Мамандық дегеніміз не?
1.
Бұл кәсіби одақ. Барлық адамдарды біріктіретін кәсіп. Бір кәсіптегі
адамдардың қызығушылықтарында, білімінде, дағдыларында, өмір
сүруінде ұқсастықтар болады.
2.
«Кәсіп» – сөзінің тағы бір мағынасы - белгілі бір адамдарға тән білім,
іскерлік және дағдылар жүйесі. Мысалы: «Ол кәсіпті меңгерді», «Оның
кәсібі бар» деп айтып жатамыз.
3.
Кәсіп деп, сонымен қатар, қызмет түрлерін де айтады (жұмыс сияқты).
4.
Және де адамдардың өмір сүріп, дамуына мүмкіндік беретін, оның өз
армандарын ары қарай дамытуына күш қуат беретін және қоғамға
қажетті қосымшаны айтамыз. Американдық кәсіптер сөздігінің
мәліметтері бойынша, 1965 жылы 22 қызмет саласы бойынша 114
топқа бөлінген 35,5 мың мамандық түрі болған екен.
Сонымен қатар «Мамандық» деген түсінік бар. Мағына жағынан бұл «Кәсіп»
сөзінің мағынасына ұқсас. Мысалы, жалпы мұғалім деген болмайды. Нақты
матаматика немесе география мұғалімі болады. Басқа да мамандықтар,
мысалы, дәрігер- педиатр, хирург, тіс дәрігері. Заңгер- адвокат, прокурор,
нотариус.
Мамандық-кәсіптер – ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігімен
бекітілген (Кәсіптік даярлауды жіктеуші бағыттар).
Білім мамандығы- түлектің алған біліктілігіне сәйкес, қандай да бір кәсіби
істің түрімен айналысуға мүмкіндік беретін және жоғары білімнің негізгі
кәсіби білім бағдарламалары бойынша оқу үрдісінде алған білімі, түсінігі,
іскерлігі мен дағдыларының жиынтығы.
Жоғары білім мамандықтарына қарағанда, білім бағыты маманды кәсіби
істің анағұрлым кең саласымен қамтамасыз етеді. Сіз, сонымен қатар,
жаратылыс ғылымдары, гуманитарлық, техникалық, ауылшаруашылық, білім
беру ғылымдары болып жіктелетін «мамандықтар тобы» және «білім
саласы» деген терминдерді де кездестіре аласыз (тек жоғары білім
нысандарын жіктеу үшін қолданылады).
Бағыты немесе жоғары кәсіптік білімі бойынша біліктілік- оқыған бағыты
немесе мамандығы бойынша белгілі бір кәсіби қызмет түрін орындай білуге
даярлық, оқу деңгейі. Болашақта біліктілік жалақыңыздың мөлшерін
анықтайды (егер Сіз мамандығыңыз бойынша, сонымен қатар мемлекеттік
мекемеде жұмыс істеген жағдайда).
Мамандандыру – бұл көрсетілген мамандық шеңберінде адамның өз
саласындағы кәсіби ісінде қолдануға бағытталған білім, іскерлік және
дағдылар жиынтығы.
Мамандықтар әлемі құбылмалы. Адамдар өздері мамандықтарды ойлап
табады, біріктіреді, бөледі және ескірген мамандықтарды жойып отырады.
Білім мекемелері мамандықтарды өздері ашуы мүмкін немесе элективті
курстарды студенттерге жария етеді. Барлық мамандықтар классификаторда
бекітілген. Жоғарғы оқуды бітірген студенттің дипломында мамандығы мен
мамандық деңгейі көрсетіледі. Соған қарап жұмыс беруші студенттің
мамандық деңгейін біле алады.
Қызмет – Сізге жүктелген еңбек міндеттерінің жиынтығы, ал қызмет орны
деген
түсініктің
ішіне-
нақты
ұйымдағы
нақты
лауазымды
сипаттайтындардың бәрі- мақсат та, қаражат та, еңбек шарты да жатады.