Малюс заңын негіздеңіз. Малюс Заңы



бет2/3
Дата12.05.2023
өлшемі0,53 Mb.
#91927
1   2   3
Байланысты:
оптика сессия

Абсолют қара дене — өзіне түскен сәуле ағынын оның спектрлік құрамы мен температурасына қарамай толық жұтатын дене. Абсолют қара дененің сәуле жұтқыштық коэффициенті 1-ге тең. Ал сәуле шығарғыштық қабілеті, оның температурасы мен толқын жиілігіне байланысты анықталады. Табиғатта өзіне түскен сәуле ағынын түгелдей жұтатын (спектрлік құрамына қарамай) дене кездеспейді. Өзінің оптикалық қасиеті жағынан Абсолют қара денеге тым жақындайтындар қара күйе, қара барқыт және қарайтылған платина болып есептеледі. Олар жарық ағынының көрінетін бөлігін түгелдей дерлік ( 99 %) сіңіріп алады. Физикада Абсолют Қара Дененің моделі ретінде сыртқы беті сәуле ағынын өткізбейтін, ал ішкі беті өзіне түскен сәуленің біраз бөлігін сіңіріп алатын кішікене тесігі бар қуыс дене алынады. Мұндай қуыс денеге енген сәуле оның ішкі жағына сан рет шағылып, сыртқа шықпай түгелдей дерлік қалып қояды. Абсолют қара дене ғылым мен техникада жарық эталоны ретінде қолданылады.
Абсолют кара дененің эксперимент аркылы табылған сәуле шығару қисығын сан жағынан талдау нәтижесіндеXIX ғасырдың аяқ кезінде, мынадай үш заң тағайындалды.
1) Стефан-Больцман заңыАбсолют қара дененің толық, жарқырауы (R) оның төртке дәрежеленген абсолют температурасына пропорционал.

, (1)
мұндағы – тұрақты шама, оның сан мәні мынадай =5,6710-12 немесе =5,710-8 Вт/м2К2Бұл заңды алғаш (1879) эксперимент жасап Стефан, одан соң теория жүзінде (1884 ж.) Больцман тағайындаған. Осы заңды пайдаланып абсолют қара дененің 1смбетінен 1 с ішінде шығарылатын сәулелік энергия мөлшерін есептеп табуға болады. Бүл заңның практикада маңызы зор, оған кейін тоқталамыз.
2) Виннің заңы. Абсолют қара дененің спектрлік сәуле шығарғыштық қабілетінің максимал мәніне сәйкес келетін толқын ұзындығы (maxоның Т абсолют температурасына кері пропорционал

, (7)
мұндағы b — тұрақты шамаb =0,2886 смград немесе 2,89810-3 мК. Бұл заңды 1877 жылы В.Вин тағайындаған.


3) 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет