Макроэкономика


Инфляция мен жұмыссыздықтың байланысы



бет81/85
Дата11.04.2022
өлшемі6,97 Mb.
#30573
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   85
Байланысты:
treatise137692

10.4 Инфляция мен жұмыссыздықтың байланысы
Инфляция мен жұмыссыздықтың арасындағы тәуелділікті көрсететін қисық Филлипс қисығы деп аталады. 10.2 суреттен көріп отырғанымыздай, бұл қисық кері тәуелділікті білдіреді.

10.2-сурет. Филлипс қисығы


Филлипс қисығының теңдеуінде инфляция деңгейі 3 фактормен шартталған:

а) күтілетін инфляция;

б) жұмыссыздықтың табиғи деңгейінен ауытқуы;

в) шикізат бағаларының өсуімен пайда болған ұсыныс шоктары:



π = πе – β (u-u*)+ ε (10.11)

мұндағы,


π – инфляцияның нақты деңгейі;

πе – күтілетін инфляция деңгейі;

u – жұмыссыздықтың нақты деңгейі;

u* – жұмыссыздықтың табиғи деңгейі;

ε – ұсыныс шоктары;

β – эмпирикалық коэффициент, 0-ден жоғары, инфляцияның циклдік жұмыссыздыққа реакциясын көрсетеді.

Өткен ғасырдың 70-ші жылдары әр түрлі елдерде инфляцияның жоғарғы қарқынымен қатар жұмыссыздықтың да жоғарғы деңгейі байқалды, ал 80-ші жылдары инфляцияның төмендеуімен қатар жұмыссыздық деңгейі де төмендеді.

Бұл жағдай жұмыссыздықтың табиғи деңгейінің қисығы арқылы түсіндіріледі, яғни ұзақ мерзімді кезеңде Филлипс қисығы тік болады.



Филипс өз зерттеулерін жүргізген кезде экономикалық ғылымда табиғи жұмыссыздық деңгейі және инфляциялық күтуді ескермеген. Әрине Филлипс есептерінде ол көрініс тапппаған. Кейінірек американдық экономистері М. Фридмен мен Э. Фелпс жұмыстарында біршама адаптивті инфляциялық күтулер проблемасын қарастырды, нәтижесінде Филипс концепциясы анықталды. Одан басқа, экономиканы көптеген өнеркәсіпті дамыған елдің 1973-1975 жж. энергетикалық кризиспен байланысты кедергілер зерттеушілерді оятып олар өз зерттеулерінде Филипс қисығын интерпретациялағанда жиынтық ұсыныс ролін ескеруге әкелді.

Жұмыссыздық деңгейі мен инфляцияның бір мезгілде өсу деңгейін түсіндіру үшін М.Фридмен бізге белгілі теорияны ұсынды. Ол теорияға сай экономикаға табиғи жұмыссыздық деңгейінде ұзақ уақыт тұрақтылық керек деді. Үкіметтің кез келген оны түсіруге деген ынтасы тек бағаны көтеріп, инфляция қарқынын көтереді деді. Шынайы әрекеттегі Филипс қисығының сұрағына қайта орала отырып, әсіресе стагфляция феноменімен байланысты мынаны атап өтеміз: Филипс қиысығындағы модельдің қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді аспектілері. Қысқа мерзімді мезгілде Филипс қиысығы тура, яғни инфляция темпі мен жұмыссыздық деңгейі арасында баламалы байланыс бар. 10.3 суретте Филипстің ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді қисықтары көрсетілген.

Көлбеулі қысқа мерзімді Филиппс қисықтары инфляция темпін көрстетеді (Ph). Мысалы, Ph1 қиысығы абсцисса осін табиғи жұмыссыздық деңгейінде қиып өтеді, онда инфляция темпі нолге тең ( π теріс мәні дефляцияны білдіреді). Сәйкесті осы қисықтың барлық жерінде инфляциялық күту πе = 0. Мынаған көңіл аудару керек, Филипстің көлбеулік қисығында күткен инфляция темпі (πtе ) мен фактілік инфляция темпі ордината осіндегі сай келмейді (π).

Сонымен, өзара байланысқан макроэкономикалық тізбектің құбылыстарын мынадай көрсетуге болады: «жинақты сұранысты қолдау → жұмыссыздық деңгейін табиғи деңгейден төмендету → инфляция темпін өсіру → шынайы еңбек ақыны көтеруді талап ету → жеке қожалықтардың кірісін төмендеуі → еңбекке сұранысты қысқарту → жұмыссыздықты табиғи деңгейге әкелу».





10.3-Сурет Филипс қисығы: ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді кезеңде
Сонымен күткен адаптивті инфляция теориясы көрсетеді, ұзақ уақыттағы мерзімде инфляция мен жұмыссыздық арасында альтернативті байланыс жоқ. Үкіметтің жұмыссыздықты төмендетуге ұмтылуы инфляция темпін жоғарылату арқылы ұзақмерзімді мезгілде Филипс қисығында ыңғайсыз ығысуға әкеледі – жұмыссыздықтың сол деңгейінде біршама инфляция темпі жоғарылауы. Енді бізге белгілі болғандай, неге жұмыссыздық деңгейі (и*) «жұмыссыздық деңгейін неге инфляция жоғарылат­пайды» (NAIRU) деп аталмауы. Үкіметтің осы деңгейді төмендетуге ұмтылуы, кредитті-ақша саясатын жүргізе отырып, ұзақмерзімді мезгілде инфляция темпін көтерілуіне әкеледі.

Егер біз мына нүктелерді біріктірсек A1, A2, A3 , онда тік сызық аламыз. Бұл — ұзақмерзімді Филлипс Ph қиысығы (ағылшынның long run — ұзақ мерзімді мезгіл дегенінен шыққан), онда нақты және күтілетін инфляция қарқыны сай келеді. Осы Филипстің тік қиысығын рационалды күту теориясын жақтаушылар қадамын көрсете аламыз. Болмаса жаңа классиктер оның өкілі американдық экономист Р. Лукас. Рационалды күту теориясы адамдар экономика дәл қалай қызмет ететінін көрсетеді. Егер үкімет ақша-несие саясатын жүргізсе онда инфляция қарқыны өсіп, шынайы еңбек ақы қысқаратынын ел біледі. Нарықтың барлық субьективті әрекеттері үкімет саясатының қолайсыз жағдайларын бейтараптауға кетеді. Сәйкес, қысқа мерзімді де жұмыспен қамтылу аясында да жақсару болмайды. Филлипс қиысығы (Ph1) бірден секіріп Ph2 мына жағдайға келеді. Экономика тіпті қысқа мерзімде де мына нүктелерде болмайды В1, В2, В3, мына траекториялармен А1, А2 , Аз қозғалады.

Басқаша айтсақ, рационалды күту теориясы жұмыссыздық деңгейі сол өзінің табиғи деңгейінде қалады бірақ әр жылы инфляция қарқыны жоғарылай береді. Адаптивті күту теориясы мен рационалды күту теориясын жақтаушылар қадамының арасындағы графикті ерекшелік мынада, біріншісінде экономика и* «жылан­тәрізді», «жанұя» арқылы мына нүктелермен B1, В2, B3, ал екіншісінде жоғары Филипстің ұзақ мерзімді қисығы бойынша көтеріледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет