Макроэкономика


Инфляцияның әлеуметтік-экономикалық салдары



бет80/85
Дата11.04.2022
өлшемі6,19 Mb.
#30576
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   85
Байланысты:
treatise137692

10.3 Инфляцияның әлеуметтік-экономикалық салдары
Инфляцияның теріс әлеуметтік-экономикалық салдарларына ең әуелі заңды түрде бекітілмеген, бірақ барлығы үшін міндетті болып келетін инфляциялық салық жатқызылады. Инфляциялық салық дегеніміз:

  • Айналымға қосымша ақша көлемін шығару нәтижесінде мемлекет алатын табыс;

  • Ақша қалдықтарының нақты құнының төмендеуі нәтижесінде ақша иелері тап болатын шығындар;

  • Регрессиялық салық, себебі кедей адамдар инфляциялық салық ретінде табысының көбірек үлесін төлейді;

  • Басқа көздерден салықтарды алу қиындатылған жағдайда бір қатар дамушы мемлекеттерде салық салу құралы.

Халық үшін инфляцияның әсерінен жоғалтулары олардың жоспарлылығына және экономикалық субъекілердің күтімдері қандай сызба бойынша қалыптастырылатындығын байланысты болады.

Инфляцияның екі түрін ерекшелейді: болжамдалған (күтілген) және болжамдалмаған (күтілмеген) инфляция.

Болжамдалған инфляция адамдардың күтімдерінде пайда болғанға дейін есепке алынады, сондықтан оған халық белгілі дәрежеде дайын болады. Осылайша, мысалы, егер экономикалық субъектілер жылдық инфляцияны 10% көлемінде күтсе, онда олар өздерінің номиналдық табыстарын түзетеді: еңбек келісімшарттарында еңбекақының өсуі қарастырылады; жалдау төлемі көтеріледі; банктік операциялар кезінде номиналды пайыздық қойылым шынайымен салыстырғанда 10% өседі.

Күтілетін инфляция жағдайында И. Фишердің теңдеуін есепке ала отырып номиналды табыстарды түзетуге болады:


(10.9)

мұндағы, – күтілетін инфляцияның деңгейі; i – номиналдық пайыздық қойылым; r – нақты пайыздық қойылым.



Егер инфляция қарқыны 10% артса, онда И. Фишер теңдеуі келесі түрде болады:

(10.10)
Бірақ, егер болжамдалған инфляцияның әсерін жоюға мүмкіндік келсе, келісімшарттарда экономикалық субъектілердің мінез-құлқына байланысты емес және таңдамалы сипаты жоқ болжамдалған инфляцияның қоғамдық шығындары бар, олар ұлттық экономиканың қызметімен байланысты, сондықтан оларға жалпы қоғам жауап береді. Осы шығындар келесілерде көрініс табады:

  • «Тозған аяқ-киім» шығындары. Инфляция жағдайында банктерге жиі бару қажеттілік болып табылады, себебі келісім жасау үшін адамдарға ақша керек (Баумоль-Тобин моделін есімізге түсірейік). Адамдар брокерлерге оларға облигацияларды сатып немесе сатып алғандары үшін өте көп ақша төлеп, банктерге жиі барады. Барынша аз ақша төлеу туралы ойлар оларды түнде мазалайды;

  • «Меню» шығындары. Бағалардың өзгеруі салдарынан оларды түзету үшін фирмалардың нақты шығындары болады: ресторандар, кафелер өз ас мәзірлерінің бағаларын өзгертіп, жаңа бланктарды басып шығаруға мәжбүр болады; такарларды пошта бойынша жіберетін дүкендер каталогтарды өзгерті қажет және т.б.;

  • Экономикалық тиімділіктің төмендеуі, себебі бағалық сигналдарға ауытқулар енгізіледі. Егер төмен инфляция салыстырмалы бағалардың өзгеруін және бағалардың жалпы деңгейінің өзгеруін бағалауға мүмкіндік берсе, жоғары инфляция осындай бағалауды қиындатады;

  • Салық салу қағидаларының бұзылуы. Номиналды еңбекақы мен номиналды табыс өскен сайын, халықтың салықтық ауыртпалығы арта түседі: табысқа салынатын салық қойылымының артуы және салық салудың прогрессивті шкаласы кезінде автоматты түрде салық салудың жоғары санатына өту орын алады. Одан басқа, капитал құны (акциялар мен басқа да құнды қағаздар) өсімінен номиналды табысқа салынатын табыс салығы өседі.

Оливер-Танзи әсері. Салықтарды алу кезінде уақыттық лагтардың бар болуы салдарынан инфляция салық ауыртпалығының нақты көлеміне әсер етеді. Салықтық міндеттемелер әдетте белгілі бір мезетке есептеледі, ал төлем кешірек жүзеге асырылады және салық түсімдері салық ауыртпалығын жеңілдете отырып, құнсыздануға үлгереді. Бұл құбылыс экономикалық теорияда «Оливер-Танзи әсері» терминімен белгіленеді. Үкімет берілген әсерді болдырмауға тырысып, салықтарды алдын-ала төлеудің жиілігін арттыру және басқа да әдістерге жүгінеді.

Келесілер болжамдалмаған (күтілмеген) инфляцияның негізгі құралдары болып табылады:



  • Халықтың әртүрлі топтарының арасында табыс пен байлықты қайта бөлу: кредиторлардан дебиторларға, себебі қарыз арзандатылған ақшамен қайтарылады және қарызгер кенеттен пайда болған ұтысқа ие болады. Егер қарызға алынған ақша нақты капиталға, мысалы, жылжымайтын мүлікке немесе газдың кен орнына салынса, онда ұтыс тіптен үлкен болады. Үлкен мемлекеттік қарызды жинастырған үкіметтер оны құнсызданған ақшамен қайтарады.;

  • Халықтың нақты табысының төмендеуі, әсіресе бекітілген табысы бар әлеуметтік топтарда (зейнеткерлер, студенттер, бюджеттік саланың қызметкерлері);

  • Халықтың банктерде орналасқан жинақтарының құнсыздануы, өйткені салым бойынша пайыздар жинақтар көлемдерінің нақты төмендеуін жаба алмайды. Жинақтардың сызбасы өзгертіледі: нақты құнды сақтай алатын активтерге деген сұраныс жоғарылайды, нәтижесінде жинақтар көнесе шетел валютасына аударылады (экономканың «долларизациясы»);

  • Әлеуметтік бағдарламалардың «шайылуы», өйткені, әдетте, үкімет өз шығындарын өмір құнының қымбаттаған дәрежесінде ұлғайтпайды және кедейлерге төленетін мемлекеттік әлеуметтік төлемдер нақты шамада қысқарады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет