Мамандық таңдауда ата- ананың ықпалы қандай ?



бет2/2
Дата03.10.2022
өлшемі4,45 Mb.
#41154
1   2
Байланысты:
Ата-ана жиналысы 14.09.22

Тартылу деңгейі.
  • Тартылу деңгейі дегеніміз – бұл елімізде болып жатқан өзгерістер, нәтижелі еңбек жемісін, одан әрі дамытуға өз жанын аямай еңбек етсе және халқының мүддесін жоғарылатуға өз үлесін қосып, одан әрі мықты мемлекет болуына ықпал ету.
    • Мүмкіншілік.
    • Мүмкіншілік дегеніміз – қазіргі таңда еліміздегі жаңалықтар және бұрын соңды болмаған жаңа заман талабына сай азамат болуға зор мүмкіншіліктердің болуы; өзінің ішкі –жан дүниесін үңіліп, өз қабілеттілігін дұрыс жолға қою, бар мүмкіншілігін одан әрі арттыру.
    • Ата-аналардың көзқарасы.
    • Қай ата-ана болмасын өз баласының жақсы болғанын қалайды. Бұл жерде отбасының да өнегелі сөздеріне құлақ аспауға болмайды. Осыны ескерген жеткіншектің қалаған мамандыққа баруына құқығы бар екендігін ұмытпаған жөн.
    • Құрдастарының көзқарастары
    • Мұнда айтыла кететін жәйт, ол құрбы –құрдастардың да айтқан ақыл кеңестерін ескере отырып, өз бойындағы мүмкіншілікті сарапқа салып, ой елегінен өткізу, белгілі бір мамандықты тек таңдап қана қоймай, оның белгілі бір шыңдарға жетелейтіндігіне және еліне орасан зор пайда әкелетіндігіне көз жеткізу. Дана халқымыз айтқандай: «Бірлесе пішкен тоң, келте болмас», -деген дана сөзі осыған дәлел.
    • Нарық қажеттілігі.
    • Нарық қажеттілігі дегеніміз – қай мамандықты болмасын таңдау – әр жасөспірімнің өз еркінде . Бірақ таңдаған мамандық заман талабына сай, еліміздің болашағын одан әрі дамытуға, әрі нығайтуға жұмсалып жатса, міне, осыны нарық қажеттілігі деп білуге болады. Нарықтық қоғамда өзіне қажетті саланы терең оқып және жаһандану кезеңінде салауатты өмір сүру үшін жан-жақты бәсекеге қабілетті азамат болу.
    • Құрметті ата- аналар! Мамандық таңдауда мынадай ережелерді есте сақтаған жөн:
    • *Барынша көптеген мамандықтарды зерттеу керек және тіршілік еткен аймақта қандай мамандықтар керектігін анықтау қажет;
    • *Өзін-өзі зерттеу маңызды (қызығулар, мінез ерекшеліктері, бейімділіктер, өзін-өзі бағалау, талаптану деңгейі);
    • *Өзіне ұнамды және ыңғайлы мамандықты таңдауы тиіс;
    • *Таңдаған мамандықты зерттеу;
    • *Таңдаған мамандық бойынша өз күшін байқап көру;
    • *Мамандық туралы жетік білмеу-мамандық таңдауда кездейсоқтыққа әкеледі. Оның соңы таңдаған мамандығы өзіне ұнамай, жұмыс орнын жиі өзгертуге әкеліп соқтырады.осы жағдайға байланысты ата-аналарға төмендігі жадынама ұсынғым келеді.
    • *Баланың өз қалауымен мамандық таңдауына мүмкіндік беру;
    • *Баланың өзі таңдаған мамандықтың пайдасы мен кері әсерлерін бірлесе шешуге тырысу;
    • *Болашақ мамандықты таңдау кезінде материалдық жағынан пайдасы мол мамандықтарды ғана емес, соынмен қатар моральдық сезімдерді қанағаттандыратын мамандықтарды да қарастыру;
    • *Егер мамандық таңдау кезінде баланы эмоционалдық қысымға алмау;
    • *Егер баланың тілегі мен шыдамы бойды алып бара жатса, көмек беріп, әңгімелесу;
    • *Егер бала мамандық таңдау кезінде қателессе, ол үшін баланы жазаламау, қайта қатені түзетуге ұмтылу;
    • *Егер ата-ана баласының қандай да бір мамандықпен айналысып, жұмыс жасай бастағанын байқаса, онда балаға қолдау көрсету керек.
    • Мамандык таңдау бойынша окушылар мен ата-аналарға арналған жадынама.
    • 1.Балаңыздың болашақ мамандығын өзі таңдауына мүмкіндік беріңіз.
    • 2.Оның тандаған мамандығына деген қарсылық пен қолдауды бірге отырып талқылаңыз.
    • 3.Мамандық тандар кезде тек материалдық пайданы ғана ойламай, балаңыздың рухани қанағаттануын да естен шығармаңыз.
    • 4.Болашақ мамандық таңдар кезде балаңыздың сол кәсіпке деген икемділігін де байқаңыз.
    • 5.Егер мамандық тандау барысында қарама қайшылық туыңдап жатса, кеңесші амандармен ақылдасыңыз.
    • 6.Мамандық тандауда балаңызды қыспалай бермеңіз, әйтпесе бұл жан жалға әкеп соқтыруы мүмкін.
    • 7.Балаңыздың арманы орындалу үшін оған барынша қолдау көрсетуге тырысыңыз.
    • 8.Егер балаңыз мамандық тандауда қателескен болса, ол үшін кінәламаңыз, оны жөндеуге болады.
    • 9.Егер балаңыз қандай да бір мамандыққа ертеден әуестене бастаса, оған үйірмелер, әдебиеттер, әр түрлі сабақтардың көмегімен осы қызығушылығын сақтауға мүмкіншілік беріңіз.
    • 10.Балалар өз ата-аналарының мамандығына қатысты мамандық таңдауы да мүмкін екенін есіңізге алыңыз.
    • «ЖАҢАЛЫҚТАР» АРАЛЫ
    • «КЕЗДЕЙСОҚ» АРАЛЫ
    • Рефлексия
    • «АРАЛДА»
    • «ҚУАНЫШ» АРАЛЫ

    • ЗЕЙІН ҚОЙЫП ТЫНДАҒАНДАРЫҢЫЗҒА КӨП РАХМЕТ!


    Достарыңызбен бөлісу:
    1   2




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет