Іштен жанатын қозғалтқыштың жұмыс кезеңі - бұл белгілі бір реттілікпен қайталанып отыратын үдерістер жиынтығы.
Төрт тактілі қозғалтқыштың әрбір осындай үдерісі такт деп аталады және ол піспектің бір жүрісі ішінде болады.
Карбюраторлық қозғалтқыштың тактілері жіберу – цилиндрді жанармай қоспасының жаңа зарядымен толтыру; сығылу – ци- линдрге жіберілген жанармай қоспасының жаңа заряды келесі жылу энергиясын механикалық жұмысқа түрлендіруге арналған жұмыс жүрісі деп аталатын тактіге дайындалу үшін сығылады; соңғы такт пайдаланылған газдарды шығару болып табылады. Бұдан кейін тактілер осындай реттілікпен қайталанады.
Шартты түрде тактілер өлі нүктеде басталып аяқталады деп алып, қозғалтқыштың теориялық жұмыс кезеңін қарастырайық.
Бірінші такт — жіберу (1.1. а сур.). Такт басталмас бұрын піспек ЖӨН-де орналасады. Шығыс клапаны 6 жабық, ал кіріс клапаны 4 ашылады. Піспек 1 ЖӨН-нен ТӨН-ге орын ауыстыра отырып, ол жерде ауаның сейілуін жасап, піспек үстінде көлемді босатады. Иінді біліктің айналуы газ тарататын механизмі бөлшек- тері арқылы кіріс 4клапанына беріледі және ол ашылады. Ауаның сейілу әсерінен цилиндрге 2 кіріс түтік 3 арқылы карбюратордан жанармай қоспасы келіп түседі. Цилиндрда ол пайдаланылған қалдық газбен араласып, жұмыс қоспаға түрленеді. Жіберу так- тісінің соңында цилиндр ішіндегі қысым 80...90 кПа (0,8...0,9 кгс/ см2) құрайды. Жіберу тактісінің соңыңда жұмыс қоспасының тем- пературасы 80...120°С-ға жетеді. Бұл ретте қозғалтқыш оптимал- ды температураға дейін қыздырылған болу тиіс. Олай болмаған жағдайда, температура нормадан төмен болады.
1.1 с у р. Төрт тактілі бір цилиндрлі карбюраторлық қозғалтқыштың жұмыс кезеңі:
а— жіберу тактісі: 1— піспек; 2— цилиндр; 3— кіріс түтігі; 4— кіріс клапаны; 5— оталдыру білтесі; 6— шығыс клапан; 7— шығыс түтігі; 8— шатун; 9— иінді білік; б— сығылу тактісі; в— кеңею тактісі (жұмыс жүрісі); г— шығыс тактісі