Макроэкономика


IS-LM МОДЕЛІ ЖӘНЕ ЖИЫНТЫҚ СҰРАНЫС



бет46/85
Дата11.04.2022
өлшемі6,97 Mb.
#30573
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   85
Байланысты:
treatise137692

5 IS-LM МОДЕЛІ ЖӘНЕ ЖИЫНТЫҚ СҰРАНЫС
5.1 Тауарлар мен ақша нарықтарындағы тепе-теңдік: IS-LM моделі
Игілік нарығы түсінігінде қызмет көрсету мен тұтыну тауар­лары нарығы қарастырылады. Бұл тауарлар санаттары арасында кейбір ерекшеліктер бар, дегенмен олар өзара сұраныспен ғана шарттасып тұр, өйткені тұтыну мен инвестицияланған тауар­ларға деген сұраныстың болуы әртүрлі айнымалы шамаларға байланысты. Тұтыну тауарларына сұраныс негізінен табысқа байланысты, ал инвестициялық тауарлар пайыздық мөлшерлемемен байланысты болады. Бірақ бұл айырмашылықтар үстіртін қарас­тырылған, өйткені тұтыну мен инвестицияланған тауарлар нарығын бір-бірінен шектеу үшін, олардың салыстырмалы бағаларын білу керек. IS-LM моделінде экономикалық тепе-теңдік – ол IS және LM қисықтарының қиылысатын нүктесінде орын алады. Осы нүктеде пайыздық мөлшерлеме мен пайданың мөлшерін анықтап, тауар нарығының тепе-теңдігі мен ақша нарығының тепе-теңдігін қанағаттандырады. Басқаша айтқанда, екі қисықтың қиылысу нүктесінде нақты шығындар жоспарланған шығындарға тең және ол нақты ақша сұранысының қаражаттары ұсынысқа тең екендігін көрсетеді.

IS-LM үлгісі (инвестиция – қор жинағы, ұнамды өтімділік - ақша) – жиынтық сұраныс функциясын анықтау үшін қажетті, экономикалық факторды айқындайтын тауар-ақша тепе-теңдігінің үлгісі. IS – тауар нарығындағы, ал LM – ақша нарығындағы тепе-теңдіктің үлгісін анықтайды. Сонымен, IS–LM үлгісі екі нарықта да тепе-теңдікті орнатады. Оның теңдеулері келесідей:



  1. Y = C+I+G+Xn – негізігі макроэкономикалық тепе-теңдік.

  2. C = a + b(Y – T) – тұтыну функциясы;

  3. I = e – d×i – инвестиция функциясы;

  4. Xn = g – m×Y – n×i – таза экспорт функциясы.

  5. – ақшаға сұраныс функциясы.

Үлгінің ішкі айнымалылары: Ү – табыс, С – тұтыну, І – инвестиция, Хn – таза экспорт, i – пайыздық мөлшерлеме.

Үлгінің сыртқы айнымалылары: G – мемлекеттік шығындар, MS – ақша ұсынысы, T – салық мөлшерлемесі.

Эмпирикалық коэффициенттер: (a, b, e, d, g m, n, k, h) оң мәнді және, салыстырмалы түрде қарағанда, тұрақты.

IS қисығы жатықтау болады келесі шарт орындалса:



  1. (d) инвестициялар мен (n) таза экспорттың сезімталдығы пайыз мөлшерлемесінің динамикасынан жоғары болса;

  2. (Ь) тұтынуға шекті бейімділік үлкен болса;

  3. (t) салық салудың шекті мөлшерлемесі аз болса;

  4. (m') импорттауға шекті бейімділік аз болса.

Мемлекеттік шығыстар G өссе немесе салықтар Т азайса IS қисығы оңға жылжытады. Салықтық мөлшерлеменің t өзгеруі сонымен қатар IS-ң көлбеу бұрышын өзгертеді. Ұзақ мерзімді келешекте IS қисығының көлбеу бұрышы табыстарды саралауын реттеу саясаты арқылы өзгертуге болады, өйткені бай отбасы­ларының тұтынуға шекті бейімділігі кедей отбасыларынікінен азырақ болады. Қалған параметрлері (d, n және m') макроэконо­микалық саясаттың ықпалына бағынбайды және оның тиімділігін анықтайтын сыртқы факторлар болып табылады.

LM қисығы жатықтау болады, егер:



  1. ақшаға сұраныстың нарықтық пайыз мөлшерлемесінің динамикасына сезімталдығы (h) жоғары болса;

  2. ақшаға сұраныстың ЖІӨ динамикасына сезімталдығы (k) төмен болса.

Ақша ұсынысының артуы немесе бағалар деңгейінің төмендеуі LM қисығын оңға жылжытады, және керісінше.

IS және LM қисықтарын бір диаграммада үйлестіріп, IS-LM моделін аламыз (5.1-сурет). Ол экономикалық саясаттың салдарын талдаудың ыңғайлы құралы болып табылады.



5.1-сурет. IS-LM моделі
IS және LM қисықтарының қиылысуы А нүктесін белгі­лейді, онда бір мезгілде тауарлар мен қызметтер нарығы мен ақша нарығында тепе-теңдік орнайды.

e,ie) тепе-теңдік жұпты, G мемлекеттік шығыстар, T са­лық­тар, M ақша жиыны мен P бағалар деңгейінің берілген мәндері шартында, Ү және і жөнінде екі теңдеу жүйесін шығару арқылы есептеуге болады.

Алгебралық түрде тепе-теңдік өндіріс көлемін IS теңдеуінен r мәнін LM теңдеуіне қою және соңғысын r қатысты шығару арқылы табуға болады:

(Т = Та + tY шарты орындалса).

Р бағалар деңгейі тіркелген жағдайда Ү тепе-теңдік мәні жалғыз болады. Пайыз мөлшерлемесінің r тепе-теңдік мәнін Ү тепе-теңдік мәнін IS немесе LM теңдеуіне қою және оны r қатысты шығару арқылы табуға болады.

Осы тауарда біз экзогенді айнымалылардың өзгерісі эндогенді айнымалыларға қандай жолмен әсер ететінін IS–LM үлгісінде зерттейміз. Себебі ақша-несие және бюджет-салық саясаттары экзогенді айнымалылардың арасында орын алады және IS–LM үлгісі қысқа мерзімді кезеңде экономикаға осы айныма­лылардың әсерін көрсетеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет