Мамандығы: Қазақ филологиясы Орындаған: Қоңырбайқызы А. Қабылдаған



бет2/3
Дата17.10.2023
өлшемі40,14 Kb.
#117640
1   2   3
Байланысты:
Қоңырбайқызы Айғаным грамматика

Негізгі бөлім
2.1.Функционалды өріс туралы жалпы түсінік
«Өріс» термині тіл білімінде ең алғаш лексика саласында лексика-семантикалық немесе тақырыптық топ терминдерімен мәндес қолданыла бастаған болатын. Мәселен, кейбір лингвистикалық әдебиеттерде түрлі лексикалық топтар өрістік құрылымдар деп танылып, оларға етістіктің түрлі семантикалық топтары, туыстық атаулар, түсті білдіретін сөздер және т.б. жатқызылады. Бір өріске кіретін лексикалық бірліктер, ұғымдық, заттық не жұмсалымдық ортақтығына, тіпті тұлғалық (формалды) ұқсастықтарына қарай да біріктіріле береді. Бір өрістегі сөздердің басын біріктіретін жалпы ортақ мағынасы мен өзге лексикалық топтардан ерекшелейтін де мағынасы болуы шарт.
«Өріс» термині кеңістік ұғымымен мәндес келетіндігі белгілі. Жұмсалымды грамматикада өріс белгілі бір мағынаның шегі, шеңбері, өрісі ретінде алынады. Бұл зерттеу әдісі осы өріске негізделгендіктен, дәстүрлі (тұлғалық) грамматикада бір-біріне байланыссыз түрлі иерархиялық деңгейде сипатталатын тілдік құралдарды біріктіре қарауға мүмкіндік туады. Яғни, жұмсалымды-мағыналық өріске негізделетін жұмсалымды грамматика тілді тізбектеп, көлденеңінен бөліп қарастырады. Мәселен, жұмсалымды грамматикада бойында қарастырылып отырған семантикалық категорияның мағынасы бар әртүрлі тіл бірліктері ЖМӨ-ні құрайды. Шартты түрде алынған жұмсалым өрісінде тіл құралдарының басты (ядро) және қосалқы (периферия) құрамдас мүшелері болады. Шақтың, жұмсалымдық өрісінің басты немесе орталық мүшесіне морфологиялық категорияның парадигмасын құрайтын шақ көрсеткіштері жатады. Ал қосалқы құрамына мезгілді, уақытты білдіретін синтаксистік құрылымдар кіреді. Сонда жұмсалымды грамматикадағы өріс ұғымы тілді көлденеңінен тізбектеп бөлумен байланысты алынып отыр.
2.2. Функционалды грамматиканың концептуалды негізі
Функционалдық-семантикалық өріс грамматикалық жəне «құрылымдық» лексикалық бірліктердің, сондай-ақ тілдің түрлі комбинациясын (лексика-синтаксистік) ортақ семантикалық функцияларға біріктіретін, бірге əрекеттесін категория. Бұл жағдайда өрістің құрылымы, оның компоненттерінің зерттелуі, олардың қатар орналасуы жəне бір-біріне ықпал етуі ерекше орын алады.
ФСӨ функционалды грамматиканы құруда маңызды рөл атқарғанымен, оның қырларын толық көрсете алмайды. ФСӨ тіл жүйесіндегі
парадигмалық қатынастармен байланысты, алайда сөйлеуде парадигмалық қатынастар синтагматикалық қатынастармен қалай тіркесетінін категориялық жағдаят арқылы анықтауға болады. А.В. Бондарко ФСӨ-тің дамуы категориялық жағдаятқа байланысты екенін анықтап, оны жеке теория ретінде қарастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет