіктік жалғаудың соңында тұрады; шартты раи жұрнағынан кеи ін келген жіктік
жалғауының соңынан жалғанады (келсеңдерші) [37].
Достарыңызбен бөлісу: |