Сабақтың тақырыбы: Өндіріс шығындарының түсінігі Сабақтың мақсаты: Өндіріс шығындарының ұғымын оқушыларға түсіндіру



бет1/3
Дата22.11.2022
өлшемі57,84 Kb.
#51673
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
өндіріс шығындарының түсінігі





Күні



















Тобы
















Бөлімше меңгерушісінің қолы
















Пәні:Ұйым экономикасы


Сабақтың тақырыбы: Өндіріс шығындарының түсінігі
Сабақтың мақсаты: Өндіріс шығындарының ұғымын оқушыларға түсіндіру
1.Білімділік: Оқушылардың оқу қабілеттерін ынталарын арттыра отырып, өндіріс шығындарын түсіндіру білімін арттыру.
2.Дамытушылық: Оқушылардың жан-жақты ой өрісін дамыта отырып, өндіріс шығындарын меңгерту, білімін дамыту.
3.Тәрбиелілік: Оқушыларға өндіріс шығындарын білуге тәрбиелеу .
Сабақтың көрнекілігі: тірек- сызбалар
Сабақтың түрі: теория
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Оқушыларға жаңа сабақты түсіндіру, талдау, лекция жаздыру
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі: 1) Сәлемдесу
2) Түгелдеу
3) Сабаққа даярлық
II. Үй тапсырмасын тексеру:
Ұйымдарда төлемақыны ұйымдастыру жүйесі
1.Еңбекақы қорының құрамы
2. Ақшалай нысандағы еңбекақы төлемдері

III. Жаңа сабақ :

1.Өндіріс шығындары, өнімнің өзіндік құны


2.Бухгалтерлік және экономикалық шығындар
1.Кез келген кәсіпорын өзінің өнімін өндірмес бұрын, қандай табыс тауып, пайда алатындығын анықтайды.
Кез келген өнім өндірісі, жұмыс орындау және қызмет көрсету белгілі бір шығындармен байланысты, оған есеп жүргізу қажет: уақытын, өнім өндірісінің, жұмыс орындаудың, қызмет көрсетудің нақты шығындарын дұрыс көрсету, өнімнің жеке түрлері мен жалпы көлемінің нақты өзіндік құнын есептеу (калькуляция).
Кәсіпорынның пайдасы екі көрсеткішке байланысты: өнім бағасы мен оның өндірісінің шығындары. Нарықтық баға құру және еркін бәсеке жағдайларында заңның күшімен баға автоматты түрде теңестіріледі. Өнім өндірісі шығындары – өндіріс шығындары. Олар тұтынылатын еңбек пен материалдық ресурстарға, техника деңгейіне, өндірісті ұйымдастыруға және басқа да факторларға байланысты артуы немесе кемуі мүмкін. Экономикалық элементтері бойынша өндіріс шығындарын жіктеу негізде барлық шығындар элементтері бойынша топтастырылған өндіріс шығындары сметасы жасалуы себепті үлкен тәжірибелік қызығушылық туғызады.
Шығындар басқару функциялары бойынша:
- өндірістік (өндіріс процесінде туындайтын).
- коммерциялық (сатумен байланысты)
- әкімшілік (басқару процесімен байланыс).
Коммерциялық және әкімшілік шығындары кезең шығындарына жатады, ал өндірістік шығындар калькуляциялық есептеулер негізі болып табылады. Өнімнің өзіндік құны (жұмыс, қызмет) – бұл өнім өндірісіне қажетті кәсіпорынның жалақы және материалдық-техникалық құралдар шығындарының ақшалай нысанда көрсетілген шығындары.
Өндіріс шығындарының шамасын анықтаудың экономикалық деңгейі бухгалтерлік деңгейден бірқатар ерекшеленеді. Оның мәні жіберіп алған мүмкіндіктер немесе альтернативтік шығындар концепциясында жатыр. Альтернативтік шығындар – ресурстарды пайдаланудың барлық мүмкін болатын альтернативті әдістерінің ең тиімдісін қолданғанда алуға болатын ақша сомасы. Кәсіпорындарда айқын шығындармен қатар (материалдар мен қондырғыларға, жұмыс күшіне кететін шығындар) айқын емес шығындар да (фирманың меншігі болып табылатын жұмсалынған ресурстардың құны: кәсіпкерлердің еңбегіне ақы төлеу, салынған капиталға процент) бар. Айқын шығындарға, яғни бухгалтерлік шығындарға өндірістің есеп беру кезеңіндегі нақты шығындары жатады және олар өнімнің өзіндік құнына енеді. Оларға шикізат пен материалдардың құны, жалақы, амортизациялық төлемдер, аренда, салықтар, әкімшілік басқару шығындары жатады. Ал айқын емес шығындар (жіберіп алған мүмкіндіктер шығындары) басқа пайдаланушыларға нарықта белгіленген ақыға берген жағдайда меншікті ресурстарына алуға болатын табыстар. Оларға меншікті капиталға процент, ғимарат үшін жал ақы, кәсіпкердің өзінің менеджерлік жұмысы үшін төлем ақыны жатқызуға болады.
2.Бухгалтерлік шығындар мен альтернативтік шығындардың қосындысы экономикалық шығындарды береді. Демек, экономикалық шығындарға фирманың өз меншігіндегі сатып алынбайтын өндіріс факторларын пайдаланғандағы айқынсыз шығындар мен фирманың өз ресурстарын қолданғандағы табысты жатқызуға болады.
Шығындар шамасының өнім көлеміне тәуелділігі тұрғысынан тұрақты және өзгермелі шығындар ажыратылады. Тұрақты шығындар (FC)- өнім шығару көлемінің өзгеруіне байланысты өзгермейтін, яғни өндіріс көлеміне байланыссыз шығындар. Оларға амортизациялық төлемдер, ренталық төлемдер, салықтар, сақтандыру төлемдері, әкімшілік басқару шығындары жатады. Өзгермелі шығындар (VC)- өнім көлемінің өзгеруімен бірге өзгеретін, яғни өнім көлемі санына тәуелді шығындар. Оларға шикізат пен материалдарға кеткен шығындар, жалақы, отын және энергияға, транспорттық қызметтерді төлеуге кететін шығындар жатады. Айнымалы және тұрақты шығындардың қосындысы жалпы шығындарды құрайды. Өнім бірлігін өндіруге жұмсалатын шығынды өлшеу үшін орташа жалпы (ATC), орташа тұрақты (AFC), орташа өзгермелі шығындар (AVC) қолданылады. Орташа жалпы шығындар жалпы шығынның өндірілген өнім көлеміне қатынасымен анықталады да, өнімнің бір данасын шығаруға кеткен жалпы шығынды көрсетеді.
Орташа тұрақты шығындар тұрақты шығындарды өнім көлеміне бөлгенге тең: TC
ATC= ------------;

Q


Орташа өзгермелі шығындар жалпы өзгермелі шығындарды өндірілген өнім санына бөлгенге тең:


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет