ХХ ғасырдағы Қазақстан тарихының әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени дамуындағы жетістіктері мен қарама-қайшылықтарын анықтау;
Қазақстан тәуелсіздігі және оның тарихи алғышарттарын көрсету;
Қазақстан халқының көпұлтты құрамының қалыптасу үдерісі мен күштеп көшірілген халықтардың тағдырын көрсету;
Мемлекетімізді қалыптастыру мен нығайтудағы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Ұлт Көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың тарихи рөлін көрсету;
Тәуелсіздік жылдарындағы саяси, экономикалық және әлеуметтік-мәдени реформалардың іске асырылуы мен кезеңдерін талдау, шекараның бекітілуін көрсету; астананы ауыстыру және Астана қаласының құрылысы мәселелерін қарастыру;
Халықаралық қатынастардың субьектісі ретінде мемлекеттердің аймақтық және әлемдік қауымдастыққа кіру үдерістерін көрсету;
Студенттердің азаматтық ұстанымын қалыптастыру, оларды халықаралық қатынастар мен мемлекеттің ішкі өміріндегі оқиғаларға бейімдеу.