Орхонескерткіштерінің жанры КТЕ-нің жанры жөнінде қарама-қайшы екі түрлі пікір бар. Біріншісі, орыс ғалымы И. Стеблева пікірі. Ол КТЕ түркі халықтарының ерлік-шежіресін өлеңмен жырлайтын көркем эпостық шығарма деп бағалайды. Екінші А. Шербактың пікірі бойынша КТЕ-рі ешқашан әдеби шығарма емес, керісінше түркі халықтарының тарихи шежіресінің хронологиялық тізбесі дейді. Осы екі пікірді талқылаған қазақ ғалымдары: М. Әуезов, М. Жолдасбеков т.б. аталмыш ескерткіштерді жанрлық тұрғыдан алғанда түркі халықтарының ерлік дастаны жөнінде дейді.
Көне Түркі ескерткішінің көркемдік ерекшелігі, әдеби сипаты.
КТЕ-нің жанрлық ерекшелігін айқындауда бірден-бір негізгі өлшем ретінде оның көркемдік сипаты алынған болатын. Осы тұрғыдан келгенде Орхон, Енисей ескерткіштерінің әдебиетке тән мынадай сипаттарын атап өткен жөн:
а) Көбінесе КТЕ-рі шет ел ғалымдары түсіне бермейтін түркі өлеңінің үлгісі ақ өлең өлшеміндегі ұйқасқа негізделген;
б) Шығарма авторы белгісіз болса (Иоллых тегін болса) да, онда қолданған көріктеу құралдары, көркемдік тәсілдер, сол кезеңге тән белгілі бір әдеби дәстүрдің болғанын растайды, дәлелдейді.
в) Өмірде болған оқиғаларды қаз-қалпында суреттейді, көркемдеп, әсірелеп жеткізіп отырады. Мысалы, тарихи даталардың орнын ауыстыру немесе басты кейіпкерлерді шектен тыс батыр етіп көрсету т.б.
г) Ескерткіште халық даналығы, халық ауыз әдебиетінің үздік үлгілері жетілдіріліп, орнымен пайдаланылған. Мысалы, «Өлімнен де ұят күшті», «Адам баласы өлгелі жаралған», «Жұқаны таптау оңай, жіңішкені үзу оңай», «Мұқият тыңда, терең ұқ», «Жырақ тұрғанға жаман сыйлық, жақын тұрғанға жақсы сыйлық», «Аштықта тоқтықты білмейсің, бір тойсаң аштықты білмейсің», «Қол қосылса күш өсер», «Әкем қағанның әскері бөрідей, жаулары қойдай болған екен», «Бек ұлдарың құл болды, пәк қыздарың күң болды», «Сүйегі таудай үйілді, қаны судай төгілді» т.б.
Көне Түркі ескерткіштері және қазақ эпосы. КТЕ-ін суреттеу, баяндау, образ жасау тәсілдерінде қазақ эпосына сәйкес келетін тұстар өте мол. Әсіресе «Күлтегіннің» әртүрлі жорыққа аттанғанда, әртүрлі атқа мініп шабуы, ол атттардың соңыда қаза табуы, өзінің аман қалуы. Жеті жасында жауға қарсы тұрды. 47 жасына дейінгі барлық жорықта бораған оққа, шапқан қылышқа қарамастан аман-есен оралып отыруы, қазақ эпосының элементтерін еске түсіреді.
Тарихи диктант /Әр топ төмендегі сұрақтарға жауап жазып, баяндауы қажет/
1. Көне түркі ескерткіштерінің зерттелуі
2. Көне түркі ескерткішінің жанры
3. Көне түркі ескерткішінің көркемдік ерекшелігі әдеби сипты
4. Көне түркі ескерткіштері және қазақ эпосы
5. Күлтегін ескерткішіне сипаттама