Макроэкономика


Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді кезеңдегі жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың тепе-теңдігі



бет17/85
Дата11.04.2022
өлшемі6,97 Mb.
#30573
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   85
Байланысты:
treatise137692

2.3 Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді кезеңдегі жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың тепе-теңдігі
Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс қисықтарын бір диаграммада орналастырып, AD-AS графиктік моделін шығаруға болады. Мұндағы қалыптасатын үш жағдай жиынтық ұсыныстың классикалық, кейнстің қалыпты және кейнстің шекті тәсілдеме­леріне сәйкес келеді.

Әрбір жағдайда макроэкономикалық тепе-теңдік AD және AS қисықтарының қиылысу нүктесімен анықталады. Бұл қиылысу нүктесі әрқашан да нарықтағы тепе-теңдік бағаны көрсетеді.



Классикалық жағдайда AD қисығының оңға-жоғары жыл­жуы қалыптасқан бағалар деңгейінде артық сұранысты тудырады. Содан кейінгі бағалар деңгейінің өсуі w/P нақты жалақының төмендеуіне әкеліп соғады, нәтижесінде еңбекке сұраныс оның ұсынысынан артып кетеді. Жалақы икемді болғандықтан, оның өсуінің арқасында еңбек нарығында тепе-теңдік жылдам қалпына келеді. Демек, жаңа тепе-теңдік жағдай жоғарылаған бағалар деңгейі шартында AS тік сызығы мен AD жаңа қисығының қиылысуымен анықталады (2.14-сурет).

2.14-сурет. Классикалық жағдайдағы AD-AS моделі
Кейнстің жағдайында атаулы жалақы икемсіз болғанда, жиынтық сұраныстың артуымен бірге бағалардың өсуі байқалады. Тіркелген w атаулы жалақы шартында w/P нақты жалақы төмендейді. Тым төмен жалақы фирмаларға көбірек жұмысшыларды жалдауға, нәтижесінде, шығарылымды ұлғайтуға мүмкіндік береді. Сондықтан экономикада бағалар деңгейінің де, шығарылымның да өсуі байқалады (2.15-сурет).

2.15-сурет. Кейнстің қалыпты жағдайындағы AD-AS моделі



Кейнстің шектік жағдайында жиынтық сұраныстың артуы бағалар деңгейін өзгертпейді (өйткені бағалар өте икемсіз), ал шығарылым деңгейін арттырады. Нәтижесінде, қысқа мерзім аралығында тұрақты бағалар шартында экономикада өндірістің өсуі байқалады (2.16-сурет).

2.16-сурет. Кейнстің шектік жағдайындағы AD-AS моделі
Классикалық жағдай ұзақ мерзімді кезеңге, ал кейнстің жағдайы қысқа мерзімді кезеңге сәйкес келеді.

А нүктесі – экономикадағы толық жұмысбастылық кезіндегі тепе-теңдік нүктесі болсын (2.17-сурет). Жиынтық сұраныс азай­ғанда AD1 қисығы AD2 қисығына дейін жылжиды. Нәтижесінде, өндіріс азаяды да, шығарылым Y0–ден Y’ дейін азаяды, ал жұмыс­сыздық өседі. Аздап бағалар деңгейі P0–ден P’ дейін төмендейді. Диаграммада экономика В нүктесіне ауысады.



Өндіріс көлемі азайғандықтан, w атаулы жалақының төмен­деуі орын алады. Оның себебі: амалсыз демалыстар, қысқартылған жұмыс күндерінің пайда болуы, сыйақының жойылуы. Бірақ атаулы жалақы кемеуілдеп төмендейді.

2.17 сурет. Қысқа және ұзақ мерзімді кезеңдердегі AD-AS
W атаулы жалақы төмендеген сайын w/P нақты жалақы да азаяды. Фирмаларға көбірек жұмысшылар жалдауға тиімдірек болады, жиынтық ұсыныс артады да, AS қисығы оңға жылжиды. Шығарылым бастапқы Ү0 деңгейіне оралғанға дейін бұл тенденция сақталады. Жиынтық ұсыныс қисығы AS1–ден AS2 жағдайына ауысады. Экономика АВС жолынан өтеді.

Сонымен, ұзақ мерзімді кезеңде тұрақты шығарылым шартында бағалар деңгейінің төмендеуі орын алады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет