Макроэкономика


Өсудің стационарлық тәртібі мен қорланудың «алтын ережесі»



бет70/85
Дата11.04.2022
өлшемі6,19 Mb.
#30576
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   85
Байланысты:
treatise137692

8.4 Өсудің стационарлық тәртібі мен қорланудың «алтын ережесі»
Экономика стационарлық тәртіпте (тұрақты қалпыда) болады дейміз, егер уақыт аралығында k капиталмен қарулану өзгермесе. Сонымен бірге бір жұмысшыға шаққандағы у шығарылым, і инвестициялар, с тұтынудың да өзгермейтінін байқаймыз. Басты теңдеуден стационарлылықтың шарты шығарылады:

sf(k) = µ. k
Диаграммада капиталмен қаруланудың деңгейі sf(k) және μ.k функцияларының графиктерінің қиылысу нүктесімен анықталады (8.4 сурет).

Неғұрлым s қорлану нормасы жоғары болса, соғұрлым k0 капиталмен жарақтандырылғандықтың, сонымен бірге f(k0) шығарылым мен sf(k0) инвестициялардың тұрақты деңгейі де үлкен болады. Бірақ бұл кезде бір жұмысшыға шаққандағы тұтыну c= (1 – s) f(k0) қалай өзгеретіні түсініксіз, себебі s қорлану нормасының ұлғаюымен қорлануға жұмсалатын шығарылымның 1– s үлесі кемиді.



Қоғам үшін адамдардың әл-ауқатының артуы қолайлы. Қорланудың қандай нормасында стационарлық тәртіпте бір жұмысшыға шаққандағы тұтыну барынша үлкен?



8.4-сурет. Экономикалық өсудің стационарлық тәртібі


Стационарлылықтың шартын sf(k) = . k ескере отырып, sf(k0) орнына .k0 жазуға болады. Сонда бір жұмысшыға шаққандағы тұтыну

Бір жұмысшыға шаққандағы тұтыну максималды болатын кездегі k* капиталмен қаруланудың тұрақты деңгейі с тұтынудың k0 бойынша туындысының нөлге тең шартынан анықталады, яғни:



= , немесе басқаша, MPK = .

Туындының геометриялық мағынасынан k* оңтайлы капиталмен қаруланудың шартында f(k) өндірістік функцияның графигіне жанасатын сызықтың көлбеуі μ тең, яғни μ·k тік сызығының көлбеуіне тең болу керек екендігі шығарылады (8.5 сурет).




8.5 сурет. Қорланудың «алтын ережесі»
Капиталмен қаруланудың оңтайлы деңгейін мұндай таңдау тәсілі қорланудың алтын ережесі деп аталады. Қорланудың «алтын ережесін» 1961 жылы американдық экономист Э.Фелпс шығарған болатын. Ережеге сәйкес, өсіп келе жатқан экономика жағдайында жан басына шаққандағы тұтыну капиталдың шекті өнімі экономикалық өсудің қарқынына тең болған кезде максимумға жетеді. Егер k* оңтайлы капиталмен қарулану деңгейі табылса, онда сәйкес s* қорлану нормасы стационарлылықтың шартынан анықталады: . Оңтайлы қорлану деңгейінде бір жұмысшыға шаққандағы тұтыну максималды және уақыт аралығында өзгеріссіз болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет