Макроэкономика



бет74/85
Дата11.04.2022
өлшемі6,19 Mb.
#30576
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   85
Байланысты:
treatise137692

9 ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЦИКЛДЕР
9.1 Экономикалық циклдер: түсініктері, көрсеткіштері, түрлері, фазалары, себептері, факторлары
«Цикл» деген түсінік грек тілінен аударғанда «kyklos» - тура мағынада айтқанда қандай да бір уақыт аралығында даму шеңбері аяқталуынан түзілетін жұмыстардың, процестердің өзара байланысқан құбылыстардың жиынтығын білдіретін «шеңбер» дегенді білдіреді.

Экономикалық цикл, (іскерлік цикл, бизнес-цикл) — нақты ЖІӨ ұсынған, іскер белсенділіктің жиіліктің тербелу деңгейі. Экономикалық цикл — макроэкономикалық көрсеткіштердің динамикасын көрсететін, екі біркелкі экономикалық коньюнктура арасындағы уақыт мерзімі.



Экономикалық немесе іскерлік теорияда циклді тренд және цикл деп бөледі. Графикалық түрде оны былай көрсетуге болады (9.1, 9.2, 9.3 суреттер).

9.1-сурет Нақты ЖІӨ фактілі деңгейінің циклдік тербелуі мен тренді
Т сызығы, тренд деп аталатын, (trend — тенденция) оның потенциалды деңгейінде нақты ЖІӨ динамикасын көрсетеді. Тренд сызығы ұзақ мерзімді уақыт кесіндісінде нақты ЖІӨ тербелуі жатық болатындай құрылады. F толқын тәрізді сызығы тренд циклі маңында іскерлік тербелісті көрсетеді. Сынатын нүктелерге айырықша көңіл бөлейік — «шыңдар» (b,f) және «түбі» (d,h). РЕкі көршілес «шыңдық» немесе «түптік» нүктелер арасындағы қашықтық шеңбер ұзақтығын білдіреді, мысалы, bf немесе dh қашықтығы. Сынатын нүктеден вертикалы бойынша тренд сызығына дейін қашықтық мысалы, bb'және dd, бұл шеңберлі тербелістер амплитудасы.

Дәстүрлі отандық әдебиетте циклдің төрт фазасын бөліп көрсетеді: құлдырау — bс кесіндісі; дағдарыс — cd кесіндісі; жандану — de кесіндісі; өрлеу (бум) — ef кесіндісі. Дегенмен батыс әдебиеттерінде бизнес-цикл екі фазадан тұрады деп суреттеледі: рецессия (contraction, recession) — bd кесіндісі және өрлеуден (expansion) — df кесіндісі.


9.2-сурет. Экономикалық цикл және оның фазалары


Экономикалық циклдің әр фазасында экономикада не өтеді? Ол үшін проциклдік, контрциклдік және ациклдік айнымалыларды атап айту керек. Проциклдік айнымалылар көтерілу фазасында өседі және түсу фазасында төмендейді: ЖІӨ; жұмысқа тартылу деңгейі; экономиканың әртүрлі секторындағы өндіріс көлемі; баға деңгейі; бизнес кірісі; қаржы агрегаты, яғни қаржы массасының көлемі; қаржы айналу жылдамдығы; пайыздың қысқамерзімді төлемі. Контрциклдік айнымалылар төмендегенде жоғарылаумен және көтерілгенде төмендеумен сипатталады: дайын өнімнің тауарлы-материалдық қоры; өндіріс факторларының қоры; жұмыссыздық деңгейі; шығынға ұшырау деңгейі. Ациклдік айнымалылар цикл фазасына «қатыспайтын деп айтуға болады: мемлекетік шығындардың бірқатар түрлері (ұлттық қорғанысқа, фундаменталды зерттеулерге қолдау), бірқатар елдердегі экспорт немесе импорт.

9.3-сурет. Қазіргі жағдайдағы экономикалық цикл
Қазіргі және өткен ғасырдағы бірқатар ғалымдар шеңберлі тербелу қиындығына тап болған: С. де Сисмонди, К. Маркс,
К. Жугляр, Г. Хаберлер, А. Шпитгоф, Й. Шумпетер, Дж. Хикс,
П. Самуэльсон, Э. Хансен, Ф. Хайек, Д. Робертсон, С. Кузнец,
Н. Кондратьев, Р. Барро және тағы басқалар. Алдымен біршама белгілі экономикалық шеңбердің теориясын атап көрсету маңызды.

1. Ақша теориясы (М. Фридмен, М. Ротбард, Г. Хаберлер), айналымдағы қаржы массасын қысумен және мерзімді экспанция шеңберін түсіндіреді.

2. Жаңалық енгізу теориясы (Й. Шумпетер. Э. Хансен), маңызды техникалық жаңалықтарды қолданумен және ашылуынан туындаған шеңбермен түсіндіріледі мысалы темір жол, іштен жану двигателі деген сияқты.

3. Ортасында мультипликатор мен акселератор тиімді әсері болатын теориялар, (П. Самуэльсон, Дж. Хикс), нақты ЖІӨ тербелу шеңберін туындатушы.

4. Саяси іскерлік цикл теориясы (В. Нордхаус), салықты-бюджеттік саясат пен ақша-несие аумағында үкімет әрекетінің макроэкономикалық тербеліс себебін түсіндіруші. Осы теорияны жақтаушылар пікірі бойынша шеңбер үздіксіздігі таңдау үздіксіздігімен сай келеді (шамамен бес жылдай).

5. Шынайы іскер цикл теориясы (Р. Барро, Ч. Плоссер, Грегори Н.), макроэкономикалық тербелістер себебі шынайыдан ауытқудан болуы мүмкін, яғни номиналды шамадан емес: мысалы, жаңа технологиямен туындаған, жинақталған ұсыныстардың өзгеруінен туған шок десе болады.

Бұл теориядағы циклдіктің себебі сыртқы (экзогенные) факторлар әрі ішкі (эндогенные) факторлар болады. Экзогенді факторлар ол зерттелуші жүйе шегінде болатын факторлар:

а)елдің саны өзгеруі мен оның миграциясы;

б) жаңа жерлер мен табиғи ресурстарды ашу;

в) өнертапқыштық пен инновациялар;

г) соғыстар, революциялар, саяси жағдайлар;

Эндогенді факторлар экзогендіден айырмашылығы экономикалық жүйенің ішінде тұрады солайша іскер белсенділік тербелісі эндогенді теорияны жақтаушылар пікірі бойынша нарықты шаруашылыққа іштей қатысты.

Соңғы екіжүзжылдықта экономистер типті экономикалық шеңберді көрсетуге талпынды. Бұл шеңберлердің біршамасы өз құрушыларының атымен аталады. Өзінің ұзақтығымен ерекшеленетін іскер шеңберлердің бірқатар белгілі типтерін қарастырамыз: қысқа мерзімді, орташа мерзімді және ұзақ мерзімді циклдер.

Қысқа мерзімді Китчин циклі. Оны американдық статистик-экономис Дж.Китчин (1861-1932) атап көрсеткен, мұндай шеңбердің ұзақтығы екі-төрт жыл шамасын құрайды да, әрі тауарлы-материалдық қордың көлем тербелісімен түсіндіріледі. Сондықтан Китчин шеңберінің тағы бір атауы – қорлар шеңбері (тауарлы-материалдық қордағы инвестициялдарды айтып отыр).

Орташа мерзімді Жугляр цикл ұзақтығы 8-10 жыл француз экономисі Клемент Жуглярдың (1819–1908) атымен аталған. К.Жугляр алғаш рет бағаның уақытша жүйесін пайыздық төлемдері мен айқын мақсаттарға арналған орталық банктің резервтерін жүйелі қолданды, яғни шеңберді талдау үшін алғашқылардың бірі болып шеңбер фазасын бөліп көрсетті (оның терминдерінде «көтеру», «жарылу», «жою»).

Кондратьевтің ұзақ мерзімді циклдер конъюнктураның ұзын толқындары), ұзақтығы 48-55 жыл, орыстың экономист-ғалымы Николай Дмитриевич Кондратьевтің (1892-1938) атымен байланысты. Н. Д. Кондратьевтің «ұзынтолқынды» циклдері – ұзақтығы 45–60 жыл. Экономиканың толқын секілді қозғалуының себебі, қоғамдық өндірістің тезнологиялық базаларындағы радикалды өзгерістер; оның құрылымдық қайта құрылуы.

К. Маркстің циклдары негізгі капиталдың жаппай жаңаруының мерзімділігімен байланысты, ұзақтығы 10 жыл болатын циклдар.

С. Кузнецтің циклдары немесе құрылыс циклдары, ұзақтығы 15-20 жыл болатын, тұрғын үйлердің және кейбір өндіріс жабдықтарының жаңару мерзімділігімен байланысты. Кейіннен бұл циклдар «ұзақ ауытқулар» деп атала бастады.

Қысқамерзімдік циклдардағы теңдікке, тұтыну нарығындағы қарым-қатынас сферасында жетеді. Ортамерзімдік циклдарда өндіріс пен тұтынудың, өндірістік базаның кең көлемде жаңаруы мен техникалық жандануының негізінде, құрылымдық қайтақұрылуы жүзеге асады. Ұзақмерзімді циклдар өндірістік күштің техникалық сипатының өзгеруіне, оның жаңа әлеуметтік жүйеге айналуына байланысты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет