II Келесі пікірлер дұрыс па?
бет 31/85 Дата 11.04.2022 өлшемі 6,19 Mb. #30576
Байланысты:
treatise137692 II Келес і пікірлер дұрыс па?
Дж.М.Кейнстің теориясына сәйкес тұтынудың көлемі мен құрамын анықтайтын басты фактор – қолдағы табыс.
Кейнстің тұтыну функциясының сызықтық түрі:C=Cо +с(Y-Т), мұндағы с=MPS, 0< с<1.
Тұтыну функциясы графигінің көлбеу бұрышы қолдағы табыс 1 тенгеге азайғандағы тұтыну көлемі қаншаға ұлғаятынын көрсетеді.
MPS=0,7 болғанда , егер қолдағы табыс 100 тенгеге өссе , онда тұтыну 70 тенгеге өседі.
Салықтардың азаюы тұтыну қисығын жоғары жылжытады.
Атаулы және нақты пайыз мөлшерлемесі арасындағы айырма бағалар тұрақсыз болғанда орын алады.
Инвестициялар нақты емес , атаулы пайыз мөлшерлемесіне тәуелді.
Мемлекеттік шығыстар ақша-несие саясатының құралы болып табылады.
«Кейнсиандық крест» моделінде LM қисығын шығару үшін қолданылады.
Жабық экономика шартында жоспарланған шығыстар E=C(Y-T)+G;
Жоспарланатын шығыстар табыс функциясы түрінде сызылып, оның көлбеуі теріс болады.
Табыстың артуы тұтынудың тым жоғары деңгейіне , яғни жоспарланатын шығыстардың тым жоғары деңгейіне әкеледі.
Инвестициялық сұраныстың икемділігі жоспарланған шығыстар сызығының көлбеуін анықтайды.
«Кейнсиандық крест» моделінде Ұлттық банк икемді пайыздар саясатын жүргізеді деген ұсыныс бар.
Егер Y*0, онда фирмалар қорларды сата бастайды.
ADAS жағдайында экономикада рецессиялық алшақтық , ал ADAS кезінде инфляциялық алшақтық қалыптасады.
Мемлекеттік шығыстардың өсуі табыстың кем өсуіне әкеліп соғады , яғни Y<G.
Мемлекеттік шығыстардың мультипликаторы ;
IS қисығы «Кейнсиандық крест» моделі мен инвестиция функциясының өзара әрекеттесу нәтижесінде пайда болатын пайыз мөлшерлемесі мен табыс деңгейінің арасындағы тәуелділікті білдіреді.
IS қисығы оң көлбеулі болады , себебі % жоғарлауы жоспарланған I арттырады да, нәтижеде Y деңгейін өсіреді.
Достарыңызбен бөлісу: