Макроэкономика


Цикл мен дағдарыстың негізгі сипаттамалары



бет75/85
Дата11.04.2022
өлшемі6,19 Mb.
#30576
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   85
Байланысты:
treatise137692

9.2 Цикл мен дағдарыстың негізгі сипаттамалары
Экономикалық цикл – бұл жұмысбастылық, өнімділік және инфляция деңгейлерінің мерзімдік ауытқуы. Экономикалық дамудың циклдығына әсер етуші себептер әр түрлі. Оларға негізінен:

  • Климаттық және ауа райының өзгерісі;

  • Демографиялық өзгерістер – халқы санының өсуі және қартаюы;

  • Әлеуметтік жылжу – теңдік үшін қозғалыстар, феминизм;

  • Саяси сілкіністер – соғыстар, көтерілістер, жанжалдар, тәжірибелер;

  • Географиялық және ғылыми ашулар мен жаңалықтар;

Экономикалық фактор – инвестициялық жинақтардың өсірілуі, капиталдың ұдайы өндірісінің біркелкі еместігі, тұтынушы талғамы әсерінен ұсыныс пен сұраныстың өзгермелілігі, халықтық шаруашылық құрылымындағы сәйкессізіктің өсуі және т.б.

Экономикалық циклды, сол процесстегі экономикалық көрсеткіштердің өзгермелілігіне байланысты проциклды, контрциклды және ациклды деп бөліп қарастырады.

Циклдар заманауи шарттарда өздеріне деген мемлекеттік экономикалық бақылаудың әсерін сезініп отыр және сипаттарына немесе ұзақтығына қарай циклдардың классикалық нұсқасынан едәуір ерекшеленеді. Бірақ оған қарамастан, экономикалық циклдар фазасының кез келген ерекше жылжуына тән сипаттарды көрсетуге болады.

Дағдарыс іскерлік белсенділіктің біртіндеп бәсеңдеуінен басталып, өндірістің жылдам құлауымен сипатталады. Экономикалық дағдарыс қапиладың шамадан тыс жинақталуын білдіреді. Капиталдың шамадан тыс жинақталуының 3 формасы болады: тауарлы капиталдың көп өндірілуі (өтпеген заттар көлемінің өсуі), өндірістік капиталдың коп жинақталуы (жұмыссыздықтың өсуі, өндірістік куаттың толық пайдаланылмауы), ақшалай капиталдың аса коп жинақталуы (өндіріске салынбаған ақша санының өсуі). Капиталдың тым көп жинақталуының жалпы нәтижесінде өндірістік шығындар өсіп, табыс пен бағалар төмен түсіп кетеді.

Сатылмаған тауар күйіндегі капиталдың құнсыздануы себебінен фирма ағымдағы төлемдер үшін ақшалай жетіспеушілікті сезінеді, сол себепті несиелік ақы мөлшері – қарыздық пайыз койылымы тез өседі. Бағалы қағаздар бағамы түсіп, құлдырау кезеңі басталады.

Экономикалық дағдарыс экономикалық дамудың шегі ғана емес, сонымен қатар ынталандырушы («тазартушы») функция атқара отырып, экономикалық дамуға серпін болады. Дағдарыс кезінде өндірістік шығындарды азайтуға, табысты жоғарлатуға, капиталды жаңа техникалық негізге жаңартуға деген нақты себептер болады. Дағдарыс депрессияның келуімен бітеді.

Құлдырау – бұл фаза айтарлықтай тұрақтылықпен сипатталады. Өнеркәсіптік өндіріс көлемінің және бағалардың төмендеуі тоқтайды. Жалақы, жұмыссыздық белгілі бір деңгейде тұрақталады. Іскерлік белсенділік жоғары және ақшаға деген сұраныс көп емес болғандықтан қарыздық пайыз қойлымы төмендейді.

Жандану – бұл фаза барлық экономикалық көрсеткіштердің өсімімен сипатталады. Бағалардың, жұмысбастылықтың, жалақының, қарыздық пайыз қойылымының жайлап өсімі байқалады. Тұтыну заттарына деген сұраныс өсіп, негізгі капитал жаңарады. Жандану өрлеу фазасына жалғасады.

