Макроэкономика



бет82/85
Дата11.04.2022
өлшемі6,19 Mb.
#30576
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   85
Байланысты:
treatise137692

Экономиканы инфляциядан қалай емдеу керек?

Инфляциямен күрес бірнеше жұмыстың жиынынан тұрады, ол жылдық инфляция темпін төменгі мәнге төмендетуге бағытталған. Шынында мақсатты ориентирде инфляцияның нолді темпі туралы айтуға болатын еді. Дегенмен инфляциялық потенциал қазіргі нарықтық экономиканың көптеген факторлардан тәуелді, ол үкімет жағынан тура бақылауға берілмейді, ішкі факторлардан туындаған, ол әрі 1973-1975 жж энергиятасымалға баға көтерілуін қайта қайта еске түсіре береді.

Егер инфляция табиғаты сол не басқа экономикалық жағдайда анық болса яғни сұраныс инфляциясы мен ұстаным инфляциясы онда қолданылған шаралар баға өсуін тудырған сеебептерден адекватты болуы керек.

Инфляцияға қарсы саясат – бағалардың жалпы деңгейін тұрақтандыруға бағытталған макроэкономикалық саясат.

Инфляцияға қарсы саясат 2 блоктан тұрады:

1) жиынтық сұранысты реттеу;

2) жиынтық ұсынысты реттеу.

Инфляцияға қарсы саясатты талдауда оның екі бағытын көрсеткен жөн:

- Кейнстің бағыты. Ол белсенді бюджеттік саясатты жақтайды, мемлекеттік шығыстар мен салықтарды икемді пайдаланып,төлеу қабілеті бар сұранысқа ықпал етеді.

- Монетарлы бағыт. Ол экономиканы ақша-несие саясаты арқылы реттеуді ұсынады. Реттеудің бұл түрі үкіметтің тікелей бақылауынан тыс, дербес Орталық банк арқылы жүргізілуі тиіс. Ол айналымдағы ақша массасын және несие пайызын өзгерту арқылы инфляцияны тежейді.

Инфляцияға қарсы саясат сұраныс инфляциясы жағдайында ең бастысы қаржы массасының өсу темпін шектеу. Бұл саясат алдымен гиперинфляцияға қарсы шара болып табылады. Соңғысына келсек, онда ешқандай макроэкономикалық ғылымның әртүрлі мектептері арасында ешқандай теориялық дисскуссия болмайды: инфляцияның жылдық темпі, ол үш өлшемді және одан көп цифрмен көрсетілген. Ең маңыздысы антиинфляциялық саясатты жүзеге асыру үшін үкіметтік бюджет дефициті қысқаруы керек. Қаржы ұсынысы бізге белгілі қымбат ақша саясатында қысқарады ол міндетті резервтер мен есептік мөлшермені жоғарылатуды ұсынады.

Инфляция жағдайында үкімет жиынтық ұсынысты қолдауға ұмтылады немесе графикті талдауға оралып, жиынтық ұсыныс қисығын оңға қозғалтады, солай өнім шығарылымын кеңейтуге, баға құнын төмендетуге көмектеседі. Еңбек өнімділігін көтеруге бағытталған барлық шаралар, фирма монополизмін шектеу, яғни өз өніміне бағаны көтеретін, құрылымдық реформалар, бәсекелестікті кеңейтуге бағытталған, еңбек нарығын мобилдендіру, инфляция қарқынын төмендетуге көмектеседі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет