Макроэкономика



бет3/85
Дата11.04.2022
өлшемі6,19 Mb.
#30576
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   85
Байланысты:
treatise137692

Алғы сӨз
Ұсынылып отырған оқу құралы экономикалық мамандықтар бойынша білім алатын студенттерге авторлармен жылдар бойы оқытылған дәрістер курсының негізінде құрастырылған. Мұнда макроэкономиканың негізгі мәселелерінің жүйелі мазмұны берілген.

Экономика ғылым ретінде ағымдағы экономикалық үдерістер мен деректерді теория және тәжірибе тұрғысынан жүйелеуге және ірілендіруге ынталанады. Осы тұрғыдан, макроэкономика экономиканы біртұтас жүйе ретінде зерттейтін ғылым деп айтуға болады. Ол экономикалық өсу мен құлдырауды, инфляция мен жұмыссыздықты, валюталық айырбас бағамдары мен төлем балансының жағдайын зерттеуге бағытталған.

Макроэкономика үй шаруашылығы секторы, кәсіпкерлік, мемлекеттік және сыртқы секторлар сияқты ірі құрамдас бөліктерді ажыратады. Макроэкономика өндіріс көлемінің, жұмысбастылықтың ұзақ мерзімді өзгерістерімен қатар экономикалық айнымалылардың қысқа мерзімді тербелістерін де зерттейді. Макроэкономика курсында студенттер экономикадағы ағымдағы процестерді түсінуге көмектесетін білім алуы қажет. Өз кезегінде алған білімдері бағалардың өсу себептері қандай, неге өндірістің құлдырауы орын алып, жұмыссыздық өседі, экономикалық саясаттың қандай құралдары тиімді деген және т.с.с. сұрақтарға жауап алуға көмектесуі керек.

Қойылған мәселелердің мазмұны оқу құралында экономикалық заңдылықтарды жиыңқы және сонымен қатар сыйымды етіп көрсетуге мүмкіндік беретін қарапайым формулалар мен графиктер қолдану арқылы жүзеге асырылады.

Оқу құралының әрбір тарауы өзіндік бақылауға арналған тест тапсырмаларымен негізгі түсініктер және тұжырымдармен, есептермен қамтылған. Бұл сұрақтар мен тесттерге жауап беру барысында оқушы қауым теориялық материалды жақсырақ меңгеріп, алған білімдерін тексеруге және оны бекітуге мүмкіндік алады. Сонымен қатар тесттер, тұжырымдар мен есептерді практикалық сабақтарды жүргізу кезінде қолдануға болады.

Ұсынылып отырған оқу құралында маңызды болып саналатын қазақстандық макроэкономикалық тәжірибелердің түсініктері барлық тарауларда көрініс таппағанымен, ол, авторлардың ойынша, қазақстандық жоғары оқу орындарындағы студенттерге өте пайдалы болады. Сонымен бірге бұл оқу құралы экономикалық жоғары оқу орындары мен факультеттерінің студентеріне арналған ҚР жоғары кәсіби білім берудің мемлекетттік стандартының талаптарына толығымен сәйкес келеді.

Авторлар ең алдымен барлық студенттерге пайдалы болатын оқу құралын дайындауды мақсат етіп қойды. Сонымен қатар, авторлар ұқсас баспаларда кейбір қателіктер болуы мүмкіндігін мойындайды, сондықтан пікірлер және ескертулер ризашылықпен қабылданады.

1 МАКРОЭКОНОМИКА ПӘНІ. ҰЛТТЫҚ ШОТТАР ЖҮЙЕСІ


1.1 Макроэкономика пәні
Макроэкономика ғылым ретінде экономикалық құбылыстар мен үдерістерді экономикалық теориялар мен үлгілер түрінде жүйелеп қорытуға арналған. Мұнда экономика біртұтас жүйе ретінде қарастырылып, тауарлар өндірісі мен қызмет көрсетудің жалпы көлемі және оның өсуі, инфляция қарқыны мен жұмыссыздық деңгейі, валюталардың айырбас бағамдары мен төлем балансының жағдайы зерттеледі. Сондай-ақ макроэкономика өндіріс көлемінің, жұмысбастылықтың, тауар және ақша нарықтарындағы тепе-теңдіктің ұзақ мерзімді өзгерістерімен қатар, экономикалық айнымалылардың қысқа мерзімді тербелістерін зерттейді.

Экономикалық теорияның жеке бағыты ретінде макроэкономика ХХ ғасырдың 30 жылдары қалыптасқан. Оның пайда болуы Батыс елдерінде Ұлы депрессия және жалпы дағдарысқа (1929-1933 жж.) байланысты болған әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге қатысты. Нарықта еркін қалыптасатын бағалардың көмегімен өзін-өзі реттей алады деп тұжырымдаған экономиканың классикалық моделі экономикада туындаған жағдайды түсіндіре, сонымен қатар осы жағдайдан шығу жолын да көрсете алмады. Осы мәселелердің жауабы ретінде ағылшын экономисі Дж.Кейнспен ұсынылған экономиканы мемлекеттік реттеу моделі пайда болды. «Жұмысбастылық, пайыз және ақшаның жалпы теориясы» атты еңбегінде Кейнс нарықтың өзін-өзі реттеуі туралы, өндірістің өзі тұтынуды тудырады және нарық мемлекет тарапынан ешқандай реттеуді талап етпейді деген классикалық түсініктерді сынға алды. Керісінше, тек мемлекеттік реттеу арқылы ғана дағдарыстан шығуға болады деп тұжырымдаған. Оның теориясының негізгі идеясы нақты өндірісті ұлғайты және оның төмендеуін жою үшін мемлекеттік шығындарды кеңейтіп, салықтарды азайту қажет екендігінде болды. Мұндай шығындар жиынтық сұранысты ұлғайтады және осы арқылы өндірістің ұлғаюы мен экономиканың жандануына көмектеседі.

Дж.М. Кейнс макроэкономиканың негізгі түсініктерін және маңызды заңдылықтарын анықтап оның негізін қалаған әйгілі экономист-ғалым. Сондай-ақ, Кейнс макроэкономикалық талдауды енгізді деп айтуға болады.

Кез келген мемлекеттің алдына қойылатын макроэкономикалық мақсаттарды ел ішіндегі басты макроэкономикалық проблемалармен тікелей байланыстыруға болады. Олар келесідей:



  • Экономикалық өсуді қамтамасыз ету;

  • Жалпы экономикалық тепе-теңдік және оған жету шарттары;

  • Макроэкономикалық тұрақсыздық, оны өлшеу және реттеу әдістері;

  • Экономикалық іс-әрекет нәтижелерін анықтау;

  • Мемлекеттік бюджет пен елдің төлем балансының жағдайы;

  • Сыртқы экономикалық қатынастарды оңтайландыру;

  • Халықты әлеуметтік қамсыздандыру.

Әдетте, экономика өзара әрекеттесетін төрт сектордан құрылады: үй шаруашылықтары, фирмалар, мемлекет және сыртқы сектор.

Үй шаруашылықтары жұмыс күшін ұсынады, игіліктерге сұранысты білдіреді, алатын табысын тұтыну мен жинақтар арасында бөледі. Өз әрекеттерімен үй шаруашылықтары өздерінің әл-ауқатын жақсартуға тырысады.

Кәсіпкерлік секторды ел ішіндегі барлық фирмалар құрайды. Фирмалар өндіріс процесінде қолданылатын ресурстарға сұраныс тудырады, тауарлар мен қызметтерді ұсынады, инвестициялар жасайды. Әдетте фирмалардың мақсаты пайданы барынша арттыру болып табылады.

Мемлекеттік секторға, ең бастысы, қоғамдық игіліктерді өндіріп шығаратын барлық мемлекеттік ұжымдар кіреді. Ол, мысалға, қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, әлеуметтік қамсыздандыру, ғылым және білім аясындағы жетістіктер. Үкімет елдің тиімді экономикалық дамуына қолайлы шарттар құруға ұмтылады. Ол салық жинау, трансферт төлеу, тауарлар мен қызметтерді өндіру және сатып алу, ақша ұсынысын және сыртқы экономикалық қызмет ету шарттарын белгілеу арқылы экономикалық саясатты құру арқылы жүзеге асырады.

Сыртқы сектор дегеніміз шетелдегі экономикалық субъектілердің жиынтығы, сонымен қатар шетелдік мемлекеттік институттар. Олар елдің экономикасына халықаралық сауда, капитал және ұлттық валюталарды өзара тиімді айырбастау арқылы әсер етеді.

Макроэкономикада экономиканы біртұтас жүйе ретінде сипаттайтын агрегатталған көрсеткіштер қолданылады: жалпы ішкі өнім (ЖІӨ), бағалар деңгейі, инфляция қарқыны, жұмыссыздық деңгейі, нарықтық пайыз мөлшерлемесі және басқа көрсеткіштер.

Макроэкономикалық деңгейде әрбір елдің қызмет етуінің негізгі экономикалық мақсаттары анықталады:


  • Тұрақты экономикалық өсу;

  • Ресурстардың толық жұмысбастылығы;

  • Инфляция деңгейін барынша төмендету;

  • Төлем балансының тепе-теңдігіне жету.

Экономикалық өсу нақты ЖІӨ көлемі ұлғайған кездегі ұлттық экономиканың дамуы болып есептеледі. Экономикалық өсудің өлшемі нақты ЖІӨ-ң жыл сайынғы өсу қарқыны болып табылады. Тұрақты экономикалық өсу кезінде кең ауқымды экономикалық жанжалдардың алдын алу, әлеуметтік тепе-теңдіктің сақталуы орын алады. Мемлекеттің тұрақты дамуы жөніндегі шешімді экономикалық тиімділік критерийінің негізінде жеке сектор қабылдайды, сондықтан үкіметтік шаралардың жүйесі әлеуметтік тепе-теңдік қызығушылықтарының есебіне және табиғи байлықтарды оңтайлы пайдалануға кәсіпкерлердің ынталарын қалыптастыруға бағытталуы қажет.

Экономикалық өсу экстенсивті және интенсивті болады. Экстенсивті экономикалық өсу шығарылым көлемінің ел экономикасындағы жұмысбастылық көлеміне қатынасының тұрақты болуымен сипатталады. Интенсивті өсу жағдайында ЖІӨ өсу қарқыны жұмысбастылық өсімімен азаяды, яғни еңбек өнімділігі артады.

Экономикалық өсу мақсатына жету үшін макроэкономикалық саясаттың негізгі екі құралы қолданылады:



  • Бюджет-салық саясаты немесе фискалдық саясат. Ол мемлекет тарапынан жүзеге асырылады;

  • Ақша-несие саясаты немесе монетарлық саясат. Оны Орталық (елімізде Ұлттық банк – авт.еск.) банк жүзеге асырады.

Фискалды саясатты көбінесе кейнстің мектебі қолдайды. Ал монетарлы саясатты классикалық немесе неоклассикалық мектеп колдайды.

Ресурстардың толық жұмысбастылығы. Ресурстардың түрлері: материалдық, табиғи, адами және т.б. Ресурстар толығымен қолданылмауы мүмкін. Барлық табиғи ресурстардың тиімді қолданылуы әлуетті деп аталады. Әрбір ел осы әлуеттілікке ұмтылады.

Инфляция – ел ішіндегі тауарлар бағасының өсуі. Сол инфляция қарқынын төмендету елдің экономикалық өсуін тудырады.

Төлем балансының негізгі екі шоты бар:

1-шісі. Капитал қозғалысының шоты – ел ішіндегі инвестициялар мен жинақтардың ағындары.

2-шісі. Ағымдағы операциялар шоты арқылы елдегі экспорт пен импорт қадағаланады.

Макроэкономикада агрегаттау әдісі қолданылады. Яғни, барлық көрсеткіштер жиынтық көрсеткіштер болып табылады. Мысалы: ЖҰӨ, жалпы бағалар деңгейі, жалпы капитал қоры, жалпы инвестициялар көлемі және т.б.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет