2.6 Пререквизиттер: қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын
2.7 Постреквизиттер: анатомия, фармакология, терапиялық стоматология, хирургиялық стоматология, ортопедиялық стоматология
2.8.Пәннің қысқаша мазмұны Латын тілі – қазіргі таңда ауызекі тілде қолданылмайтындықтан, өлі тіл деп саналады, бірақ әртүрлі ғылым салаларында әлі күнге дейін қолданылады. Латын тілі ежелгі грек тілімен қатар бүгінгі күнге дейін халықаралық терминдер жасаудың негізі ретінде алынып келеді. Латын тілін меңгермей, медициналық білімді меңгеру қиын. Медицина мамандарына ежелгі заманнан: «In via est in medicina via sine lingua Latina» – Латын тілінсіз медицина – өте алмайтын жол – деген мақал таныс. Бұл мақал біздің заманымызда да мәнін жойған жоқ. Латын тілін оқытуды Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына міндетті пән ретінде енгізіп, практика жүзінде іске асырған дұрыс.
Медицинадағы латын тілі пәнінде анатомия, клиника, фармацевтика және медицинаның барлық салалары бойынша терминдер тиісінше тарауларда жүйеленіп берілген. Терминдерді құрастыру, олардың мағынасын түсіну, химиялық терминология, аурулардың атауларын құрастыру, рецепт жазу ережелері, олардың аудармасын ұғуға арналған сөздіктер мен жаттығу жұмыстары мол құрастырылған.