Мамандығы: Қазақ филологиясы Орындаған: Қоңырбайқызы А. Қабылдаған



бет1/4
Дата03.12.2023
өлшемі37,72 Kb.
#132897
  1   2   3   4
Байланысты:
Айғаным СӨЖ функ грамм


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым мининстрлігі
Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

СӨЖ
Тақырыбы: Сын сапа, сан мөлшер категориясының ұлттық қолданыстары
Факультеті: Филология
Мамандығы: Қазақ филологиясы
Орындаған: Қоңырбайқызы А.
Қабылдаған: Әлкебаева Д.

Алматы, 2023

ЖОСПАР
Кіріспе
Сын - сапа, сан - мөлшер категориялары туралы жалпы түсінік
Негізгі бөлім
2.1.Категориялардың ұлттық қолданысына талдау
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі



Кіріспе
Функционалды-семантикалық өріс - белгілі бір тілдің әр деңгейлік (морфологиялық, синтаксистік, сөзжасамдық және аралас лексика-синтаксистік т.б.) ортақ қызметі және белгілі бір семантикалық категория негізінде өзара ықпалдас құралдарының жүйесі. Аспектуалдық, темпоралдық, локативтік және басқа функционалды-семантик өріс тілдік категориялардың түрлері болып есептелінеді. Функционалды-семантик өpic құрамына негізгі категориялар санатында грамматикалық бірліктер, кластар, категориялармен бірге олардың қолданыс ортасындағы сол семантикалық категорияға жататын элементтер де кіреді.
Жалпы тіл ғылымында сын-сапа категориясын функционалды грамматика тұрғысынан қарастырған еңбектер сөз сөйлеудегі ситуация мен мəнмəтін (контекст) арқылы анықтауға жүгінеді. Функционалды грамматиканың негігі ұғымдары мен категорияларын анықтау үшін алдымен оның басты ғылыми аппараты болып саналатын функционалды-семантикалық өріс ұғымына тоқтала кету керек. Олай болса, сын-сапа категориясын қарстыруда да алдымен функционалды грамматиканың негізгі арқауы болатын функционалды–семантикалық өріс ұғымын негізгі межеге ала отырып, оның ғылыми базасы сараланады екен.
Сын-сапа категориясы туралы шетелдік жəне отандық ғалымдардың сөйлеу қарым-қатынастарының ерекше формасы ретінде өз зерттеулерінде əр түрлі амалдарын ұсынады. Сонымен қатар, сонғы кездері функционалды грамматиканың кең таралуына байланысты, бұл саланың қазақ тіл білімінде жан-жақты зерттелуді қажет етеді. Алайда құрылымдық грамматика бойынша сын есім категориясы мен үстеуге қатысты айтылатын сын - сапа, сын - бейне мəселесінің толыққанды қызметіне функционалды тұрғыдан алғанда, жалпы жəне дифференциалды белгілері айқындалады. Сөз сөйлеу қызметінде ұлттық тілдің сын-сапаны білдіретін қасиеттері мен амалдары кең спектрімен, ұлттық мантальды ерекшеленетін белгілері арқылы сөйлеу қарым-қатынасында жан-жақты көрінеді.
Мысалы, Сәулелі қараңғы үйді жарық қылган, Ұқсайды-ау ақ бетіңіз ақ таңға. Жаһаннан асқан суретін Перінің қызы секілді. Бұл дағы шұбатылған бейшара екен. Бір кейпі тап шешесі секілденген (Молда Мұса). Сын-сапа категориясы функционалды маңызы зор, бірегей ұлттық таныммен байланысты ерекше мəнді – мазмұнды категория болып табылады. Берілетін мағынаның нақтылығы мен ықшамдылығы арқасында, олар сөз сөйлеу қызметінде ерекше ұлттық мəнді дəстүрлі стероетиптер ғана емес ұлттық тілдің айырықша танымдық сипатын анықтайтын үлгілері болып табылады, сондықтан олар айтылуда ерекше мəндерге ие болады. Мысалы, «Оның астына мінген тұрқы ұзын, жүрісі жұмсақ, қара кер биенің бүлкілі де сар желіске татырлық – желдей есіп келеді». (Х. Есенжанов).


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет