Мал шаруашылық Өнімдерін ветеринариялық-санитариялық сараптау



бет52/70
Дата22.05.2023
өлшемі1,21 Mb.
#96011
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   70
Байланысты:
ВСЭ каз ОКОНЧ

Тотығықтық санын анықтау. 100 г майдағы тотықты йодты калийден бөлінген иод мөлшерін (г) тотықты сан деп атайды.
Бұл әдіс тотықтың молекулярлы йодтан босату мен йодты калийді қышқыл ортада ашыту мүмкіндігіне негізделген. Соңғы құрамындағысын крахмал индикаторы ретінде қолдана отырып гипосульфит натрий ерітіндісін титірлеумен анықталады.
Сүртілген қақпағы бар конустық жұмыр шыныға 0,2 мг кемдікпен өлшенген майды 8 г шамасында енгізеді, су моншасында май іздерін жуу арқылы жұмыр шыны қабырғасы арқылы ерітеді, 10 мл хлоформадан және мұзды сірке қышқылын құяды. Тез арада 0,5 мл қаныққан балғын дайындалған йодты калий ерітіндісін қосады. Жұмыр шыныны қақпақпен жауып, жұмыр шыны ішіндегісін шайқау арқылы араластырадыда 3 минутқа қараңғы жерге қояды. Кейін жұмыр шыныға алдын ала 1 мл 1% крахмал ерітіндісі қосылған 100 мл дистилденген су құяды. 0,01 н гипосульфит натрий ерітіндісімен көк бояу жоғалғанша дейін титірлейді.
Реактивтердің тазалығын тексеру үшін қортынды анықтауға жүргізеді(майсыз). Егер қортынды анықтауға 0,07 мл – ден аз емес 0,01 н гипосульфит натрий ерітіндісі кететін болса, реактивтерді талдауға жарамды деп есептейді. Тотықтық санын (Х) формула бойынша есептейді;
Х = ((У – У1) · К · 0,00127)/М · 100
мұндағы, У – титірлеуге жұмсалған 0,01н гипосульфит натри ерітіндісінің мөлшері, мл;
У1 – қортынды сынаманы титірлеуге жұмсалған 0,01н гипосульфит натри ерітіндісінің мөлшері, мл;
М – зерттелетін май қалқасының массасы;
К – 0,01 гипосульфит натрий ерітіндісінің нақты есебі үшін түзету коэффициенті;
0,00127 – 1 мл0,01 гипосульфит натрий ерітіндісінде эквивалентті йод мөлшері;
100 – 10 г өнімге қайта есептеуда.
Тотықтық санның көлеміне байланысты майдың балғындылық дәрежесін келесі амалмен анықтайды: 0,03-ке дейін – балғын, сақтауға жарамайды; 0,06-0,10 – күмәнді балғын; 0,10 аса – бұзылған. Паралелльді анықталған нәтежиелердің аралығындағы айырмашылықтар 0,005 - тен аспауы қажет.
Бейтарап қызыл мен реакциясы. Бейтарап қызыл бұл - қышқыл негізді және тотықтырғыш, қалпына келтіргіш индикатор. Оның түсі қышқыл ортада – қызыл, сілтілі – сары, тоттыққан жағдайда – қызыл – күлгін, қалпына келтіруші де – түссіз. Майдың бұзылу үрдісі кезінде едәуір қышқыл өнімдер жиналады: тотық, жоғары бос және төменгі молекулярлы май қышқылдары, көмір қышқылдары және т.б. Төменгі молекулярлы май қышқылдарының майдың рН-ын оңай диссоциалауы және қышқыл ортаға жылжыту себебіне байланысты олардың маңызы бар. Сонымен қатар күшті тотықтырғыштар ретінде қатысатын қосылулар пайда болады: тотықтар, гидрототықтар, бос радикалдар және т.б. Олар оның сәйкес түсін өзгертетін бейтарап қызылды қышқыл жағдайға ауыстырады.
Зерттелетін майға бейтарап қызыл ерітіндісін қосқан кезде, оның балғындылығына сәйкестендірілген түске айналады (27 кесте).

27-кесте



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет