Мамандығым-мерейім Тақырыбы: Мамандығым- мерейім


Өткен ғасырларға саяхат жасай алу қабілеті



бет2/2
Дата26.04.2023
өлшемі23,49 Kb.
#87338
түріСабақ
1   2
2. Өткен ғасырларға саяхат жасай алу қабілеті.
Сізді болған жайттың себептері қатты қызықтырады. Өткен қателіктерден сабақ алып, үйренуді ұнатасыз. Сізден жақсы сарапшы, тарихшы, жазушы, археолог, ғалым шығуы мүмкін.
3. Көрінбей қалу қабілеті.
Көлеңкеде қалып, айналада не болып жатқанын білуге құмарсыз. Проблеманың түбірін тауып мәнжайдың себебін анықтауды жөн көресіз. Басқалар тіпті ойламаған істің шешімін табуға қабілеттісіз. Физика, математика, саясат, медицина-назар салар кәсіп салалары.
4. Басқа адамдардың, заттардың бейнесіне айнала алу қабілеті.
Сіз кез-келген ортаға,жағдайға оңай сіңсіп кете аласыз. Басқа адамның көңіл-күйін, қайғысын ұғу, өзіңізді соның орнына қою оңай. Жазушы, актерлік мамандықтары сізге сай келуі мүмкін.
5. Басқа адамдардың ойын оқи алу қабілеті.
Сіз сөздің артында нақ не тұрғанын сезе білесіз. Адамды жарты сөзден түсіну, басқа адамның мінез-құлқын есепке алып, оның әрекетін алдын-ала көре білесіз. Басқа адамдардың не сезіп, не ойлайтыны бұл адамға маңызды. Мамандықтары заңгер, психолог, мұғалім, социолог.
3. «Әріпті мамандық» ойыны.
Әр топқа бір әріптен беріледі. Қай топ сол әріптен басталатын мамандық аттарын көп тапса, сол топ жеңіске жетеді. Сонымен қатар өздері тапқан мамандықтарының қыр-сырын айту керек.
1 топ: «А», 2 топ: «Б»
4. Сергіту жаттығуы
Мақсаты: Қатысушылардың бірін – біріне деген сенімділіктері арта түсуі үшін.
Нұсқау: Жағдай оқылыды. Егер сіз онымен келіссеңіз, айтылған әрекетті орындауыңыз қажет.
 Егер үлкен туған ағаң болса, үш рет шапалақта.
 Кімнің бойы 1.65 ұзын болса, «Кинг Конг» деп айқайласын.
 Кімнің бойы 1.65 қысқа болса, «Алақай деп айқайласын.
 Кім бүгін таңертең дәмді таңғы ас ішсе ішін сипасын.
Балмұздақты жақсы көретіндер, тоңып тұрғандай іс-әрекет жасасын.
 Иттерді жақсы көретіндер үрсін.
 Мысықтарды жақсы көретіндер «Мяу!» деп үш рет айтсын.
 Ата-анасының жалғыз балалары қолдарын көтерсін.
 Кофеге сүт және қант қосып ішетіндер орындарында тұрып айналсын.
 Тәтті торт жегенді жақсы көретіндер екі қолын бірдей көтеріп, күлсін.
 Емтихан тапсыруға қорықпайтындар «Алға!» деп айқайласын.
 Өздеріне сенімсіздер «Көмек қажет» деп айтсын.
 Осы тренингке қатысқандарына қуанатындар «Қуаныштымын!» деп бес рет айтсын.
5. «Мамандықты тап» ойыны.
Тренингке қатысушыларға карточкаларға жазылған мамандықтар таратылады, ал олар сол мамандықтарды ыммен көрсетуге тырысу керек. Қалғандары мамандықты табу керек.
6. Суретті тест.
Тренингтен алған әсерің.
Қатысушыларға ақ параққа күннің, бұлттың, жаңбырдың, жасыл шөптер бейнеленген парақ таратылады. Тренингтен алған әсерің, бір-біріне тілектерін сол берілген суреттердің біреуіне жазады.
Күннің суреті – тренингке қатысушының толық қанағаттанғаны, көңілденгені.
Жаңбырдың суреті – ешқандай әсер алмағаны.


«ЖББ Құланды мектебі»КММ
Тренинг


Орындаган: Психолог
Еңсегенова.Г

2022\2023 оқу жылы

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет