Мамандық: Менеджмент 3 курс 2023 жыл Жоспары


Инфляция: Мәні, себептері, түрлері



бет5/8
Дата09.03.2023
өлшемі77,13 Kb.
#72717
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
документ

5. Инфляция: Мәні, себептері, түрлері
Инфляция – елдегі жалпы баға деңгейінің тұрақты өсуінен ақшаның құнсыздануы. Бірақ бұл барлық тауарларға баға өседі деген емес. Инфляция деңгейі өте жоғары болғанының өзінде кейбір тауарларға баға тұрақты болады. Мысалы: 1970-1980 жылдары АҚШ-та инфляция деңгейі өте жоғары болды, бірақ магнитофон, электр сағаттар, жеке компьютерге баға төмендеді.
Инфляция кешенді себептерден туындайды, олардың ең маңыздылары мыналар болып табылады:

  1. Мемелкеттік бюджеттің тапшылығы, яғни шығындардың түсімдерден асып кетуі. Егер мемлекет мұндай тапшылықты ақша эмиссиясы арқылы жоятын болса, айналымдағы ақша көлемі молаяды.

  2. Тауарлар мен қызмет өндіру көлемінің қысқаруы, тауар тапшылығы.

  3. Кейбір өндірушілердің монополиялық жағдайда болуы, яғни олардың өзінің өніміне жоғары баға қоюы.

  4. Өндіріс шығындарының өсуі, яғни шикізат, материалдар, жалақы шығындарының өсуі.

  5. Елдің экономикасының ашықтығы, оның әлемдік байланыстарының өсуі инфляцияны шеттен әкелу қаупін молайтады.

Инфляцияны болу себептеріне байланысты сұраныс инфляциясы және ұсыныс инфляциясы бөледі. 
Сұраныс инфляциясы – тауар көлеміне байланысты артық ақшаның пайда болуы. Бұл жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың бір біріне сәйкес келмей, сұраныстың ұсыныстан артып кетуі. Мұны кей жағдайда «аз тауардың соңынан көп ақшаның жүруі» деп те атайды. Тауарларға сұраныстың өсуі бағаның өсуіне әкеледі. Мәселен, тауарға сұраныс өскенде AD қисығы AD1 қисығына жылжиды, нәтижесінде баға Р деңгейінен Р1 деңгейіне өседі.
Ұсыныс инфляциясы – өндіріс шығындарының өсуіне байланысты бағаның көтерілуі. Шығындардың өсуі шикізатқа бағаның өсуіне, мемлекеттің саясатына, кәсіподақтардың іс әрекетіне байланысты болуы мүмкін. Мысалы: кәсіпорындардың іс-әрекетіне келетін болсақ олар жалақыны көтеруді талап етуі мүмкін. Бұл жағдайда кәсіпорынның шығындары өседі де кәсіпкер тауар бағасын көтеруге мәжбүр болады. Суретте ұсыныс AS –дан AS1 жағдайына жылжығанда, баға Р деңгейінен Р1 деңгейіне өседі.
Құрылымдық инфляция сұраныс инфляциясы мен ұсыныс инфляциясының ортасындағы аралық инфляция болып табылады. Ол салааралық сәйкестіктің бұзылу жағдайында туады. Жетілдірілген жаңа шикізаттардың, тауарлардың пайда болуынан сұраныс бір саладан басқа салаға ауысады. Ол сала нарықты толық қанағаттандыра алмағандықтан, саладағы тапшылық тауарлардың қымбаттауына әкеледі 
Шведтік экономист Б.Хансен инфляцияны ашық және басылыңқы (жасырын) деп бөледі.
Ашық инфляция – бағаның тұрақты өсу жағдайында байқалады. 
Басылыңқы инфляция – баға мен жалақы мемлекеттің қатаң бақылауында болғанда пайда болады. Ол тауар тапшылығында, өнім сапасының төмендеуінде, көлеңкелі экономикада, бартерлік іс-әрекетте байқалады. 
Инфляцияны қарқынына байланысты бірнеше түрге бөледі:

  1. Баяу инфляция – баға деңгейі жылына баяу (10 %-дан төмен) өседі.

  2. Қарқынды инфляция – Баға деңгейі жылына 20 %-дан 200 %-ға дейін жылдам өседі.

  3. Ұшқыр инфляция – айналымдағы ақша саны мен баға өте күрт жылдамдықпен 200%-дан жоғары 1000%-ға дейін өседі.

Инфляция деңгейі баға индексі арқылы өлшенеді.
Инфляция деңгейі = ТБИаж – ТБИбж
ТБИбж*100,
мұндағы ТБИ аж(бж) – ағымдық жылдың (базалық жылдың) тұтыну бағасының индексі. 
Инфляция деңгейін сандық есептеудің тағы да бір тәсілі «70 санының ережесі». Бұл әдіс баға деңгейінің екі еселенуіне қажетті жылдарды жылдам есептеуге мүмкіндік береді. Ол үшін 70 санын жылдық инфляция деңгейіне бөлу қажет.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет