Мамаева Айгүл Еркінқызы Қазақ тіліндегі дисфемизмдер



бет60/69
Дата31.12.2021
өлшемі0,92 Mb.
#21824
түріДиссертация
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   69
Байланысты:
азақ тіліндегі дисфемизмдер

Топырыш топас күшіген,

Жау айбынбас күшінен,

Ел түңілген ісінен… (Дулат Бабатайұлы).

“Сүлейменге” атты өлең үзіндісіндегі топырыш топас күшіген дисфемизмі жөнінде академик Р. Сыздық мынадай тамаша ой айтады: “Өз тұсындағы қазақтың ел билегендерін топырыш топас күшіген деп суреттеп атайды. Мұнда перифраздық тіркеске негіз болып тұрған ел билеушілердің жемқорлық қасиеті, бұл қасиет күшіген сияқты ұсақ жыртқыш құста бар, сондықтан перифраз жасайтын белгіге осы қасиет “иесі” – күшіген сөзі алынған” [85, 115 б.].

Ақын дисфемистік перифразаға тірек болған күшіген сөзін мына жолдарда да шебер пайдаланған.

Аға сұлтан, қазының

Ел сілкінді ісінен

Ауылдың атқа мінері

Жемтікке қонған күшіген.

Өзі тойса мәз болды,

Ел іргесін сақтамай (Дулат Бабатайұлы).

Ақынның өз ойы елегінен өткен авторлық қолданыс жемтікке қонған үүшіген және топырыш топас күшіген көркемдік қуат, мазмұн байлығымен қатар замана келбетін бар бедерімен көрсете білген ащы шындық. Осы дисфемистік перифразалар арқылы ақын халықты талан-таражға салып, езіп жаныштап жатқан байлар мен ел шонжарларын қатты сынға алып, әшкерелейді. Ақын тосын сөз саптаулары арқылы сол заманның шынайы келбетін, қайшылықты сипаттары мен көлеңкелі жақтарын ашып көрсеткен. Өзі көрген жағымсыз құбылыстар турасында көкейіндегісін ірікпей, ашық бағалаған.Сонымен қатар ақын осындай қиыстырулардың көмегімен байлардың ашкөздігін, рақымсыздылығын, қорқаулығы мен пасықтығын қынжыла суреттейді.

Профессор Н. Келімбетов: “Ел басқарған әкімдердің іс-әрекетіне, мінез-құлқына сол дәуірдің моральдық нормасы тұрғысынан баға беру қазақ жырауларына тән қасиет” – деп дұрыс айтқан [102, 37 б.].

XVІІІ ғасырдағы жыраулар поэзиясының аса көрнекті өкілдерінің бірі – Шал ақынның өмір мен кәрілік жайлы толғауларынан да дисфемистік перифразаларды ұшырастыруға болады. Мысалы:



Кәрілік – күлге аунаған қотыр бура,

Кешегі жақсы қайда сөзге тура,

Кәріні сыйлаймын деп ниет қыларсың,

Көрпені қалың сал да майды тура (Шал ақын).

Ақын кәрілікті күлге аунаған қотыр бура деп жағымсыз келтірінді бейне ретінде алып суреттейді. Осылайша “кәрілік” ұғымына жағымсыз экспрессивтік реңк үстеп, оны әлдеқайда әсерлі етіп береді. Бұл дисфемистік перифразадан халықтық тіл өнерінің дәстүрлі жалғастығы сақталғаны байқалады. Ғасырлар бойы көшпелі өмір кешіп, мал шаруашылығымен айналысып келген халықтың ақыны ғана өзіне қажетті образды осылайша суреттей алады.

Жырлары алмас қылыштай тіліп өтетін, туған халқының қасірет-мұңын ойы мен арманын кеудесіне түйіп өткен отты да өршіл батыр ақын Махамбет. Х. Сүйіншіәлиев: “…Махамбет ХІХ ғасырдың алғашқы жартысында өмір сүріп сол кезеңнің зор дүбірлі тарихи оқиғасының жалынды жыршысы, насихатшысы болды [103, 179 б.]. Жауынгер, күрескер ақын М. Өтемісұлы өлеңдеріде дисфемистік перифразалардан кенде емес. Мысалы, “Ерлердің ісі бетер ме?” деген өлеңінде мынадай жолдары бар:

Қасарысқан жауына



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет