Максималды Ток релесі Жоспар



бет2/3
Дата16.10.2023
өлшемі0,61 Mb.
#116314
1   2   3
Байланысты:
максималды реле т

3.1 Индукциялық реле

Индукциялық реле белгілі бір өткізгіштегі индукциялық ток пен айнысалы магнит ағынның өзара әрекеттесуіне негізделген. Сондықтан, олар тек электр энергиясына арналған қорғау релесі ретінде айнымалы токқа қолданылады. Әдетте, бұл жанама әсердің қайталама релесі.



5-сурет. Индукциялық реле.
Индукциялық реленің қолданыста 3 түрі бар: рамкалы реле, дискілі реле, стаканды реле.
Рамкалы индукциялық реледе магнит ағыны фаза бойынша ығысқан рамка түрінде орналасқан екінші магнит ағыны өрісінде қысқа тұйықталған орамада токты индукциялайды. Бұл реле өте сезімтал және басқа индукциялық релелермен салыстырғанда шапшаң. Бір кемшілігі болып оның айналу моментінің төмендігі болып табылады.
Дисклі индукциялық реле өте кең тараған. Бұл реленің конструкциясы өте қарапайым және қозғалмалы бөлігінің айналуы үлкен.
Стаканды индукциялық реленің қозғалмалы бөлігі стақан тәріздес болып келеді. Ол екі ағынды төртполюсті магниттік жүйеде айналады. Ф1 және Ф2 ағындары жаықтықта 90° бұрышта орналасқан, ал уақыт бойынша γ бұрышқа ығысқан.
Стақан ішінде магниттік кедергіні кеміту мақсатында болат цилиндр орналасқан. Бұл дискілі релеге қарағанда қиынырақ, бірақ әрекет ету уақыты 0,02 с дейін. Бұл оның кең қолданыс табуына себеп болды.

6-сурет. Индукциялық реле түрлері. а) рамкалы; б) дисклі; в)стақанды.

3.2 Электромагниттік реле

Электромагниттік релелерде контактты ауыстыру ферромагниттік арматураны электромагнитке тартудың электромеханикалық күшінің әсерінен туындайды.


7-суретте электромагниттік реленің схематикасы көрсетілген. Магнит өзекшеде катушка орналасқан. Одан аққан Ip тогы келесі контур бойынша тұйықталатын Фм магнит ағынын туғызады: магнит өзекше, ауа саңылаулары, якорь. Күштің магнит сызықтары бағыты белгілі ережелермен анықталады. Токтың кез келген бағытында магнит өзекше мен якорь әраттас магниттер сияқты екенін көруге болады. Суретте күштің магниттік сызықтары магнит өзекшеде оң полюстан солға бағытталған болса, ал якорьде – керісінше. Сондықтан якорь мен магнит өзекше арасында тартылыс күші пайда болады. Белгілі бір ток шамасында, бұл күш серіппенің кері тартылыс күшін басып озады. Сонда якорь магнит өзекшеге тартылып, контактты тұйықтайды. Контактіні ашу және релені бастапқы күйге қайтару ток бастапқы ток деңгейіне дейін төмендеген кезде пайда болады. Бұл ток шамасында тартылыс күші серіппенің күшінен аз болады. Магнит ағыны магниттік тізбек үшін Ом заңы деп аталып кеткен формуламен анықталады.




7-сурет. Электромагниттік реле қондырғысы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет