Мамандығының Мемлекеттік жалпыға бірдей білім беру стандартына сәйкес дайындалған


Құжаттық ретроспективтік ақпаратты сипаттау мен іздеудің теориялық негіздері



бет5/14
Дата24.03.2023
өлшемі46,72 Kb.
#75983
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
Архивоведение - каз

9. Құжаттық ретроспективтік ақпаратты сипаттау мен іздеудің теориялық негіздері. Отандық әдебиетте құжаттық ақпаратты сипаттау мәселелерін қарастыру. Сипаттау теориясының негізгі түсініктері, принциптері мен әдістері. Қазіргі анықтамалық құралдарды сипаттаудың элементтері. Құжаттық ақпаратты сипаттауда сараланған тәсілдің мәні. Замануи анықтамалық құралдарды сипаттаудың элементтері.
Тізбе – ҒАА жүйесінің міндетті элементі. Тізбенің сипаттау обьектісі.
Құжаттардың әртүрлі топтары үшін сипаттаудың тәсілдерін қолдану. Каталогтық карточкаларды сипаттау элементтерінің құрамы. Жолсілтердің сипаттама обьектісі және сипаттамалық баптарын құрастыру. Көрсеткіш пен шолудың сипаттама обьектісі және сипаттамалық баптарын құрастыру.
10. Ғылыми- анықтамалық аппарат жүйесі. Әдебиеттерде ҒАА жүйесін жасау мәселесі. Архив анықтамалықтарын даярлауда әдістемелік ұсыныстар. Архивтердің ғылыми-анықтамалық аппарат жүйесінің жетілдірілуі. Ғылыми-анықтамалық жүйесінің тиімділігі.
Ретроспективті ақпараттарды сипаттаудағы сараланған тәсіл ҒАА жүйесін құрудың әдістемелік негізі ретінде. ҒАА жүйесінің жүйелілік факторлары. ҒАА жүйесінің құрылымы. Архив анықтамалықтарының түрлері және бір бірімен байланыстары. Архивтер үшін ыңғайлы ақпараттық-ізденіс жүйелерін құру. Ақпараттық массивтердің сәйкестік мәселесі және олардың біртекті мәліметтер базасына қосу мүмкіндіктері.
11. Құжаттардың құндылығын сараптаудың теориялық негіздері. Құжаттардың құндылығын сараптаудың мәселелері тарихи әдебиетте. Құжаттардың құндылығын сараптаудың теориясының негізгі ұғымдары. ҚҚС бойынша нормативті құжаттар жүйесі мен методикалық құралдар. Сақтау мерзімдері көрсетілген типтік құжаттардың тізімінің типтері, түрлері, құрылымы. Сараптау органдары жүйесі. Сараптау-тексеру комиссиясы, сараптау комиссиясы , олардың құрамы, қызметі, жұмысын ұйымдастыруы.
Құжаттардың құндылығын сараптаудың теориялық-методологиялық негіздері, принциптері және міндеттері. Құжаттардың құндылығының критерилерін жасау, олардың дамуы мен нақтылануы. Арнайы тасымалдаушылардағы құжаттарды сараптаудың ерекшеліктері.
Сараптау жүргізудің әдістері. Архивтердегі мақсатты кешенді ҚҚС, оның белгіленуі және жүргізу әдістері. Жеке текті құжаттардың құндылығын сараптауды жүргізудің ерекшеліктері.
Құжаттардың құндылығын сараптау туралы түсінік. 1960-1980 жж. құжаттардың құндылығын сараптаудың теориялық негіздері бойынша пікір тартыстар.
1970 - 1990 жылдар басындағы құжаттардың құндылығын сараптаудың теориясы мен практикасын жетілдіру. Жаңа типтегі мекемелердің құжаттарын бағалаудағы сараланған тәсіл. Құжаттардың құндылығын сараптаудың ғылыми-әдістемелік негіздері. 1990-ж. басына дейінгі және қазіргі кезеңдегі архивтанудағы сараптау принциптері. Құжаттарды деректанулық сынау және олардың құндылықтарын сараптаудағы маңызы. Жүйелілік тәсіл. Функционалдық талдау. Ақпараттық талдау. Сараптауда танымның жалпығылыми және жеке әдістерін қолдану.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет