СӨЖ Тақырыбы: Жалпы тіл ғылымындағы функционалды семантикалық өріс теориясы Факультеті: Филология (402-топ)
Мамандығы: Қазақ филологиясы
Орындаған: Қоңырбайқызы А.
Қабылдаған:Алкебаева Д. А.
Алматы, 2023 жыл ЖОСПАР Кіріспе Негізгі бөлім 2.1.Функционалды өріс туралы жалпы түсінік
2.2. Функционалды грамматиканың концептуалды негізі
Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе Тіл – қоғамдағы адамдардың практикалық қатынасының құралы. Тілді бір адам өзі үшін ғана қолданбайды, басқа адамға өзінің ойын білдіру, жеткізу үшін қолданады. Тіл – конкретті сана болғандықтан, қоғамдық өмір өзгерісіне сәйкес қазақтың әдеби тілі күн санап дамып келеді. Қазақ тілінің әлсіз жерін күшейтіп, кедей жерін байыта түсті. Осындай сатылап, бірте-бірте дамудың нәтижесінде әдеби тіліміздегі грамматикалық категориялардың қайсысы болса да дамып, бір жүйеге түсті. Сол грамматикалық категорияларды функционалды-семантикалық аспектідегі тілдік бірліктердің түрлі тіл деңгейі тұрғысынан зерттеу қазіргі таңда тіл білімінде, оның ішінде қазақ тіл біліміндегі ең басты әрі маңызды мәселе саналады.
Қазақ әдеби тілінің грамматикалық бірліктердің қолданылу ерекшелігіне ерекше мән беріліп, ұғымдардың өзара қатынасына, олардың тілдегі қолданысына қазақ ғалымдары А.Байтұрсынұлы, Т.Шонанов, Қ.Кемеңгерұлы, Қ.Жұбанов, С.Аманжолов үлкен еңбек сіңірді. Ғалымдардың еңбектерінде функционалдылық бағыттың негізі қаланды. Бұл бағыттардың ортақ идеясы адамдық факторды басты қағида етіп ала отырып, ақиқаттың тілдік концепциялары мен субьектілік концепцияларды ақиқат ретінде тану мәселелерінің ерекше моделін жасауды басты ұстаным етіп алады. Тілді қолдануда адамдық фактор қоршаған шындық өмірдің ақикатын тануға арналған сөйлеу әрекетінде ақыл-ой санасымен тілдің граматикалық заңдылықтары арқылы сөз түзеді. Осы сөз түзілісінде айтушының белгілі ақиқат ұстаным түсініктерінің мазмұны қалыптасады.
Осы тақырып аясында ең негізгі концепциялардың бірі функционалдық өріс.