Макроэкономика



бет16/85
Дата11.04.2022
өлшемі6,97 Mb.
#30573
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   85
Байланысты:
treatise137692

2.2 Жиынтық ұсыныс
2.2.1 Жиынтық ұсыныс қисығын құру
Жиынтық ұсыныс (AS) – бұл бағалар деңгейі мен бағалардың әр деңгейінде өндірушілер сатуға дайын жиынтық өндірістің нақты көлемі арасындағы байланысты көрсететін модель. Яғни, фирмалар мен үй шаруашылықтарының таңдаған жиынтық өнім көлемінің экономикадағы қалыптасқан бағалар мен жалақы құрылымына тәуелділігін көрсетеді. Ол баға деңгейі мен нақты ұлттық өнім көлемінің арасындағы тікелей тәуелділікті көрсетеді.

Жиынтық ұсыныс AS қисығымен сипатталады.



Микроэкономикада S ұсыныс қисығы оң көлбеулі, яғни бағалар өскен сайын өндірушілер осы тауар өндірісін ұлғайтады. Макроэкономикада жиынтық ұсыныс қисығы кішкене ерекше­лінеді. Бұндай өзгеріс бүкіл экономика масштабында үш түрлі жағдай, яғни толық емес жұмысбастылық жағдай; толық жұмысбас­тылыққа жақын жағдай; және толық жұмысбастылық жағдайы қалыптасуына байланысты болады. AS қисығында үш бөлікті бөліп көрсетуге болады:

  • көлденең немесе кейнсиандық;

  • өрлеуші, аралық немесе кейнстің қалыпты жағдайы;

  • тік немесе классикалық.


2.4-сурет. AS қисығының бөліктері
Кейнстің шекті (көлденең) жағдайы экономикадағы жұмыс­сыздық жағдайы мен өндіріс факторлары толығымен қолда­нылмағандығымен сипатталады. Өндіріс процесіне қосылмаған өндіріс күштері, шикізат және жұмыс күші бар. Өндірісі көлемінің өсуіне байланысты бос өндіріс факторлары, нарықтағы бағаларға әсер етпей, өндіріске қосыла бастайды. Бұндай жағдай ЖІӨ-нің белгілі-бір деңгейіне дейін (суреттегі Ү1-ге дейін) сақталады. Мұнда бір бірлік өнім көлемін шығынсыз және баға деңгейін көтеру арқылы өндіріс көлемін кеңейтуге болады.

Кейнстің қалыпты жағдайында бос өндіріс факторлары­ның өндіріске кірісуі байқалады. Оларды өндіріске қосу шығын­дарды ұлғайтады, бұл өз кезегінде өнім бағасына әсер етеді. Тауарлар мен қызметтерге деген бағаның біртіндеп өсуі байқалады. Мұнда тиімділігі төмен құрал-жабдықтар қолданылады және біліктілігі төмен жұмысшылар тартылады. Сондықтан өндіріс бұрынғыдай жылдам өспейді. Сонымен қатар бір бірлік өнімді өндіруге шығындар көбейеді. Ал өндіріс көлемі кеңею үшін баға деңгейі жоғары болу керек.

Классикалық (тігінен) жағдай экономикада толық қам­тылуды көрсетеді. Нақты ұлттық өнім көлемі ең жоғарғы макси­малды деңгейде болады, яғни оны көбейтуге болмайды. Ал жауап ретінде жиынтық сұраныстың көбеюінен баға деңгейі көтеріледі.

AS қисығы бағадан тыс факторлардың әсерінен (оңға немесе солға қозғалуы) өз қалпын өзгерте алады. Ол мына жағдайларда:


  1. Ресурстар бағасының өзгеруі:

а) қолда бар ішкі ресурстардың;

б) импорттық ресурстардың;

в) нарықтағы.


  1. Өнімділіктің өзгеруі.

  2. Заңдық нормалардың өзгеруі:

а) салықтар және дотация;

б) мемлекеттік реттеу.

Осылайша, біз (2.15)-теңдеуімен сипатталатын, (2.13) еңбекке сұраныс функциясын, сондай-ақ (2.18) еңбек ұсынысын бейнелейтін жиынтық ұсыныс функциясын құрдық. Енді осы қаты­нас­тарды біріктіріп, нәтижелерді бағалар деңгейі мен өнім ұсыны­сының арасындағы байланысты сипаттайтын жиынтық ұсыныс қисығының көмегімен жинақтаймыз. Ең алдымен классикалық жағдайдан бастап, ал кейін кейнсиандық жағдайды қарастырамыз.

Жиынтық ұсыныстың классикалық тәсілдемесі шартында бағалардың кез келген деңгейі үшін номиналды жалақы абсолютті икемді болып табылады және де еңбек нарығында еңбекке сұраныс пен ұсынысты тепе-теңдік деңгейде ұстап қалу үшін өзгереді. Мұның арқасында, бағалар деңгейі өзгергенде, еңбек ұсынысы өзгеріссіз қалады. Басқаша айтқанда, нақты жалақы нарықты тепе-теңдікке әкелетін деңгейде анықталады. Еңбек әрқашан өзінің толық көлемінде жұмсалады, яғни еңбек нарығында нақты жалақының белгілі бір шамасының шартында фирма жұмысшының ұсынатын LS көлеміндей тура сондай LD еңбек санын жұмсайды. Классикалық жағдайға тән еңбек нарығының жағдайын график түрінде көрсетейік (2.11 сурет).

2.11ә-сурет еңбекке сұраныс пен ұсыныс қисықтарының қиылысу нүктесінде еңбек нарығының тепе-теңдік жағдайын бейнелейді. Бұл нүкте Lf белгісімен бейнеленген еңбектің тепе-теңдік деңгейін анықтайды, мұндағы f толық жұмысбастылық деңгейін білдіреді. Жалақының тепе-теңдік деңгейін (w/P)f құрайды. Lf белгілі шамасы кезінде 2.11а-суретте өндірістік функция толық жұмысбастылық кезінде Yf өнім көлемінің деңгейін анықтайды.



Жиынтық ұсыныс қисығын тұрғызу үшін (2.13), (2.15), (2.18) теңдеулерін қолдана отырып, P шамасын берілген деп алып, Y үшін теңдеуді шешейік. Содан кейін P байланысты Y қалайша өзгеретінін қарастырамыз.






    1. 2.11-сурет. Классикалық жағдай: (а) өндірістік функция;

    2. (ә) еңбек нарығындағы тепе-теңдік

Еңбек нарығында P өсуімен атаулы жалақының деңгейі өзгермегенде, сұраныстың артықшылығы пайда болады. Алайда жалақының абсолютті икемді деңгейінде оның номиналды шамасы нақты жалақының тепе-теңдік деңгейін (w/P)f қалпына келтіріп, бағалар деңгейінің өскен шамасымен өседі. Осылайша, нақты жалақы да, Lf жұмысбастылықтың тепе-теңдік деңгейі де өзгеріссіз қалады. Сонымен қатар бұл жағдайда өнім ұсынысы да өзгеріссіз қалады. Осылайша, еңбек нарығының тепе-теңдік жағдайымен анықталатын нақты жалақының деңгейінде классикалық модельде өнім көлемі еңбек сұранысы мен ұсынысы өзгеріссіз қалған жағдайда өзгермейді. Бағалардың кез келген деңгейі үшін экономикадағы жиынтық ұсыныс Yf – тұрақты шамасын құрайды. Нәтижесінде, жиынтық ұсыныс қисығы классикалық жағдайда тігінен орналасқан сызық болып табылады, ол 2.11б-суретте көрсетілген.



2.12-сурет. Кейнстің қалыпты жағдайындағы жиынтық ұсыныс функциясы және еңбек нарығы
Жұмыссыздықтың кейнстік моделі еңбек нарығындағы тепе-теңдікті қалпына келтіру үшін атаулы бағалар мен жалақы жылдам реттелмейтіндігі жайлы тезиске негізделген. Бұл модельдің классикалық жағдайдан айырмашылығы: мұнда нақты шамалардың емес, атаулы мәндердің қатаңдығы орын алады. Кейнстің моделінің түрлі типтері болады. Кейнстің өзі атаулы жалақының қатаңдығына аса назар аударған. Кейнстің қалыпты жағдайында w және P шама­лары тіркелген деп алынады. Фирманың жұмысшыларға төлей­тін атаулы жалақысын еңбек келісімінде деңгейінде тіркелген деп болжамдайық. Осы жалақының тіркелген шамасы кезінде фирма жұмысшылары ұсыныстың қажетті деңгейінен жоғары болатындай өз еңбегінің фирмаға қажетті санын ұсынуы қажет деп болжамдайық. Қарапайым кейнстік модель бойынша w тіркелген мәні кезінде w/P нақты жалақының деңгейі бағалар деңгейіне кері пропорционалды өзгереді.

Яғни P бағалар деңгейі өскен сайын нақты жалақы қысқа­рады да, еңбек шығындарының қажетті деңгейі өседі. Сондықтан да кейнстің қалыпты жағдайында жиынтық ұсыныс қисығы оң көлбеулі болады (2.12-сурет). 2.12б-суреттегі Pf - бұл толық жұмысбастылық деңгейінде орналасқан wf=(w/P)f жалақы кезіндегі бағалар деңгейі. Бұдан Pf-ке сәйкес келетін өндіріс көлемі Yf құрайды. P1


f кезінде (w/P)1>wf болады, яғни нақты жалақы тепе-теңдік деңгейден артық болады, ал өнім көлемі Y1 Yf–тен аз болады. Еңбек нарығында (2.12ә-сурет) еңбек ұсынысының көлемі (w/P)1 деңгейдегі нақты жалақы кезінде анықталған сұраныс деңгейінен артып түседі. Осындай еңбек ұсынысының артықшылығы суретте U1–мен белгіленген жұмыссыздық шамасына тең.

Кейнстік модельдің маңызды жеке жағдайының бірінде еңбектің шекті өнімі тұрақты болып табылады. Мәселен, өндірістік функцияны Y=aL түрінде берілген деп болжайық, мұндағы: a – еңбектің шекті өнімінің шамасын білдіретін тұрақты шама. Бұл жағдайда w/P>a болғанда фирмалардың еңбекке ешқандай сұра­нысы болмайды, ал егер w/P
2.13-сурет. Кейнстің шекті жағдайындағы жиынтық

ұсыныс функциясы


Осылайша, классикалық үлгі тек ұзақ мерзімдік талдауда ғана қолданылады. Ал кейнстің шекті жағдайындағы үлгі қысқа мерзімді кезеңді сипаттайды. Қысқа мерзімді кезеңде кейбір тауарларға баға икемсіз болады және олар сұраныстың өзгеруіне бейімделмеген. Яғни жалақы абсолютті икемсіз, еңбек нарығын­дағы тепе-теңдікті ұстап қалу үшін баяу өзгереді немесе мүлдем өзгермейді. Нәтижесінде баға деңгейі өзгермейді, ал еңбек ұсынысы өзгереді, яғни өндіретін өнім көлемі өзгеріп отырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет