Мамандығы: Бастауыш білім беру б-12 Мерзімі


Түрік империясының басқару жүйесі



бет3/5
Дата21.04.2023
өлшемі0,9 Mb.
#84956
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
Ежелгі Түркі мәдениеті. Жазуы мен әдебиеті

Түрік империясының басқару жүйесі

Қаған

Ябғу Тегін Шад

«Қара бодун» - бұқара халық

«Тат» - халықтың төменгі жігі

630 ж. атақты саяхатшы, будда ғұламасы Шуаң Заң өзінің саяхат естелігінде: «Суябтың батысында бір-біріне тәуелсіз, бірақ бәрі түріктерге бағынышты оншақты қала бар. Қалаларда халықтың бір бөлігі жер өңдейді, ал екінші бір бөлігі саудамен айналысады», - деп жазған.

630 ж. атақты саяхатшы, будда ғұламасы Шуаң Заң өзінің саяхат естелігінде: «Суябтың батысында бір-біріне тәуелсіз, бірақ бәрі түріктерге бағынышты оншақты қала бар. Қалаларда халықтың бір бөлігі жер өңдейді, ал екінші бір бөлігі саудамен айналысады», - деп жазған.

Қолөнердің дамуы, сауданың өркендеуі ақша айналымын туғызды, қалалар санының көбеюіне жол ашты


Жазба деректер

Тарихи диктант

Тарихи диктант

/Әр топ төмендегі сұрақтарға жауап жазып, баяндауы қажет /

  • 1-сұрақ Түрік қағанаты қалай құрылды?
  • 2-сұрақ Түріктер кімдердің тікелей ұрпағы болып саналады?
  • 3-сұрақ Түркі тілдес тайпаларды ата?
  • 4-сұрақ Егер түрік деген атау V-VI ғ.ғ. пайда болса, не себептен одан арғы дәуірлердегі тайпаларға түркі тектес, түркі тілдес деген сипат береміз?
  • 5-сұрақ Түріктер тарих сахнасына нені ала шықты оған мысал келтір?
  • /Әр топ осы сұрақтар бойынша дайындалып, жауап береді/


Көне түркі ескерткішінің зерттелуі
Әлемдегі барлық түркі тектес халықтар әдебиетінің бастау бұлағы болып табылатын көне түркі дәуіріндегі жазба жәдігерліктердің саны бүгінде 300-ге жетіп отыр. 552 ж. құрылған түркі қағанаты, онан кейінгі кезеңде екіге бөлінген (603 ж.) Батыс және Шығыс түрік қағанаттары дәуірлерінде жазылған аталмыш шығармалар көне түркі дәуіріндегі әдебиет деп аталады.Әрі қазіргі түркі тектес халықтардың бәріне ортақ ұйтқы тілде жазылған. КТЕ ғылымға белгілі бола бастауы ХІХ ғ. алғашқы жартысынан басталды. Тұңғыш рет тасқа жазылған жазулар жөнінде әйгілі орыс ғалымы Г. Спасскй өзі шығарып тұрған «Сібір хабаршысы» деген журналда (1818 ж.) жариялаған. Бұл мақала ұзамай латын тіліне аударылып, әлем ғалымдарының назарын аудара бастады. Осымен бір мезгілде Сібірде айдауда жүрген швед офицері Табберт Стралленберг Минусинск ойпатынан тасқа жазылған белгісіз таңбаларды кездестіргені жөнінде қосымша хабарлама жасаған. Ол өзі тапқан жазуларды швед тілінде «РУНА» деп атаған. Қазақ тіліне аударғанда белгісіз таңба, құпия жазу деген мағынаны білдіреді. Кейін ғылымда «руникалық жазу» атты термин пайда болды. Осы мәліметтер баспасөз бетіне жарияланғаннан кейін, тұңғыш рет Финляндия археологиялық қоғамы 1875 ж. және 1889 ж. Минусинск ойпатына екі рет ғылыми экспедиция ұйымдастырды. Нәтижесінде 32 таблицалы 8 фотосуретті атлас жариялаған. Ал 1889 ж. орыс ғалымы Н.М. Ядринцев бастаған ғылыми экспедиция Минусинск ойпаты Енисей өзенінің аңғарымен жағалай отырып, Монғолия жеріндегі Орхон өзеніне дейін барып қайтты. Осы экспедиция нәтижесінде биіктігі 3,5 метр Күлтегін жазуы табылды. 1890 ж. Ядринцевтің ізімен финдердің Гейкель бастаған үшінші экспедициясы және орыстардың 1891 ж. Радлов бастаған екінші экспедициясы (құрамында Ядринцевте бар) зерттеу жұмыстарын жүргізіп қайтты. 1892 ж. екі экспедицияның да қорытынды нәтижелері шығарылып, Гелсингфорс және Санкт-Петербург қалаларында арнайы мәжіліс өткізілді. Осыдан соң-ақ бүкіл дүние жүзі ғалымдарының алдында шешімін күткен жаңа проблема қойылды. Ол «руникалық» таңбаларды оқу еді. Осы кезде Дания ғалымы Копенгаген университетінің салыстырмалы тіл білімінің профессоры, түрколог ғалым В.Томсен 1893 ж. өзінің «Тәнірі», «Түрік», «Дулыға» деген сөздерді оқығаны жөнінде мәлімдеме жасады. Осы оқудың нәтижесінде тұңғыш рет құпия жазуды оқудың құпия кілтін тапты. Сонымен бірге Радловта КТЕ-нің 16 таңбасын ажыратқанын мәлімдеді. 1894 ж. Радлов орыс тіліне аударып, мәтіннің нұсқасын, латын тіліндегі транскрипциясын қоса жариялады. Ал Томсен болса 1895 ж. өз тіліне аударып шықты. Кейіннен орыс ғалымдары С.Е. Малов, П.М. Мелиоранский КТЕ-нің зерттелуін тарихи, әдеби тұрғыдан қарастырды. Ал 1965 ж. И.Стеблева «Күлтегін», «Тоныкөк», «Білге қаған» ескерткіштерінің орыс тіліндегі поэзиялық аудармаларын жасады. 1981 ж. М. Жолдасбеков қазақ тіліндегі поэзиялық аудармаларын жазып шықты. Соңғы жылдары қазақ ғалымдары Ғ. Айдаров, С. Аманжолов т.б. ғалымдар ескерткіштердің тілін жан-жақты зерттеген, зерттеп келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет