Білу: Маңызды деректерді еске түсіріп, көп нүктенің орнын толтыр. 1)Ол кезде балгер болған ........................ Айтқаны келеді деп қылады аңыз. 2) Мұан кейін азырақ заман өтті............. Кебек батыр құс алып аңға кетті. 3) Өз әлімше сынадым мен сені............. Еңлік неліктен сырын жасырмай айтты? 4) Ер Кебек тыным алып үйде жатпай....................................................... Еңлік пен Кебектің қашып кетуіне не түрткі болды? 5) Екеуінің махаббатына қарсы болу рубасыларына не үшін керек болды? 6) Дастандағы алғашқы талас – тартыстың шығу төркіні неде? 7) Екі жастың өліміне кім кінәлі»
Түсіну: Поэмадағы негізгі ойды «Шежіре ағашына» түсір. Тәртібі: -«Тамырларына» алынған мәселенің негізгі себептері жазылады. -«Діңгегіне»-проблема (өзекті мәселе); -«Бұтақтарына» салдарлар жазылады. 2.2. Ертегідегі өлең сөздердің поэтикалық күшін «Цицерон» сызбасында көрсет. Қолдану:
Поэманың мазмұнын жетекшілікке алып, талдау жаса.
Талдау:
Дастандағы кейіпкерлерге тура және жанама мінездеме жазу.
Жинақтау:
Еңлік – Кебек» - бақытқа жету үшін күрескен ғашықтардың тағдыры тақырыбында ой-толғау жазу.
Бағалау:
Поэмадағы салт – дәстүрлердің бүгінгі күндегі қолданысы қандай? Бүгінгі жастардың шаңырақ құруына салт – дәстүрлер қалай әсер етеді? Салыстырмалы талдау жүргізіп, өз бағаларыңды беріңдер.