Өрлеу кезінде барлық макроэкономикалық көрсеткіштердің өсімі байқалады. Бағалардың өсуі жалақы мен пайданың өсірілуімен өтеледі. Барлық өндірілген өнім көлемі сұраныстың ұлғаюымен ақталады да, жұмысбастылық жоғарлайды. Біршама уақыт уақыттан соң өрлеу өзінің ең жоғарғы нүктесіне жетеді. Ол нүкте шарықтау нүктесі (бум) деп аталады. Шарықтау өндірістің кеңеюімен, өндіріске қосымша ресурстарды тартумен, шығындарға байланысты бағалардың өсуімен сипатталады. Сұраныс пен ұсыныс арасындағы сәйкессіздік өсіп, шарықтау үзіледі.

Экономика ғылымы шаруашылық тәжірибе талдауына негізделе отырып, өзінің даму тарихында экономикалық циклдардың бірнеше түрлерін атап көрсетеді. Олардық біразына тоқталып өтсек:

Салалық циклдр – ұзақтығы бір аптадан (БАҚ), бір жылға дейін (ауыл шаруашылығы, туризм), тіпті, бірнеше жылға дейін (білім беру, денсаулық сақтау, сот құрылымы) болады. Салалық циклдардың пайда болу себебі – экономиканың әр түрлі саласындағы тауарларды өндіру ерекшелігі.

«Шағын» циклдар – ағылшын экономисті Дж. Китчиннің атымен тікелей байланысты. Бұл циклдардың ұзақтылығы 2-4 жыл. Себебі – айнымалы капиталдың ұдайы өндірісінің біркелкі болмауы.

«Үлкен» циклдар – Карл Маркспен сипатталған, ұзақтығы 8 - 13 жыл болатын циклдар. Үлкен циклдардың пайда болуының себебі – негізгі капиталдың ұдайы өндірісінің беркелкі болмауы.

«Құрылыстық» циклдар – С. Кузнецовпен сипатталған, ұзақтығы 16 – 25 жыл болатын циклдар. Бұл циклдың пайда болуы тұрғын үй құрылыстындағы сұраныстың біркелкі болмауымен байланысты.

Экономика ғылымында төмендегідей дағдарыстың түрлері айқындалған:

Циклды дағдарыс қайтаөндіру экономиканың барлық салаларын жаулап алады: моральдық тұрғыда көнерген құрал-жабдықтарды шығарып тастайды, өндірістік шығындарды төмендетеді, өндірістік құрылымды жаңартады және бұрыңғыдан тиімдірек өндірістегі жаңа тепе – теңдіктің орнауына әкеледі. Қайтаөндірудегі циклдық дағдарыс, экономиканың біріне соң бірі жалғасқан төрт фазасын қайта басынан өткізітін жаңа циклын бастайды және келесі дағдарысқа база дайындайды.

Аралық дағдарыс циклдық дағдарыстан, жаңа циклға бастау бермейтіндігімен, қайта керісінше өрлеу мен жандану фазаларының ағымына белгілі бір уақытқа тоқтау салатындығымен ерекшеленеді. Аралық дағдарыс экономикадағы сәйкессіздік әсерінен туындайтын уақытша құбылыс. Ол циклдық дағдарыспен салыстырғанда терең емес, бірақ ұзақтау және жергілікті сипатқа ие. Бұл дағдарыс әсерінен қарама – қарсылықтар айтарлықтай азайып, циклды дағдарыс та аса ауыр соққы бермейді.

Ішінара дағдарыс аралық дағдарыстан экономиканық тек бір ғана саласын қаптитындығымен ерекшеленеді. Ол өрлеу фазасында да, жандану мен құлдырау фазаларында да орындала береді.

Салалық дағдарыс ұлттық экономиканың білгілі бір саласын қозғайды. Салалық дағдарыстың туындауына бірнеше себептер әсер етеді. Олар: салалар дамуының сәйкессіздігі, құрылымдық қайтақұрылу, қайтаөндіру, шикізатқа деген бағаның өсуі, жұмысшы-эмигранттар өсімі, арзан импорт және т.б.

Құрылымдық дағдарыс, өндірістік сала мен жеке сферадағы дамудың терең сәйкессіздігінен пайда болады. Ол ұзақ сипатқа ие. Бірнеше циклдарды қамтиды. Өндіріс құрылымының жаңа технология негізінде жаңартылуын пайымдайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет