Оның сипаттамасында, категориялық жағдаят: а) белгілі бір семантикалық категорияларға негізделген жəне сонымен ФСӨ құратын; ə) айтылым арқылы берілетін жалпы жағдаяттың бір аспектісін категорияларының бірі (аспектуалды, темпоралды, модальді, локативті) арқылы көрсететін типтік мазмұнды құрылым. Категориялық жағдаят пен ФСӨ зерттелетін тілдік құбылыстарды екі жақты сипаттайды. Мұнда оның мазмұндық құрылымы айтылыммен бірлікте қарастырылады. Мазмұндық құрылым қандай да бір грамматикалық тұлғаға (шақ, рай жəне т.б.) байланбайды, керісінше айтылымның түрлі құралдарымен байланыста болады. Категориялық жағдаяттың айтылым мазмұнында басымдық танытуы айтылымның (сөйлемнің) түріне, мазмұндық белгілеріне байланысты. Мысалы, сөйлем (айтылым) тұрмыстық,
посессивтік, квалитативтік, компаративтік т.б. болуы мүмкін.
Қорытынды Қорыта айтқанда, өрістің негізгі семантикалық сипатын білдіретін кіндік тұлғасы – доминанты мен перифериясын құрайтын тұлғалары болады. Мысалы, мезгіл – жалпы семантикалық категория, оның түрлі тілдік бірліктерінің байланысынан тұратын өрістің кіндігі, доминанты – морфологиялық шақ категориясы. Соған сәйкес мезгіл өрісі осы шақтық, өткен шақтық, келер шақтық микроөрістерге жіктеледі [7, 10].
Белгілі бір қатынастарды білдіретін негізгі құралдармен сәйкес келуіне қарай ФСӨ әртүрлі типтік топтарға жіктеледі. Зерттеу еңбектерінде ФСӨ-нің төмендегі төрт топтамасы беріліп жүр:
1) акционалды (предикатты) негізді ФСӨ-лер:
а) аспектуалды-темпоралды қатынастарды білдіретін ФСӨ-лер жиынтығы: аспектуалдылық, темпоралдылық, таксис, шақтық локалдылық т.б.
б) модальдық және қалып-күй қатынасын білдіретін ФСӨ-лер жынтығы: модальдылық өрістер топтамасы (объективті және субъективті модальдылық, аффирмативтілі-негативтілік, хабарлылық/сұраулылық, қалып-күй (экзистенциалдылық);
в) акционалды-субъектілік және акциоаналды-объектілік қатынасты білдіретін ФСӨ-лер жиынтығы: персоналдылық, етіс т.б.;
2) заттық (предмет) негізді ФСӨ-лер (субьектілік/объектілік, белгілілік/белгісіздік);
3) квалитативті/квантативті негізді ФСӨ-лер (сан, сапа, компаративтілік, посесивтілік;
4) пысықтауыш негізді ФСӨ-лер (себептілік, мақсаттық, шарттылық, локативтілік т.б. [ 8,60].
ФСӨ-лердің бұлай топтастырылуы олардың семантикалық ерекшеліктерімен байланысты. Олардың кейбірі грамматикалық категориялық мағыналарға қарай ФСӨ негізін құраса, кейбірінің негізінде пысықтауыштық, анықтауыштық, субстантивтік қатынастар жатыр.
Жүйе ретінде функционалды-семантикалық өрістер белгілі бір мағынаны жеткізуге қызмет ететін түрлі деңгейдегі тілдік құралдарды біріктіреді. ФСӨ-ге тән мұндай сипат белгілі бір семантикалық категорияға негізделетін өріс мазмұнынан көрінеді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 1. Қалиев Ғ. Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі. – Алматы, Сөздік-Словарь, 2005. – 439 б.
2. Жолшаева М. Лингвистикадағы өріс теориясы. // Қазақ тілі мен әдебиеті. 2007. №2. 49-55 б.б.
3. Абдуова Б.С. Функционалды-семантикалық өрістегі мезгіл мәнді тұрақты тіркестер. www.inform.kz 2010-1012.wwwz.inform.kz
4. Қазақ грамматикасының өзекті мәселелері. – Алматы, «Кие» лингвоелтану инновациялық орталығы, 2007. – 481 б.