Мамандығы: 7М01301 Ғылыми-жетекші



Дата29.12.2023
өлшемі18,95 Kb.
#144601
Байланысты:
Отчет Сакен Айерке (копия)


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ ИНСТИТУТЫ
Ғылыми-зерттеу тәжірибе есебі


Магистрант: Сакен Айерке
Мамандығы: 7М01301
Ғылыми-жетекші: PhD, аға оқытушы Сартаева Н.Т
Іс-тәжірибенің өтетін орны: КММКемертоган орта мектебі ”


Алматы, 2023ж.



Абай атындағы ҚазҰПУ, Педагогика және психология институты
7М01301 – Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
ІІ курс магистранты Сакен Айеркенің ғылыми-зерттеу тәжірибесі бойынша

ЕСЕБІ
Ғылыми-зерттеу тәжірибесінің негізгі мақсаты - бекітілген кіші мектеп жасындағы оқушылардың бастамашылдығын интерактивті әдістер арқылы қалыптастыру мәселесін теориялық тұрғыдан негіздеп, эксперименталды тұрғыдан дамыту, диссертациялық жұмыс бойынша материалдар жинақтау, тәжірибелік-эксперимент бөлімін жоспарлау, ғылыми мақалалар дайындау.
- 2023 жылы 30 қараша күні Астана қааласында «Бөбек» Жалпыұлттық қозғалысы заңды тұлғалардың қауымдастық нысанындағы бірлестігі Қазақстан ғалымдар Конгрессімен бірлесе Ұйымдастырумен «ЖАҺАНДЫҚ ҒЫЛЫМ МЕН ИННОВАЦИЯ: ОРТАЛЫҚ АЗИЯ» ғылыми тәжірибелік журнал шығарылым аясында XXI Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына мақала шығарылды.
Ғылыми-зерттеу тәжірибесінің мазмұны-зерттеу мәселесі бойынша жұмыстардың теориялық бөлімін зерттеу, материалдарға теориялық талдау , зерттеу мәселесі бойынша әдебиеттерге шолу жасалды. Келесі жүргізілетін жұмыстар библиографиялық тізімін құру, экспериментті жүргізу үшін диагностикалық әдістер мен әдістемені саралау, эксперименттің бағдарламасы мен оның барысын әзірлеу, эксперимент базасын анықтау.
Эксперимент барысындағы жұмыс ғылыми-зерттеу тәжірибесінің бекітілген бағдарламасына сәйкес ұйымдастырылады. Олар төмендегідей:
-тәжірибе бойынша бекіту конференциясы;
-диссертация тақырыбы бойынша ғылыми жетекшінің кеңесі;
-зерттеу тақырыбы бойынша тәжірибелік-экспериментальды жұмыс;
-зерттеу тақырыбы бойынша жұмыстарға талдау;
-тәжірибенің қорытынды конференциясы.
Зерттеу базасы болып Алматы қаласы КММ “Кемертоган орта мектебі ” бекітілген. Зерттеу базасына барып, таныстық жұмыстары жүргізіледі
Кіші мектеп жасындағы оқушылардың бастамашылдығын интерактивті әдістер арқылы қалыптастыру тақырыбындағы зерттеу жұмысының теориялық бөлімі бойынша мынадай құжаттар қаралды:
- «Білім туралы »Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319 Заңы
- «Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығы
- «Дербес компьютерлерге, бейнетерминалдарға және олармен жұмыс істеу
жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің
м.а. 2010 жылғы 28 қыркүйектегі № 767 Бұйрығы.
- Бастауыш сынып оқушыларының бастамашылығын дамыту мәселесіне Э.Х. Эриксон , Б.С. Волков , Н.М. Смирнова , және т. б. көптеген зерттеушілер жүгінді. Отандық авторлардың жұмысында Т.Тәжібаев, Жарықбаева Қ. психология саласындағы зерттеулерінде көрініс табады
Зерттеудің теориялық – әдіснамалық негіздерін мына әдебиеттер мен қағидалар құрады:
1.«Интерактивті әдістер» ұғымының мәнін қарастыратын авторлардың жұмысы (Бехтерев В.Ф., К.А. Албулханова – Славская, Тетерский С.В., Говоров М.С.);
2.Кіші мектеп жасындағы оқушылардың бастамашылдығының даму ерекшеліктері мен көрсеткіштерін қарастыратын авторлардың жұмыстары (Степашов Н.С., Новикова Л.С., Крупнов А.И., Деркунская В.А., Жарикова А.С.);
Жұмыстарды теориялық талдау барысында өз тақырыбым бойынша төмендегідей жоспар бойынша жүргізілді .
-кіші мектеп жасындағы оқушылардың бастамашылдық қасиеттерінің қалыптасу ерекшеліктері
- педагогикадағы интерактивті әдістер және олардың мәні
- интерактивті оқыту әдістері арқылы кіші мектеп жасындағы оқушылардың бастамашылдығын қалыптастырудың әдістемелік алғышарттары
Эксперименттің жұмыс бойынша жоспар:
-кіші мектеп жасындағы бастауыш сынып оқушыларының бастамашылдығының қалыптасу деңгейін анықтау экспериментінің ұйымдастырылуы және мазмұны
-кіші мектеп жасындағы бастауыш сынып оқушыларының бастамашылдығының қалыптасу деңгейін анықтау экспериментінің нәтижелері
- интерактивті оқыту әдістері арқылы кіші мектеп жасындағы оқушылардың бастамашылдығын қалыптастыру экспериментінің мазмұны және бағдарламасы
- интерактивті оқыту әдістері арқылы кіші мектеп жасындағы оқушылардың бастамашылдығын қалыптастыру экспериментінің нәтижелері
- интерактивті оқыту әдістері арқылы кіші мектеп жасындағы оқушылардың бастамашылдығын қалыптастыру жұмысына арналған әдістемелік ұсыныстар
Қорытындылай келе, ғылыми-зерттеу тәжірибесінің жоспарына сәйкес, алға қойылған мақсат-міндеттер толығымен орындалды деп айтуға болады.
Ғылыми зерттеу тәжірибе жетекшісі:
PhD, аға оқытушы: Сартаева Н.Т


Магистрант: Сакен А.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет