Макроэкономика



бет67/85
Дата11.04.2022
өлшемі6,97 Mb.
#30573
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   85
Байланысты:
treatise137692

8 ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ
8.1 Экономикалық өсудің сипаты мен көздері
Экономикалық өсу – барлық әлем мемлекеттері үшін орталық экономикалық мәселе; экономикалық өсудің элементтері мен факторларының өзара әрекеттесуі мен қалпына келу жүйесі.

Экономикалық әдебиеттерде экономикалық өсу ұғымы әртүрлі түсіндіріледі.

Бір экономистер экономикалық өсу деп потенциалды және нақты жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) өсуін, елдің экономикалық қуаттылығының ұлғаюын түсінеді.

Басқа экономисттер экономикалық өсуді келесідей сипат­тайды:



  • Өндірістік қуаттардың артуы;

  • Өнімнің нақты көлемінің ұлғаюы (ЖҰӨ);

  • Жан басына шаққандағы өнімнің нақты көлемінің артуы.

Отандық экономикалық әдебиеттерде қоғамдық өнім мен оны өндіруші факторларды сапалық және сандық жетілдіру эконо­микалық өсу болып табылады. Экономикалық өсуде келесілер бар:

  • Өзіндік мазмұн (қоғамдық қайта өндіру);

  • Қозғалу механизімі (қызметкерлердің, өндіріс құрал­дарының, табиғаттың, технологияның өзара әсерлесуі);

  • Өндірілетін өнімнің өсу қарқындарында көрініс табатын бұл қозғалыстың сапалық және сандық сипаты;

  • Әлеуметтік-экономикалық нәтиже (ұлттық байлық);

  • Мақсат (ұлттық игілік).

Экономикалық өсу екі тәсілмен өлшенеді:

  • Жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) жылдық өсу қарқын­дары­мен;

  • Таза ұлттық өнімнің (ТҰӨ) жылдық өсу қарқындарымен.

Екінші әдіс ыңғайлырақ болып келеді.

Салыстырмалы бағада есептелген экономикалық өсу нақты экономикалық өсуды, ал ағымдық бағалармен есептелген эконо­микалық өсу номиналды экономикалық өсуді көрсетеді.

Потенциалды және шынайы экономикалық өсуді ажыратады. Келесілердің арқасында өндірілуі мүмкін жалпы ТҰӨ потенциалды экономикалық өсу болып табылады:


  • Қолжетімді технология;

  • Жұмысшыларды мүмкіндігінше жоғары пайда­лану;

  • Өндіріс құралдарын тиімді қолдану.

Шынайы экономикалық өсу – фактілік түрде қол жеткізілген экономикалық өсу.

Экономикалық өсуді өлшеудің негізгі көрсеткіштері ретінде келесілер пайдаланылады:



  • Өсу коэффициенті – талданатын кезеңдегі көрсеткіштің базистік кезеңдегі көрсеткішке қатынасы;

  • Өсу қарқыны – 100%-ға көбейтілген өсу коэффициенті;

  • Өсім қарқыны – өсу қарқыны минус 100%.

Экономикалық өсудің екі типін бөліп көрсетеді – экстенсивті және интенстивті.

Еңбектің орташа өнімділігін өзгертпей, қосымша ресурс­тарды пайдалану арқылы жүзеге асырылатын экстенсивті тип. Экономикалық өсудің экстенсивті типі бұрынғы техникалық негізде (жұмысшылар санының өсуі, инвестициялардың, пайда­ланы­латын шикізаттың ұлғаюы, өндірістің тұрақты құрылымы және т.б.) өндіріс факторларын пайдалануды арттыруды білдіреді.

Интенсивті тип едәуір өнімді өндіріс факторлары мен технологияларды пайдаланумен байланысты, яғни ресурстар шығындары көлемдерінің ұлғаюы есебінен емес, олардың тиімділігін арттырудың есебінен орын алады. Экономикалық өсудің интенсивті типі өндіріс факторларын сапалық жетілдіруді, оларды тиімдірек пайдалануды, ғылымның, техниканың, технологияның жетістіктерін ендіруді, еңбек, өндіріс және өнімнің сапасын арттыруды білдіреді.

Шынайы шаруашылықтық тәжірибеде таза интенсивті және таза экстенсивті тип болмайды, себебі олар қиылысқан. Сондықтан өсудің қандай да бір типін сипаттайтын факторлардың үлесіне байланысты экономикалық өсудің басым интенсивті және басым экстенсивті типі туралы айтылады.

Экономикалық өсудің құрамына оның факторларының өзара әсері кіреді. Макроэкономикада экономикалық өсу фактор­ларының үш тобын бөліп көрсетеді:


  • Ұсыныс факторлары (адам, табиғат ресурстарының, негізгі капиталдың бар болуы, технология деңгейі);

  • Сұраныс факторы (бағалар деңгейі, тұтынушылық шы­ғындар, инвестициялық шығындар, мемлекеттік шығындар, экспорттың таза көлемі);

  • Үлестіру факторлары (өндіріс үдерісіне ресурстарды тар­ту­дың саналылығы мен толықтығы, экономикалық айналымға тартылатын ресурстардың пайдалану тиімділігі).

Экономикалық өсуде ұсыныс факторы шешуші мәнге ие. Экономикалық өсу факторларының жоғарыда аталған үш тобының өзара әрекеттесуі туралы жалпы түсінікті өндірістік мүмкіндіктердің қисығы бейнелейді.

Ол адам, табиғат ресурстарының, негізгі капиталдың және технологиялардың қолда бар сапасы мен саны кезінде шығарылуы мүмкін әртүрлі игіліктер түрлерінің үйлесімділігін бейнелейді (8.1-суреті).



8.1-суретте көрсетілгендей, өндірістік мүмкіндіктер қисығындағы кез келген нүкте екі тауарды өндірудің максималды көлемін білдіреді. Мемлекеттегі өндіріс көлемі өндірістік мүмкін­діктер қисығындағы нүктеге сәйкес келгенде, факторлар өндіріс үдерісінде тиімді пайдаланылады. Қисықтың ішіндегі әрбір нүкте факторлар тиімсіз пайдаланылатындығын көрсетеді. Қисықтың сыртында жатқан барлық нүктелер ресурстардың шектеулілігінің нәтижесінде өндірістің жеткіліксіз деңгейі туралы мәлімет береді. Экономикалық өсу бұрын пайдаланылмаған өндіріс факторлары қолданылып, экономика ішкі нүктеден өндірістік мүмкіндіктер қисығының нүктесіне ауысқан кезде жүзеге асады. Өсу өндірістік мүмкіндіктер қисығы оңға қарай жылжыған кезде байқалады.

8.1-сурет. Өндірістік мүмкіндіктердің қисығы
Экономикалық өсудің қажеттілігіне қатысты әртүрлі бағыттағы экономисттердің арасында келіспеушіліктер жоқ. Бірақ экономикалық өсуге қол жеткізудің едәуір тиімді жолдары туралы әртүрлі ой-пікірлер бар. Осылайша, бір экономистер негізгі капиталға салынатын капитал салымдарын ұлғайтуды ұсынса, басқалары ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерді ынталандыруға дауыстарын береді, ал үшіншілер қызметкерлердің едәуір жоғары білікті деңгейімен қамтамасыз ету туралы пікір айтады.

Экономикалық өсуді реттеу кезінде әртүрлі экономикалық моделдер бар, олардың арасында екеуі ерекшеленеді:



  1. Неокенсиандық модель (Е. Домар және Р. Харрод модель­дері);

  2. Неоклассикалық модель (Р. Солоу моделі).

Экономикалық өсудің нәтижелері ретінде оң және терісті атап көрсетеді. Теріс нәтижелерді әлсіздендіру мақсатымен экономикалық өсуді мемлекеттік реттеу мәселесі қойылады.

Экономикалық өсу өсу және құлдырау кезеңдері бар экономика дамуының құрамдас бөлшегі болып табылады. Егер экономикалық өсу экономикалық динамиканың оң құрамдасы болса, экономикалық құлдырау – теріс құрамдас болып табылады. Екі құрамдастың жиынтығы тұтыну мен инвестициялар арасында қатынастағы ауытқулармен шарттастырылған экономикалық бел­сен­діліктің мерзімдік төмендеуі және жоғарлауымен сипатталатын экономикалық циклді құрады.

Экономикалық дамуда адам капиталы (қабілеттер, талант, алынған біліктіліктер мен индивидуумның білім деңгейі) басты рөл атқарады. Өндірістікпен қатар адам капиталына салынған инвести­циялар олар салынған адамнан бастап, осы шығындарды жүзеге асырып отырған фирмамен экономикалық байланысы бар адамға дейін мүмкіндіктердің кеңеюінде көрініс табатын оң әсер қалыптастырады.

Экономикалық дамудың динамикасы экономикалық өсудің қырқынмен көрсетіледі. Қандай экономикалық өсуді тұрақты деп санауға болады?

Экономиканың ұзақ мерзімді экономикалық тепе-теңдікке жетудің шарты болып табылатын теңгермелі экономикалық өсу тұрақты деп аталады.

Экономикалық дамудың динамикалылығы экономикалық өсудің қарқындарымен көрсетіледі. Ұзақ мерзімді динамикалық өсу – толық жұмысбастылық кезінде уақыттың әрбір мерзімінде жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың өсіп келе жатқан көлемдері бір-біріне тең болатын экономиканың дамуы. Сонымен, тұрақты экономикалық өсу кезінде барлық өнім өткізіліп, өнімге деген сұраныс толықтай қамтамасыз етілген және сол кезде мемлекеттің барлық өндірістік ресурстары (капитал мен еңбек) пайдаланылған деп ұйғарылады.

Бірақ мұндай тепе-теңдіктің мүмкіндігі және оны қамта­ма­сыз ететін механизмдер туралы сұрақ әлі күнге дейін жауабын таппауда. Бұл сұраққа нақты жауап жоқ. Экономикалық өсудің модел­дерін құрастырған кезде неоклассикалық және неокейнсиандық мектептер әр түрлі шарттарға негізделеді және тұрақты өсу жайлы әртүрлі қорытындылар жасайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет