Макроэкономика



бет79/85
Дата11.04.2022
өлшемі6,19 Mb.
#30576
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   85
Байланысты:
treatise137692

Есептер:


  1. А фирмасы әрбір жылдың соңына қарай сату көлемдерінің әр бір долларына 3 долларға тең болатын өндірістік қорды иемденуді саналы деп санайды. 1-кестеде берілген мәліметтердің негізінде келесілерді анықтаңыздар:




Жыл

Жылдық сату көлемдері

Жыл басындағы қорлар

Жыл соңыда күтілетін қорлар

Жылдық өндіріс көлемі

2007

40

100







2008

56










2009

60










2010

68










2011

78









Келесілерді табыңыз:



  • Әрбір жыл басындағы және соңындағы қор көлемі;

  • Әрбір жылдағы өндіріс көлемі;

  • Қандай жылдары ең жоғары деңгей болғанын анықтаңыздар: қордағы инвестициялар мен өндіріс көлемдері бойынша.




  1. Бас экономисттердің болжамдары бойынша мемлекеттегі экономикалық жағдай келесідей сипатталады деп болжайды:

C=10+0,7Y

I=50 млрд. долл.

G=100 млрд. долл.

Келесі жылы болатын болжамдалған ЖҰӨ көлемін анықтаңыздар.


  1. Елдің экономисттері тұтынушылық шығындар (C) мен инвестициялардың (I) ЖҰӨ (Y) деген тәуелділіктері келесі теңдеулерде көрінеді деп ойлайды (млрд. долл.):

C=8+0,6Y

I=0,1 Y


Олардың бағалаулары бойынша келесі жыл тауарлар мен қызметтерді сатып алуға кеткен мемлекеттік шығындар 50 млрд. долл., ал таза экспорт – 5 млрд. долл. құрайды.

Келесі жылы болатын болжамдалған ЖҰӨ көлемін анықтаңыздар.



10 ИНФЛЯЦИЯ ЖӘНЕ ЖҰМЫССЫЗДЫҚ

10.1 Жұмыссыздық
Жұмыссыздық — іскерлік белсенділіктің өзгеруімен бірге жүретін маңызды көрсеткіштердің бірі. Толық емес жұмысқа тартылу әлеуметтік ыза тудырады әрі үкімет өзінің макроэкономикалық саясатында толық жұмысқа тартылуға ұмтылады.

Жұмыс күші, немесе экономикалық белсенді тұрғындар. Оған жұмыс істеушілер мен жұмыссыздар жатады. Жұмыс жасаушылар – 16 жастан жоғары, жалданып немесе өзіне жұмыс жасайтындар жатады (өзімен өзі жалданушы), сонымен бірге уақытша жұмыс жасамаушылар мен еңбек демалысындағылар да жатады.

Жұмыс күші құрамына кірмейтін адамдар санаты да бар. Көптеген басты елдерінде оған мектеп оқушылары мен жоғарғы оқу орындары студенттері де, әскердегі (егер ол міндетті шақырылымда болса), үй шаруасындағылар мен жұмыс жасағысы келмейтіндер де жатады.

Халықаралық еңбек ұйымының анықтауы бойынша (ХЕҰ), жұмыссыз деген жұмыс істеуге қабілетті, бірақ жұмыс жасамайтын адам (жұмыс жасауға дайын) және соңғы төрт аптада белсенді жұмыс іздеуші.

Жұмыссыздық түрлері:

Фрикциондық жұмыссыздық – бұл адамдардың жұмыс орнын ауыстыруымен немесе жаңа жұмыс орнын іздеуімен байланысты болатын жұмыссыздықтың түрі.

Құрылымдық жұмыссыздық – бұл еңбекке деген сұраныс құрылымының еңбек ұсынысына сай келмеуінен пайда болатын жұмыссыздық түрі. Мұндай сәйкессіздік жұмысшылар мамандығының бір түріне сұраныстың жоғарылап, ал екінші түріне төмендеуінен, ұсыныстың мұндай өзгерістерге баяу бейімделуінен болады.

Циклдік жұмыссыздық – бұл құлдырау кезеңімен байланысты пайда болатын жұмыссыздық түрі.

Жұмысқа тартылғандар (E) мен жұмыссыздар (U) қосындысы елдің жұмыс күшін көрсетеді (L):
L=E+U (10.1)

Жұмыссыздық деңгейі (u) жұмыссыздар мөлшерінің (U) жұмысшы күшін (L.) көрсетуші адамдар қатынасымен есептеледі, ол пайыздық түрде сипаталады:


и =(U/L)*100% (10.2)
Бірге алынған фрикциондық және құрылымдық жұмыссыздық жұмыссыздықтың табиғи деңгейі немесе жұмыссыздықтың тепе-теңдік деңгейі деп аталады, u*. Бұл деңгей толық тартылу деп те аталады. Осылайша толық жұмысқа тартылу – бұл жұмыссыздықтың нолдік мөлшері емес. ЖІӨ шынайы көлемі, жұмыссыздықтың табиғи деңгейінде туындаушы экономиканың өндірістік потенциалын анықтайды. Осылайша потенциалды ЖІӨ – бұл табиғи жұмыссыздық деңгейі шартында туындаған ЖІӨ.

«Табиғи жұмыссыздық деңгейі» сөзтіркесі кейде басқа терминмен алмастырылады – NAIRU (Non-Accelerating-Inflation Rate of Unemployment) – инфляцияны жылдамдатпайтын жұмыссыздық деңгейі. Егер үкімет жұмыссыздық деңгейін төмендетуге талпынса, әлуетті ЖІӨ деңгейінде болатын, онда жылдамдаушы инфляциямен соқтығысады.

Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі келесі формула бойынша есептеледі:

(10.3)

мұндағы,


u* – жұмыссыздықтың табиғи деңгейі;

F* – оларға жұмыс орны бар жұмыссыздар саны;

R – экономикалық белсенді халық;

q – жұмысын жоғалтып жатқан жұмысшылар үлесі;

µ – жұмыс тауып жатқан жұмыссыздар үлесі.

Жұмыссыздықтың табиғи деңгейіне әсер ететін факторлар:

а) демографиялық фактор;

б) еңбекақының төменгі деңгейі

в) кәсіподақтардың әрекеттері.

Жұмыссыздық, әсіресе шеңберлі, қоғамдағы әлеуметтік кернеулікпен бірге жүреді. Одан басқа қоғам ЖІӨ нақты төмендеу нәтижесінде шығынға ұшырайды. Табиғи деңгейден нақты жұмыссыздық деңгейін шегеру (и – и*) жұмыссыздық ыдырауы деп аталады. Осыған байланысты Оукен заңын қарастырамыз. Американдық экономист Артур Оукен (1928-1980) өз жұмыстарында 1960-шы жылдары, жұмыссыздық ыдырауы 1% ЖІӨ ыдырауына сай келеді деп есептеді, (фактілі ЖІӨ потенциалдыдан ауытқуы) 3%. Біршама берідегі бағалаулар осы екі ыдыраудың қатынасын береді 1/3ке, 1/ 2,5 немесе тіпті 1/2ге.

Оукен заңы нақты ЖІӨ мен жұмыссыздық деңгейінің арасындағы тәуекелділікті анықтайды. Оукен заңы бойынша әлуетті ЖІӨ-мен салыстырғанда нақты ЖІӨ-нің 2%-ға төмендеуі жұмыссыздық деңгейін 1%-ға жоғарлатады. Оукен заңы былай жазылады:

Y*-Y/Y*= y(u-u*) (10.4)

мұндағы,


Y* – толық жұмыстылық жағдайында әлуетті өндіріс көлемі;

Y – ұлттық өндірістің нақты көлемі;

u – жұмыссыздықтың нақты деңгейі;

u* – жұмыссыздықтың табиғи деңгейі;

y – Оукен коэффициенті.

Оукен қисығы келесі екі жағдай орын алғанда қозғалады:



  1. толық жұмыстылық кезінде ұлттық табыс өзгерсе;

  2. жұммыссыздықтың табиғи деңгейі өзгерсе.


10.2 Инфляция
Жұмыссыздық сияқты, инфляция – макроэкономикалық тұрақсыздық көрінісі. Соның кесірінен әлеуметтік экономикалық сипатта жүұмыссыздық сияқты қауіп туғызады.

Егер нарықтық экономиканың Ұлы депрессиясы кезінде тұрақсыздықтың осындай төмендеу сияқты айқын көрінісімен соқтығысса, онда ХХ ғасырдың екінші жартысында макроэкономикалық тұрақсыздықтың біршама анық көрінісі инфляция болды. Инфляция феноменін қалай анықтау керек?

Инфляция – елдегі жалпы бағалар деңгейінің ұзақ және тұрақты өсуі. Осыдан тауармен қызметтің барлық түріне баға міндетті өспейді: бірқатар тауар түрлері өзгермейді тіпті төмендеуі де мүмкін. Бастысы инфляцияда жалпы немесе орташа баға деңгейі өседі. Маңыздысы инфляцияда баға өсуі тауар топтары бойынша біркелкі емес, яғни салыстырмалы бағалар секіріп, әртүрлі өзгереді.

Инфляцияның ішкі және сыртқы себептері бар.

Инфляцияның ішкі себептері:


  • Тұтыну тауарларын өндіретін салалардың өндіріс құралдар өндіретін салаларға қарағанда артта қалуы;

  • Мелекеттік бюджет тапшылығы;

  • Экономиканың циклдік дамуының көрінісі болатын микро-макродеңгейдегі сәйкессіздіктер;

  • Сыртқы саудадағы мемлекеттің монополиясы;

  • Нарықта баға орната алатын монополистердің болуы;

  • Салықтардың, несие пайыздарының жоғары болуы.

Инфляцияның сыртқы себептері:

  • Әлемдік құрылымдық дағдарыстар (шикізаттық, энергетикалық, экологиялық, азық-түліктік);

  • Ұлттық валютаның шетел валюталарына айырбасталуы.

Инфляцияға қарсы дефляция – бұл бағаның жалпы деңгейінің ұзақ, тұрақты төмендеуі.

Инфляцияны қалай өлшеу керек? Алдымен біз инфляция қарқынына анықтама береміз: инфляция қарқыны – бағаның жалпы деңгейінің өзгеру қарқыны.

Ұлттық табыстың өсуімен салыстырғанда номиналды ақша массасы динамикасының басым болуы инфляцияның пайда болу шарты болып табылады.

Инфляция деңгейі мына формуламен есептелінеді:

(10.5)

мұндағы,


π – инфляция деңгейі;

P – ағымдағы жылдағы бағалардың орташа деңгейі;

P – базалық жылдағы бағалардың орташа деңгейі.

Инфляцияны өлшеу әртүрлі баға индекстерінің көмегімен жүзеге асады.



Тұтынушы баға индексін (ТБИ) тұтынушы тауарлары мен қызметтің стандартты қоржынын сатып алуға кеткен уақытпен өлшенеді. Бұл индексті қолдану арқылы инфляция қарқынын келесідей өлшеуге мына формула көмектеседі (π):
(10.6)

Өндіруші баға индексі (ӨБИ) көтеріп сату немесе өндіріс сатысындағы баға деңгейімен өлшенеді. ЖІӨ дефляторы тек тұтынушы ғана емес, басқа тауарлар құны өсуін де өлшейді. Сәйкес инфляция қарқыны өсуін есептеу үшін мына формулаға ТБИ мен ӨБИ шамаларын енгізу керек.

Инфляция келесі белгілер бойынша бөлінеді:

1. Экономиканы мемлекеттік реттеудің дәрежесіне байланысты:

Ашық – нарықтық экономикаға тән еркін баға кезіндегі әрекет ететін инфляция.

Жасырын – қатаң мемлекеттік реттеу кезінде әрекет ететін инфляция. Ол тауарлар мен қызметтер тапшылығынан байқалады.

2. Бағалардың өсу қарқынына байланысты:



Тұрақты – жылдық қарқыны 10%-ға дейін болатын инфляция.

Секірмелі – жылдық қарқыны 20-200%-ға дейін болатын инфляция. Ол мемелекетте қаржы-несие саясатының күрделі қателіктері туралы мәлімет береді.



Гиперинфляция – жылдық қарқыны 200%-дан артық (П. Самуэльсон критерийі) немесе айлық қарқыны 50%-дан асатын инфляция (Ф. Кейган критерийі). Инфляция мүлдем басқарылмайды. Бағалар күнде қайта қаралады.

3. Алдын ала болжау дәрежесіне байланысты:

Күтілетін инфляция әсерінен болатын жоғалтулардың алдын алуға немесе азайтуға мүмкіндік береді.

Күтілмеген инфляция нақты табыстардың төмендеуіне және несие беруші мен алушының арасында табыстардың қайта бөлінуіне әкеледі.

4. Инфляцияны тудыратын факторларға байланысты:

Сұраныс инфляциясы – жиынтық сұраныстың жиынтық ұсыныстан артық болатындағы инфляция.

Шығындар инфляциясы – өнім бірлігіне кететін орташа шығындардың артуынан пайда болатын инфляция. Бұл кезде ұсыныс көлемі сұраныстан қалып отырады.

Сұраныс инфляциясы тұрақты ұзақ баға деңгейі өсуі сұраныс жиынтығының жоғарылауынан туындайды. Ол қаржы ұсынысына қатысты факторлармен байланысты. Монетаристер ол ақша массасы өсуімен байланысты екеніні атап көрсетеді. Өз кезегінде жиынтық сұраныстың өсуі әртүрлі себептерге негізделген, бірақ көбінесе арзан ақша саясатымен байланысты ол негізінен үкімет арқылы жүзеге асады. Сұраныс инфляциясы көбінесе макроэкономикалық саясаттың нәтижесі болып табылады. Ол мемлекеттік бюджет кірістеріне шығын жоғарылауымен байланысты. Мемлекеттік бюджет жетіспеу себептері мысалы үкіметтік популистік саясатынан болуы мүмкін, ол еңбек ақы мен зейнетақының жоғары мөлшерін белгілейді, басқаша айтқанда бюджеттік тапшылық және қаржыландырудың осы тәсілі, яғни ақшаны басып шығару сияқты инфляциялық импульсі бар. Әрине, еш мемлекет баға өсуін қаламайды. Сұраныс инфляциясы осындай саясаттың қосымша нәтижесі болады.

Сұраныс инфляциясы графикалық түрде оң жақтағы қисықтар араласуымен суреттеледі AD (сурет. 10.1а): AD қисығы қозғалуы мына жағдайда AD' баға деңгейін мына деңгейге жоғарылатудан туындайды P1. Бұл қисық ЖІӨ көлемі потенциалды деңгейден шығуымен бірге жүреді немесе толық жұмыспен қамтылу деңгейімен. Ол мына символмен белгіленген Y*. Мына нүктеде Y' қамтылу деңгейі өзінің табиғи деңгейінен жоғары болады, бірақ оған төлем инфляциямен жүзеге асады.



10.1-сурет. Сұраныс және шығындар инфляциясы:

а) сұраныс инфляциясы; ә) шығындар инфляциясы


Шығындар инфляциясы жиынтық ұсынысты қысқартумен туындаған баға деңгейінің ұзақ, тұрақты өсуі. Оның себептері өндіріс шығындарын жоғарылатушы факторлар. Мысалы, еңбек ақыны көтеру, жалданған жұмысшы көлемімен тұрақты күресіп, электрэнергиясы компанияларының қызметтері мен тауарлары, мұнай бағасы ол шет елден келеді т.б. Барлық осы себептер өндіріс ұстанымдары жоғарылауына әкеледі. Ол графикті сол жақтағы сызық қисығымен көрінеді АS. AS қисық қозғалысы мына жағдайда АS' Р0 нүктесінің P2 нүктесіне ордината осінде жоғарылаумен бірге жүреді (сурет. 10.1ә). Өндіріс ұстанымдары жоғарылауы жеке қожалықтардың өз өніміне бағасын көтеруге әкеледі сол арқылы бизнесінің түсімін жоғалтпау керек. 10.1а суреттегі АS қисығының 9.1.ә суреттегі ұқсастығы бойынша толық қамтылу деңгейіне қатысты солға қарай сырғиды, немесе нақты ЖІӨ-ге қарай (Y*): өнім шығарылуы Y" деңгейге дейін қысқарады және нақты жұмыссыздық баға көтерілуімен байланысты бір мезгілде жоғарылайды.

Үрдіс ретінде қарастырылатын инфляциядан инфляциялық шокты айыра білу қажет. Инфляциялық шок – гиперинфляция пайда болуының себебіне айнала алатын бағалардың бір сәттік жоғарлауы.



Инфляцияның әлеуметтік-экономикалық әсері қандай? Солардың маңыздыларын көрсетейік.

1. Инфляция нарықтық механизмді бұзады, бағалар нарық субьектісінің нағыз қажеттігін және оның динамикасын көрсете алмайды.

2. Инфляция экономикада тиімділіктердің қайта бөлінуіне әкеледі: кей топтар одан көп кейбірі біраз аз азап шегеді. Қайта бөлінетін тиімділіктер күтпеген инфляция жағдайында күштірек болады. Осы кезде қарыз берушілер ұтады да кредиторлар ұтылады. Осылайша, күтілетін инфляция жағдайында пайыздық ұстанымдарға біз белгілі формуланы қолданамыз ол Фишер тиімділігін суреттейді.

3. Инфляция жағдайында шынайы кірістер мен тұрғындар жағдайы төмендейді. Номиналды кірістер өскенімен ол баға өсуі темпінен қалады. Инфляцияға қарсы кіріс компенсациясы ешқашан жүз пайызды болмайды, әсіресе галопирлі инфляция мезгілінде.

4. Инфляция инвестициялық шешім қабылдағанда белгісіздікті күшейтеді. Экономиканың нақты секторына ақша салу рационалды емес болып табылады. Алып сатумен айналысу тиімді болады. Осылайша инфляция шынайы ЖІӨ қысқаруына әкеледі, ал біршама ұзақ мерзімде елдің ұлттық байлығы ыдырауына әкеледі.

Инфляциялық үрдістерді өзгертуде нарық субьектілерінің күтулері маңызды рол атқарады. Экономикада немесе адам әрекетінің басқа саласында ма тәуелсіз күту деген – бұл адамдардың болашақ туралы көзқарасы мен немесе белгісіз айнымалылардың салыстырмалы көзқарастары. Олар өткен шақ сонымен бірге болашақ тенденцияларына негізделген, сонымен бірге басқа субьектілердің жоспарлары.



Инфляциялық күту – инфляцияның болашақ қарқыны немесе болашақ деңгейі туралы нарық субьектілерінің көзқарастары. Олар адаптивті және рационалды деп бөлінеді.

Адаптивті инфляциялық күтулер мына формуламен анықталады:

(10.7)

мұндағы,


πеt – осы мерзімдегі күтілетін инфляция қарқыны (мысалы, 2017 жылдағы);

πt – нақты құрылған инфляция қарқыны( 2017 ж);

πеt+1 – болашақта күтілген инфляция қарқыны (мысалы, 2018 ж);

μ – адаптация коэффициенті (бірқатар басылымдарда ол жобалау қателік шамасы үлесіндегі баға күтудің түзету дәрежесі деп аталады. Бұл коэфициент шамасы мына шекте болады 0 < μ < 1).

(9.5) формуласындағы мәндер – бұл жобалау қателігі, яғни осы мерзімдегі инфляцияның күтілетін және нақты құрылымы арасындағы айырма. Экономикалық агенттің адаптивті күту моделінде өзінің жобалау қатесін ескереді және өзінің инфляциялық күтуін тұрақты қарсатырады (жаңа баға деңгейіне бейімделеді). Егер нақты құрылған инфляция қарқыны осы мерзімде күтілетін деңгейден жоғары болса, онда бұл жобалау қателігі ескеріледі, келесі мерзімде нарық ойыншылары өзінің инфляциялық күтулерін реттейді.

Адаптивті инфляциялық күту кейде өткен шаққа тырысқан күту деп те аталады. Адамдар өткен инфляция қарқынына бағдарланады да экономикалық коньюнктура қысымымен біртіндеп өз күтулерін өзгертеді.



Рационалды инфляциялық күту мына фомуламен анықталады:

(10.8)
Бұл деген индивидтер сол сәттегі бағаның ақпаратын қолданады деген сөз. Олар тек инфляцияның өткен қарқыны туралы ақпаратты ескеріп қана қоймай болашақтағы инфляция қарқынына әсер етуші мүмкін болатын барлық факторларды жобалайды. Мына формуладағы күтілетін инфляция қарқыны оған келесідей мысалдарды келтіруге болады: қаржы эмиссияның масштабы, айырбас бағамы, пайыздық өтем, ел басшысының қандай да бір регионда соғыс бастау ойы, энергия тасушылардың құны, Салық кодексіне өзгерту енгізу, оның саясатына қатысты Орталық Банктің жоспарлары сияқты барлық факторлар функциясы ретінде қатысады.

Сондықтан рационалды күту болашаққа ұмтылушы күтулер деп аталады. Жобалау қателігі рационалды күту моделінде нолге тең және инфляцияның нақты қарқыны оның күтілетін деңгейіне тең:




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет