Макроэкономика


Қаржы нарығы моделі арқылы IS қисығын шығару



бет29/85
Дата11.04.2022
өлшемі6,19 Mb.
#30576
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   85
Байланысты:
treatise137692

3.4 Қаржы нарығы моделі арқылы IS қисығын шығару
Тауар мен қызметтер нарығын зерттей отырып, біз тауар және қызметтердің сұранысы мен ұсынысының – қарыз қаражаттар сұранысы мен ұсынысы арасындағы байланысын байқадық. Ал оның өзі IS қисығының тағы бір көрінісіне әкеледі.

Ұлттық табыс шоты келесідей белгіленеді:


Y – C – G = I

S = I
Осы теңдіктің сол жағы S ұлттық жинақтарды береді: Y-T-C жеке және T-G мемлекеттік жинақтардың сомасы, ал оң жағы – I инвестициялар болып табылады. Ұлттық жинақтар қарыз қаражаттардың ұсынысын сипаттайды, ал инвестициялар – оларға сұранысын білдіреді.

IS қисығын жинақтар нарығының моделі негізінде қалай құруға болатынын көрсету үшін, С-ті тұтыну функциясына және І-ді инвестициялар функциясына ауыстыру қажет:


Y-C(Y-T)-G=I(r)
Теңдіктің сол жағы – қарыз қаражаттардың ұсынысы табыс пен бюджет-салық саясатына тәуелді екенін, ал оң жағы – қарыз қаражаттарға сұраныстың пайыз мөлшерлемесіне тәуелді екенін білдіреді. Пайыз мөлшерлемесі қарыз қаражаттардың сұранысы мен ұсынысын теңестіру үшін өзгеріп отырады.

3.9-суреттен көрініп тұрғандай, біз IS қисығын – табыстың әрбір берілген деңгейінде қарыз қаражаттар нарығын пайыз мөлшерлемесі арқылы теңдестіретін қисық ретінде көрсете аламыз.



Табыс Y1 – ден Y2 –ге дейін өскен кезде, Y-C-G тең ұлттық жинақтар өседі. (Тұтыну табысқа қарағанда азырақ өседі, өйткені тұтынуға шекті бейімділік 1-ден кем). Қарыз қаражаттардың ұлғайған ұсынысы пайыз қойылымын r1 ден r2-ге дейін төмендетеді. IS қисығы бұл арақатынасты қосады: табыстың жоғары деңгейі жинақтардың жоғары деңгейін білдіреді, ал оның өзі төмен тепе-теңдік пайыз мөлшерлемесімен сипатталады. Осының салдарынан IS қисығы теріс көлбеуге ие.

3.9-сурет. Қаржы нарығы көзқарасынан IS қисығын шығару
Осындай баламалы IS қисығының түсініктемесі, сондай-ақ бюджет-салық саясатының өзгерістері қалай IS қисығын жылжытатынын түсіндіреді. Табыстың берілген деңгейінде мемлекеттік шығындардың өсімі немесе салықтардың қысқаруы ұлттық жинақтарды азайтады. Қарыз қаражаттар нарығындағы ресурстар ұсынысының азаюы – тепе-теңдікті қамтамасыз ететін пайыз мөлшерлемесін көбейтеді. Енді табыстың берілген деңгейінде пайыз мөлшерлемесі жоғары болғандықтан, IS қисығы бюджет-салық саясатында ынталандырушы өзгерістерге жауап ретінде жоғары жылжиды.

3.9А сурет табыстың Y1 ден Y2-ге дейін өсімі – жинақтарды көбейтеді, сәйкесінше қарыз қаражаттардың ұсынысы мен сұранысын теңдестіретін пайыз мөлшерлемесін азайтатынын көрсетеді.

3.9В суреттегі IS қисығы табыс пен пайыз мөлшерлемесінің арасындағы теріс байланысты сипаттайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет