Мамандық: Менеджмент 3 курс 2023 жыл Жоспары


Жұмыссыздық: Мәні, себептері, түрлері, Оукен заңы



бет2/8
Дата09.03.2023
өлшемі77,13 Kb.
#72717
1   2   3   4   5   6   7   8
2. Жұмыссыздық: Мәні, себептері, түрлері, Оукен заңы

Жұмыссыздық – бұл жұмыс істегісі келетін еңбекке жарамды халықтың өндірісте жұмыспен қамтылмауы.


Жұмыссыздықтың мынадай түрлері бар:

  • Жасырын жұмыссыздық - өндірісте және мемлекеттік аппаратта артық жұмысшалардың қолдануы. Қазіргі болмыста олардың жұмыстарын аз жұмыс күшімен атқаруға болады.

  • Фрикциондық жұмыссыздық – адамдар бір жұмыстан басқа жұмысқа, бір жерден басқа жерге жұмыс іздеу мақсатында ауысуы. Сондай-ақ мұндай жұмыссыздық жас мамандардың оқу бітіргеннен кейін уақытша жұмыссыз қалғанда пайда болады.

  • Маусымдық жұмыссыздық – жұмыс күшінің тек маусымдық кезеңде жұмыс жасауы. Бұл кейбір ауыл шаруашылығы өндірісі саласында кездеседі, әсіресе қайта өндеу өнеркәсібінде т.б. 

  • Құрылымдық жұмыссыздық - өндірістік қуаттың жетіспеуінің нәтижесінде болады: жеке саланың дамуының кері пропорционалды болуынан және ескі саланы жабу мен жаңа саланы дамытудың нәтижесі ретінде қараймыз.

  • Технологиялық жұмыссыздық – адамдарды машинамен ауыстырудың нәтижесі, біліктілікті өзгертуді немесе басқа мамандықты игеруді талап етеді.

  • Циклдық жұмыссыздық - өндірістің құлдырауынан туындайды, яғни экономиканың циклдық дамуымен байланысты. 

ХХ-шы ғасырдың 60-шы жылдары М.Фридмен мен Э.Фелпс «ресурстардың толық қамтылуы» және «жұмыссыздықтың табиғи деңгейі» деген теорияларды ұсынды. 

Ресурстардың толық қамтылуы – жұмысқа қосылмаған өндіріс қуатының деңгейін 10 -20 % деңгейінде ұстап тұру.Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі – жұмыспен толық қамтылған жағдайдағы жұмыссыздық деңгейі, ол жалпы жұмыс күшінің 5,5 - 6,5 пайызын қамтиды. Айтылған көрсеткіштер әр елде әртүрлі болуы мүмкін.

Толық жұмысбастылық деген жұмыссыздық мүлдем жоқ деген түсінік емес. Толық жұмысбастылық – циклдық жұмыссыздықтың болмауын білдіреді. Оның деңгейі фрикциондық және құрылымдық жұмыссыздықтың қосындысын құрайды.

Жұмысыздық деңгейі - жалпы жұмыс күшінің ішіндегі жұмыссыздардың алатын үлесі.
Жұмыссыздық деңгейі төмендегідей өрнек арқылы анықталады: 
мұнда ЖД – жұмыссыздық деңгейі;
ЖС – жұмыссыздар саны;
ЖК - жұмыс күшінің саны.
Жұмыссыздық нәтижесінде еңбекке қабілетті адамдардың бір бөлігі өнім өндіруге қатыса алмайды. Нәтижесінде қоғамға зиян келеді. Осы зиянның экономикалық бағасы циклдық үзіліске әкеледі. Циклдық үзіліс- ЖҰӨ-нің нақты көлемінің әлуетті ЖҰӨ көлемінен аз болуы. Әлеуетті ЖҰӨ көлемі дегеніміз - жұмыспен толық қамтылған жағдайда өндірілген өнім көлемі.
Циклдық үзіліс = әлуетті ЖҰӨ - нақты ЖҰӨ Оукен заңы бойынша: егер жұмыссыздықтың нақты деңгейі табиғи деңгейден 1% - ға асса, онда ЖҰӨ көлемінің төмендеуі 2,5% құрайды. Оукен заңын мынадай теңдеу арқылы көрсетуге болады:
мұнда Ү*- әлуетті ЖҰӨ көлемі; Ү – нақты ЖҰӨ көлемі; u – жұмыссыздықтың нақты деңгейі: u*- жұмыссыздықтың табиғи деңгейі; ? – Оукен коэффициенті. 
Егер нақты жұмыссыздық табиғи жұмыссыздықтан 1 пайызға жоғары болса, онда нақты өндіріс көлемі әлеуеттіден ?пайызға төмен болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет