Лекция № 5
Тақырып:
Буын аяқтылар типіне жалпы сипаттама. Систематикасы. Олардың
табиғаттағы және адам өміріндегі алатын орны.
Типке жалпы сипаттама.
1.Буынаяқтылардың аяқтары бірнеше буындарға бөлініп, денесі сегменттеліп келген екі
жақты симметиялы жануарлар. Дене сегменттері әртүрлі болып келеді, ондай сегментерді
гетерономды сегменттер дейді. Гетерономды сегменттер бір-біріне жалғаса келіп бөлімше
құрайды. Сонымен буын аяқтылардың денесі 3 бөлімнен тұрады:
1.
Бас
2.
Көкірек (кеуде)
3.
Құрсақ
Кейбір буын аяқтылардың денесі 2 бөлімнен тұрады: баскөкірек және құрсақ.
2. Буын аяқтылардың бас бөлімі 5 сегменттерден тұрады. 1-ші сегмент окран және 4 дене
сегменті. Барлық буынаяқтылардың бас бөлімінде ауыз апараты орналасқан. Ауыз
апараты түрліше болып келеді. Мысалы, кеміргіш (тарақанда), кеміріп-сорғыш (ара),
жалағыш (шыбында), қазғыш (бұзаубаста), сорғыш (көбелекте), тесіп-сорғыш (масада),
кесіп-сорғыш (санада), жинағыш, жүзгіш т.б. Сонымен қатар бас блімінде (акронда), сезім
мүшелерінде (мұртшалары) орналасқан. Мысалы шаян тәрізділерде антена,антелуна.
3.Буынаяқтылардың денесі сырт жағынан қатты хипішінді кутикуламен жабылған .Ол бір
жағынан сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларынан қорғаса,екіншіден ішкі жағнан
бұлшық еттері бекініп тұратын қаңқасы болып та есептеледі.Бұл хипішін түлеу арқылы
өсіп-дамиды.
4.
Буынаяқтылардың дене қуысы аралас қуыс немесе ликцосель деп аталады.
Эмбрнонольді даму кезінде 1-ші реттегі дене қуысы (аскарида) 2-ші реттегі пайда
болған дене қуысымен(целом) қосылып кетеді:Сөйтіп жануарлардың іші мүшелері пайда
болған қуыстың ішінде орналасады.
5.
Буынаяқтылардың мускулатурасы ет талшықтарының шоғырлануынан пайда
болған күрделі
жүйе. Құрттарға тән теріет қапшығы бұларда болмайды, кейбір
қарапайымдарынан басқасында. Аяқтары мен дене сегменті көлденең жолақты еттері
арқылы қозғалады.Ішкі мүшелерінде-тегіс еттер болады.
6.
Буын аяқтылардың нер жүйесі өте күрделі.Ол бас мидан тұрады. Бас мидан
екі нерв тапшығы жұтқыншақ маңынан шығын құрсақ нерв тізбектеріне байланысқан.
7.
Сезім мүшесі өте күрделі буынаяқтылар.Көпшілік түрлерінде жай және
күрделі көздері болады.Күрделі көздер көптеген және көзшелерден- омматидиялардан
тұрады. Бұлар арқылы буынаяқылар заттардың пішінін ғана емес,сонымен қатар түр-
түсін ажырата алады.Мұнымен қоса дәм сезу,иіс сезу мүшелері жақсы жетілген.
8.
Буынаяқтылардың ас қорыту жүйесі ауыздан басталады.Ішек үш бөлімге
бөлінеді:алдыңғы,ортаңғы,соңғы.Соңғы ішек аналь тесігімен аяқталады.Алдыңғы және
ішек эктодерма қабатының клеткаларынан түзілген,ал ортаңғы ішек энтодермалық.Ас
ортаңғы ішекте қорытылады,себебі бауыр және пилорикалық өсінділер ортаңғы ішектен
шығады.Бунақ денелілер мен көпаяқтыларды сілекей бездері пайда болады.
9.
Тыныс алу жүйесі буынаяқтыларды әр түрлі болып келеді.Мысалы шаян
тәрізділерде - желбезек, өрнекше тәрізділер де-өкпе және кеңірдек,бунақ денелілер де
кеңірдек.
10.Буынаяқтылардың қан айналу жүйесінде жүрек. Жүрек бірнеше камералы болып
келеді. Қанайналу жүйесі ашық.Ашық дегеніміз - қантамыры денесінде түзіліп, бас,
көкірек, құрсақ қуыстарына,ішкі мүшелерге құйылады,яғни денесінің барлық жерін
шайып өтеді.Бұларда қанды-гемолимфа деп атайды.”Гемо”-қан түйіршігі,”лимфа”-сұйық
зат.
11.Буынаяқтылардың зәр шығару жүйесі күрделі,шаян тәрізділер де ерекше бездерден
және без жолдарынан тұрады.Өрмекші тәрізділер де көксөлді бездер деп атайды,ал
бунақденелілерде көпаяқтылар да мальпиги түтікшелері арқылы зәр шығарады.
Көбеюі.
12.Буынаяқтылардың көпшілігі дара жыныстылар,кейбір паразиттік отырып тіршілік
тетіндер де- гермафродиттер. Бұлар жынысты жолмен көбейеді, кейбірі- партеногенез
жолымен көбейеді. Жыныс диморфизмі жақсы жетілген. Аналық жыныс жүйесі:жұмыртқа
безі, жұмыртқа жолы, қынап және тұқым қабылдағышы болады. Аталық жыныс
жүйесі:тұқымнан, тұқым жолынан, тұқым шығарғыш каналдан тұрады.Жұмыр тқаның
ұрықталуы аналығының жыныс мүшесінің ішінде өтеді.
13.Дамуы. Буынаяқтылардың тура болады және өте күрделі метаморфозды болады.
14.Буын аяқтылар ата-тегі буылтық құрттар болып есептеледі.Жақындастыру себебі бір-
біріне: 2 жақты симметрия, сегменттелуі,2- ші дене қуығы,нерв жүйелері, қан айналу және
зәр шығарулары.
14. Буынаяқтылар типінің классификациясы:
Лекция № 6
Тақырып: ХОРДАЛЫЛАР ТИПІ – Chidata.
Жалпы сипаттама. Типтің типасты тармақтарға бөлінуі.
Лекцияның жоспары:
1)
Типке жалпы сипаттама және тип тармақтарына бөлу.
2)
Төменгі сатыдағы хордалылардың (личинка-хордалылар Urochordata бас сүйексіздер
- Асrania тип тармақтары) негізгі сипаттамасы.
3)
Қазіргі омыртқалылар (Vertebrata) тип тармағына сипаттама және классификациялау.
Хордалылардың алуан түрлі болуына қарамастан, олардың құрлысы мен дамуында
көптеген ортақ белгілер болады. Олардың негізгілері мыналар:
1) Бәрінің де ұзына бойы созылып жатқан желісі, ішкі тірек қаңқасы - хордасы болады.
Хорда солқылдаған серпімді тұтас зат созылып жатқан. Төменгі сатыдағы Хордалыларда
хорда өмір бойы сақталады, ал жоғарғы сатыда дамыған хордалыларда дамудың
барысында хорда омыртқа жотасына айналады. Хорда эмбрионалдық даму кезінде
мезодерма қабатынан дамиды.
2) Хорданың үстіңгі бөліміне орталық нерв жүйесі - нерв түтігі орналасқан. Бұл түтіктің
ішкі қуысын - невроцель деп айтады. Дамудың барысында барлық хордалыларда нерв
түтігінің алдыңғы бөлігі өсіп, үлкейіп бас миына, ал қалған бөлігі жүлынға айналады.
Орталық нерв жүйесінен барлық мүшелерге нерв талшықтары тарайды.
3) Ac қорыту түтігінің алдыңғы бөлімі, сыртқы ортамен екі қатар саңылаулар
арқылы қатысады, оларды желбезек саңылаулары деп айтады. Желбезек саңылаулары
суда тіршілік ететін төменгі сатыдағы хордалыларда (личинкахордалылар - асцидия,
бассүйексіздер-ланцетник, бассүйектілердің ішінде-дөңгелек ауыздылар, балықтар,
ұрықтық даму кезінде қосмекенділер) өмір бойы сақталады, басқа хордалыларда ұрықтық
даму кезінде болады да содан кейін жойылып кетеді.
4) Жоғарыда айтылған үш негізгі ерекшелігімен бірге т.б. хордалыларды
сипаттайтын ерекшеліктері бар. Ол хордалылардың денесінен де екінші реттегі қуыстың
(целом) пайда болуы. Хордалылар екінші ауызды жануарлар. Бірінші ауыздың орнына
аналь тесігі пайда болады. Хордалылардың денесі бунақталмаған, екі жақты симметриялы
болады.
Хордалыларға бассүйексіздер, личинка хордалылар, дөңгелек ауыздылар (минога,
миксин), балықтар, қосмекенділер, бауырмен жорғалаушылар, құстар, сүтқоректілер
жатады.
КЛАССИФИКАЦИЯСЫ: Хордалылар типі өзара ерекшеліктеріне қарай үш тип
тармағына бөлінеді:
1)
Личинка хордалылар - Urochordata, өкілі: асцидия, аппендикулярия, сальпа.
2)
Бассүйексіздер - Асгаnіа, өкілі: ланцетник.
3)
Бассүйектілер немесе Омыртқалылар - Craniata немесе Vertebrata өкілі: балық,
бақа, кесіртке, құс және т.б.
Хордалылардың маңызы. Хордалылардың теориялық және практикалық жағынан маңызы
зор. Барлық үй жануарлары осы хордалылар типіне жатады. (ет, сүт, май, тері, жүн, көлік,
т.б).
Көптеген хордалылардың кәсіптік маңызы бар (бұлғын, қара күзен, ондатр, суыр, зорман
т.б.).
Хордалылардың кейбіреулері ауыл шаруашылығының зиянкестері (кеміргіштер-
тышқандар, саршұнақтар, аламандар, егеуқұйрықтар т.б.). Сонымен қатар көптеген
түрлері орман, балық және аң аулау шаруашылықтарына зиянды әсерін тигізеді.
Хордалылар типінің кейбір өкілдері адам мен ауыл шаруашылық малдарының қауіпті
ауруларын сақтаушы және тасушы рольін атқарады. Ондай ауруларға: чума, туляремия,
бруцеллез, энцефалит т.б. жатады.
Лекция № 7
Тақырып:
Қос мекенділер класы - Amphibia.
Қос мекенділер девон дәуірінде тіршілік еткен саусақ қанатты балықтардан шықты. Ол
шамамен 450-500 млн жыл бұрын алғашқы қос мекенділер (стегоцефальдер) шықты.
Қос мекенділер құрлыққа шығуымен қатар сумен байланысын да жоғалтпады. Мысалы:
аздаған түрлерінен басқасының бәрі суда көбейеді және дамиды. Ересек өкілдері сазды
көлеңкелі жерде, көбіне тұщы су қоймаларының жағалауында тіршілік етеді. Олар тұзды
суда өмір сүре алмайды. Амфибия деп аталу себебі гректің амфибиос - екі жақты
тіршілік етеді деген сөзінен шыққан. Яғни, бұларды суда да, құрлықта да тіршілік етуіне
байланысты қос мекенділер деп атаған.
Жалпы сипаттама.
Құрылысы. Ересек түрінің денесі бас, дене және екі жұп аяқтан тұрады. Құйрық ертедегі
қос мекенділерде - стегоцефальдарда болған, өйткені олар үнемі суда тіршілік еткен. Ал,
қазіргі кезде тіршілік ететін қос мекенділердің құйрықтылар деп аталатын (тритондар,
саламандралар) отрядында құйрық сақталған, өйткені олардың ересек өкілдері де көпшілік
уақытын суда өткізеді. Қазіргі қос мекенділердің көпшілігінде, әсіресе құйрықсыздар
отрядының өкілдерінде (көлбақа, құрбақа және бақалар) артқы аяқтарымен секіріп
қозғалудың нәтижесінде құйрықтары жойылған. Жартылай жер астында тіршілік ететін
аздаған өкілдерінде - аяқсыздар немесе құртшалар (червяги) отрядында аяқтары да,
құйрықтары да жойылған. Мысалы: құртшада, цейлон балық жыланда т.б. Қос
мекенділердің жартылай құрлықта да тіршілік етуіне байланысты балықтардан дене
құрлысы елде қайда жақсы жетілген. Басы денесімен қозғалмалы байланысқан ересек
түрлерінде. Соның көмегімен ұшатын насекомдарды да, яғни қорегін тез ұстап алуына
көмек болады.
Систематикасы.
Хордалылар типі - Chordata.
Бас сүйектілер немесе омыртқалылар тип асты тармағы - Craniata немесе Vertebrata.
Амфибиялар немесе қос мекенділер класы - Amphibia
I) Құйрықтылар отряды - Caudata немесе Urodela.
Өкілдері: саламандралар; жолды тритон; кәдімгі тритон, амбистом, амфиум тұқымдасы,
сирен тұқымдасы.
II) Құйрықсыздар отряды - Anure немесе Ecaudata.
өкілдері: 1) Дөңгелек тілділер тұқымдасы - жерлянка, повитуха.
2) Құрбаќа тұқымдасы (Bifonidae). Өкілдері: австралия құрбақасы-псевдофрина, оңтүстік
Америка құрбақасы - циклорамфус; кәдімгі және жасыл құрбақа.
3) Бақылдауық бақалар тұқымдасы (Hylidae). Өкілдері: кәдімгі Қиыр Шығыс бақасы,
оңтүстік Америка бақылдауық қалталы бақасы, филломедуза.
4) Нағыз бақалар тұқымдасы (Ranidae). Өкілдері: Кұрбақа, тоспа бақасы, шөп бақасы,
бізтұмсық бақасы.
III) Аяқсыздар отряды - Apoda.
Лекция № 8
Тақырып:
Бауырымен жорғалаушылар класы- Reptilia.
Рептилилер таскөмiр дәуiрiнiң екiншi жартысында стегоцефалға туыс күрделi
қосмекендiлерден келiп шыққан. Эволюциялық ұзақ даму барысында амфибиилерге
қарағанда активтi тiршiлiк ететiн рептилилер, құстар, сүтқоректiлер жоғары сатыдағы
омыртқаларға жатады. Жоғары сатыдағы омыртқалардың ұрықтануы iште болады.
Бұлардың эмбриональдық дамуындағы бiр ерекшелiгi ерекше ұрық қабының пайда болуы.
Сүтқоректiлерде ұрық қабы, яғни, бала жататын орынды плацента дейдi. Ол эмбрион мен
аналық организмдi байланыстырады. Бұл ұрық қабының аминотикалық деп аталуына
орай, жоғары сатыдағы омыртқалылар амниота деп аталған. Ал төменгi сатыдағы
омыртқалыларда ұрық қабы пайда болмайды, сондықтан оларды анамниялар деп атайды.
Жалпы сипаттамасы. Құрылысы: Рептилилердiң басы тұлғасымен қозғалмалы
байланысқан. Мойын пайда болған. тұлғасы ұзын, көпшiлiгiнiң құйрықтары да ұзын,
аяқтары да жақсы жетiлген. Ал кейбiр кесiрткелерде, барлық жыландарда аяқтары
жойылған. Денесi сыртынан эктодермальдi мүйiзденген қабыршақпен қапталған. Оның
маңызы дененi құрғап кетуден және әртүрлi механикалық зақымданудан сақтайды. Бұл
мүйiзденген қабыршақ түлеп отырады. Қазiргi рептилилердiң терiсiнде бездер болмайды,
денесi қүрғақ келедi. Аздап болса да терi бездерi жас крокодилдерде кездеседi, ал
жыландарда тек нүсқасы ғана болады. Сыртқы көрiнiсiнiң реңi сан алуан болады.
Нерв жүйесi. Рептилилердiң нерв жүйесi амфибирлерге қарағанда жақсы жетiлген.
Алдыңғы миы үлкен болады. Ми жарты шарлары үлкендеу, бiрақ мидың сұр затынан
тұратын ми қыртысы әлi де жақсы жетiлмеген, сондықтанда алдыңғы мидың көп бөлiгi
жолақты бөлiктен тұрады. Аралық және ортаңғы мидың құрылысы да күрделене түскен.
Мишық өте жақсы дамыған. Басқа да жоғарғы сатыдағы омыртқалылардiкi сияқты
бауырмен жорғалаушылардың сопақша миы вертикаль бағытта айқын иiн жасайды.
Жұлыны ұзын болып, күрделi құрылған.
Сезiм мүшелерi. Рептилилерде (жыландар мен т.б. түрлерiнен басєа) жақсы жетiлген
амфибилилерге қарағанда. Көздерi қозғалмалы, оларда қасаң қабағы мен қоса жынықтау
жарғағы болады. Кейбiр өкiлдерiнде жарықты қабылдайтын аралық мимен байланысты
келген төбе мүшесi болады. Бұлардың есту мүшелерi амфибилердiкi сияқты iшкi және
ортаңғы құлақтан тұрады. Ортаңғы құлақта бiр ғана үзеңгi сүйегi бар. Жарғақты лабиринт
иiрiмдерi жiктелiңкiреген, оның iшiнде мүйiз тәрiздi иiрiмдерi болады. Ауыз iшiндегi
тамақтың иiсiн айыратын якобсонов деген мүшесi болады. Иiс айыруда тiлдiң қызметi өте
зор. Көпшiлiгiнде дaм сезу нашар жетiлген.
Лекция № 9
Тақырып: Құстар класы - Aves.
Құстар омыртқалы жануарлардың iшiндегi жоғары сатыда дамығандардың бiрi. Денесi
қауырсынмен жабылып, алдыңғы аяқтары қанатқа айналған. Құстардың ұшуы -
эволюциялық дамудың жемiсi. Юра дәуiрiнiң басында бауырымен жорғалаушылардан
құстар келiп шыққан. Эволюцияның ұзақ жылдар дамуының нәтижесiнде олар ағаштан-
ағашқа қалықтап барып қонды. Дамудың келесi сатысында құстардың ұшу қабiлетi жетiле
түстi. Құстардың ұшу қабiлетiне дүние жүзiне кең таралуына мүмкiндiк бердi. Сөйтiп,
құстар генетикалық жағынан бауырымен жорғалаушыларға жақын, прогрессивтi бiр
бұтағы. Құстардың ұшуы, оның денесiне көптеген өзгерiстер тудырды.
Қазақстанда құстардың 488 түрi тiршiлiк етедi. Соның iшiнде 388 түрi (79,5%) Қазақстан
жерiнде ұя жасап көбейедi. 138 түрi қысты күнi кездеседi. Республика жерiне 14 түрi
қыстауға ұшып келедi, ал 47 түрi Қазақстан жерi арқылы ұшып өтедi. Дүние жүзiнде
құстардың 8600 түрi тiршiлiк етедi. Құстар барлық географиялық аймақтарға таралған.
Сыртқы пiшiнi мен дене тұрқы әралуан. Ең кiшкентай құс колибридiң дене тұрқы арадай,
ал ең үлкен құс - африка түйеқұсы биiктiгi 275 см.
Құстардың сыры мен қырын жан-жақты зерттейтiн зоологияның бiр саласын -
орнитология деп атайды.
Жалпы сипаттама
Құрылысы: Құстардың денесi бас, дене, қозғалмалы мойын, қанатқа айналған алдыңғы
аяқтары және жақсы дамыған аяқтардан тұрады. Кеудесiнiң алдыңғы жағы жұмыр болып
ауада ұшуға жақсы икемделген. Құстардың ұшу кезiнде салмағын жеңiлдетуге себепшi
болатын бiрқатар бейiмделушiлiктер бар: Алдыңғы аяқтары қанатқа айналған, сүйектерi
(қаңқасы) iшiне ауа толған қуыс болады. өкпелерiмен байланысты ауа қапшықтары
болады. Қысқа келген тоқ iшегiнде қорытылмаған ас қалдықтары тоқталмайды, қуығы
болмайды, тiстерi жоқ. Осы ерекшелiктер құстардың ұшуына және жерде жүруiне толық
мүмкiндiк бередi. Терiсi жұқа,оның сыртқы эпидермис қабаты жақсы жетiлген. Терiсiнде
ешқандай терi бездерi болмайды. Тек қана құйрық түбiрiнiң үстiңгi жағында құйымшақ
безi болады. Оның шығарған секрет заттары қауырсындарын майлап, оған су
жұққызбайды, яғни, сынбайтын майысқақ қасиет бередi. құйымшақ безi барлық құстарда
бiрдей дамыған. Мысалы, су құстарында жақсы дамыған, ал құрлықта тiршiлiк ететiн
құстарда нашар дамыған, әйтпесе болмайды. Мысалы, түйеқұстарда, дуадақ пен
безгелдекте, көгершiндерде және т.б. құстарда құйымшақ безi жоқ. Жоғарғы және төменгi
жақтарының үстi азды-көптi болсын мүйiзденген қабыршақпен қапталып, тұмсықты
құрайды. Тырнақтар мен сирақтарының сыртын мүйiздi қабыршақтар қаптаған. Олардың
бәрi эпидермис қабатының туындылары. Құстар денесi қауырсынмен қапталған. Олар
құрылысы мен атқаратын қызметiне қарай түрлiше болады. Денесiнiң сыртын жауып
тұратын қауырсынды жамылғы немесе қалыпты қауырсын дейдi. Бұл қауырсын терiге
енiп тұратын қаламнан және сабағынан тұрады.
Сабағынан - ұзын бiрiншi дәрежедегi мұртшалар және оған орналасқан қысқа екiншi
дәрежедегi iлмешектерi бар мұртшалар кетедi. Бұлар өзара байланысып өзара пластинка –
пәр немесе желпуiш түзедi. қалыпты қауырсындар құстардың денесiнiң барлық жерiнде
бiрдей өспейдi. Сондықтанда қалыпты қауырсындардың бар жерiн птерилия, жоқ немесе
аз жерiн аптерия деп атайды. Қалыпты қауырсындардың орналасу жерiне қарай бiрнеше
топтарға бөледi. Ескi қанаттарының екi шетiне орналасқандарын – қақпа қауырсындар, ал
құйрығына орналасқандарын - бағыттаушы қауырсындар деп атайды. Қалыпты
қауырсындардың астыңғы жағында сабағы жоқ, тек жұмсақ мұртшалары бар - мамық
және нағыз мамық қауырсындар орналасады. Бұл қауырсындар,әсiресе су құстарында,
суық жақта тiршiлiк ететiн құстарда көбiрек болады. Олар жылуды жоғалтпайды. құстар
түлейдi, жылына 1-3 рет. Түлегенде ескi қауырсындар түсiп, жаңа қауырсындар пайда
болады. Әртүрлi пигменттерге байланысты қауырсын түсi де әртүрлi болады. қара түс -
меланинге, сары және қызыл - липохром пигменттерiне байланысты. Пигменттерi жоқ
№10 Лекция
Тақырып: Сүтқоректілер класы (Mammalia).
Сүтқоректілер – омыртқалы жануарлардың ең жоғарғы даму сатысында тұрған
жануарлар болып табылады. Олардың негізгі ерекшеліктері төмендегідей:
1. Орталық нерв жүйесі жақсы дамыған. Миының үлкен ми жарты шарларында сұр
қыртысының болуы жоғары нерв әрекетінің орталығы ретінде үлкен роль атқарады.
2. Сүтқоректілер тірі туатын жануарлар. Ұрпағын сүтімен қоректендіреді.
3. Дене температурасының тұрақты болуына байланысты сүтқоректілерде жылу
реттелу қабілеті жақсы дамыған.
Сүтқоректілердің қазіргі кезде 4000-ға жуық түрі белгілі. Қазақстанда олардың 178
түрі кездессе, оның ішінде 40 түрі Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.
Қазақстанның сүтқоректілер фаунасына 7 отрядтың (насекомқоректілер, қолқанаттылар,
жыртқыштар, жұптұяқтылар, тақтұяқтылар, кемірушілер, қоянтәрізділер) өкілдері жатады.
Сүтқоректілердің морфологиялық ерекшеліктеріне мыналар жатады: денесі түкпен
жабылған, кейбір түрлерінде түк мүлде болмайды немесе рудимент ретінде сақталған
(кит, дельфин), тері бездері, оның ішінде сүт бездері жақсы дамыған, дене кеуде және
құрсақ қуысына бөлінген, олардың арасын диафрагма (көк ет) бөліп тұрады, тісі күрек тіс,
шошақ тіс, азу тіс болып жіктелген, жүрегі төрт камералы, тек қана сол жақ қолқа доғасы
сақталған. Қызыл қан түйіршіктерінде ядро болмайды.
Ас қорыту жүйесі сөл шығаратын бездері бар түтікке ұқсайды. Ауыз қуысынан
басталып, жұтқыншақ, өңеш, қарын, ішекпен жалғасады. Бауыры диафрагманың астыңғы
жағына орналасып, өт пен ұйқы безінің жолдары он екі елі ішекке ашылады.
Сүтқоректілердің тістері – күрек тістер (латынша – incisivi(i), шошақ тістер
(canini(c), жалған азулар (praemolares(pm), азу тістер (molares(m) деп бөлінеді.
Сүтқоректілердің тістерінің жалпы саны мен олардың топқа бөлінуі әрбір түрдің тұрақты
систематикалық белгісі болып табылады. Оны белгілеу үшін бөлшек түріндегі арнаулы тіс
формуласы пайдаланылады (ол тіс түрінің латынша атауының алғашқы әрпімен
белгіленеді). Бөлшек сызығының үстіндегі сандар жоғарғы жақтағы тістің санын, ал
сызықтың астындағы сан төменгі жақтағы тістің санын көрсетеді.
Мысалы: 3 1 4 2
Қасқырдың тіс құрылысының формуласы: i 3 ; c 1 ; pm 4 ; m 3 = 21 x 2 = 42;
2 0 6
Үй қоянының тіс құрылысының формуласы: i 1 ; c 0 ; pm + m 5 = 14 х2 = 28.
Күйіс қайтаратын сүтқоректілердің, мысалы сиырдың қарны 4 бөлімнен тұрады:
үлкен (мес) қарын, оның ішкі бетінде қатты бүрі болады; жұмыршақ қарын, оның ішкі беті
торлы ұяшықтарға бөлінген; жалбыршақ қарын, оныі ішкі беті көлденең орналасқан
қатпарлардан тұрады; ұлтабар немесе безді қарын.
Сүтқоректілердің бүйрегі, басқа амниоттардікі сияқты мықын бүйрегі
(metanephros) деп аталады. Анамнияларға тән дене бүйрегі (mesonephros) сүтқоректілерде
эмбриональдық даму кезінде болады да, кейін жойылып кетеді.
Сыртқы тұрпаты, үлкендігі әрқалай болып келеді. Мысалы, қазіргі заманда
тіршілік етіп жатқандардың ішінді ең кіші сүтқоректі – белозубка-малютка
(Насекомқоректілер отряды) – салмағы 1,2-1,7 г, ұзындығы 3,8-4,5 см. Құрлықтағы ең ірі
сүтқоректі – африка пілі – биіктігі 3,5 м, салмағы 4-5 тонна, ал теңіз сүтқоректілерінен –
көк кит, оның ұзындығы 33 м, салмағы – 150 танна (яғни салмағы 30-35 пілге тең).
Сүтқоректілер класы 3 класс тармағына бөлінеді:
1. Жұмыртқа салушы сүтқоректілер немесе алғашқы аңдар (Prototheria).
2. Қалталылар немесе төменгі сатыдағы аңдар (Metatheria).
3. Плацентарлылар немесе жоғары сатыдағы аңдар (Eutheria).
Достарыңызбен бөлісу: |