Мамандығының Мемлекеттік жалпыға бірдей білім беру стандартына сәйкес дайындалған



бет1/14
Дата24.03.2023
өлшемі46,72 Kb.
#75983
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
Архивоведение - каз


Бағдарлама «Мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету» мамандығының Мемлекеттік жалпыға бірдей білім беру стандартына сәйкес дайындалған

Бағдарламаны дайындаған: т.ғ.д., профессор О.Х. Мұхатова


Бағдарлама дүние жүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедарысының мәжілісінде қаралды
Хаттама № ______, «____» ___________ 2019 ж.
Дүние жүзі тарихы, тарихнама және
деректану кафедрасының меңгерушісі ____________ Г.С. Сұлтанғалиева

Тарих, археология және этнология факультетінің әдістемелік Бюро мәжілісінде мақұлданды


Хаттама № ______, «____» ___________ 2019 ж.

Әдістемелік бюро төрайымы, т.ғ.к.


профессор м.а. ____________ Ұ. Жолдыбаева
Ғылыми Кеңес мәжілісінде бекітілді
Хаттама № ______, «____» ___________ 2019 ж.

Ғылыми Кеңес төрағасы,


факультет деканы ____________ М.С. Ноғайбаева

Ғалым хатшы ____________ Г. Абикенова




МАЗМҰНЫ


«Мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша докторантураға түсу сұрақтары, архивтану және құжаттану ғылымдарының негізгі салалары бойынша жалпы білім деңгейін анықтауға бағытталған. Соның ішінде, архивтанудың, құжаттанудың анағұрлым маңызды аспектілерін және құжаттамамен қамтамасыз ету жүйесін ұйымдық жобалаудың, архив ісінің, құжаттаманың теориялық және қолданбалық проблемалары бойынша материалдар қамтылған.


Докторантураға түсу емтиханының мақсаты - талапкердің кәсіби біліктілік деңгейін, ғылыми-зерттеу жұмысына бейімділігін, жалпы жеке тұлғалық мәдениеттілігі және докторантурада оқуға дайындығын айқындау.


Докторантураға түсу емтиханының міндеттері:
- үміткердің жоғары деңгейдегі құжаттамамен қамтамасыз ету жүйесін ұйымдық жобалаудың және архив ісі ұйымдық дамудың негіздерін білетіндігін анықтау;
- архивтанудың және құжаттанудың, ақпараттық жүйелерді жобалау проблемалары туралы кәсіби білімін көрсету;
- архивтанудың және құжаттанудың теориялық аспектілерін талдау;
- отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектерінде шоғырланған мұрағаттанудың түйіткілді проблемаларын шешудегі көпқырлы теориялық бағыттарын жүйелеу;
- архивтану теориясының (ғылыми көзқарастардың қақтығысы, бағыттар) әртүрлі кезеңдердегі архив ісінің тәжірибесін ел тарихындағы мемлекеттілік, экономика, қоғамдық қатынастар дамуын ескере отырып қалыптастыруға ықпалын ашу;
- архивтану және құжаттану бойынша көптеген даулы мәселелерді өзіндік тұрғыда қарастырып, жүйелей білу;
- берілген сұрақтарға жауап беруде жалпы ғылыми дедукция, индукция, синтез, талдау, аналогия әдісі, ретроспекция, өзектілендіру сияқты әдістерін пайдаланудағы эвристикалық және аналитикалық мүмкіндіктерін көрсету;
- іс жүргізу және архивтердегі құжаттық кешендердің қалыптасуы мен қызмет етуін жүйелеу;
- өз ойын логикалы, дәлелді, дәйекті жеткізе алу, шенешдік өнері мен өз пікірін қорғай алу мүмкіндігін көрсету.
Эмтихан формасы – (ауызша, жазбаша эссе)

2. «Мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша PhD докторантураға түсушілердің дайындық деңгейіне қойылатын талап


«Мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету» мамандығы архивтану және құжаттану саларынан жоғары білікті маман даярлауға негізделген. Аталған мамандық бойынша докторантураға түсушілер:

  • отандық және шетелдік архивтану және құжаттану ғылымдарының даму үрдісі туралы жүйелі көзқарасы болу;

  • ақпараттық-құжаттамалық қамтамасыз етудің және архив ісінің даму үрдістерін анықтау; архив құжаттарына анықтамалық-іздеу құралдарын құрастырудың принциптері мен әдістерін қолдану; архив ісін басқарудағы алдыңғы қатарлы шет елдік тәжірибені пайдалану;

  • архивтану және құжаттану ғылымдарының теориялық- методологиялық негіздерін білу, архивтанулық, археографиялық және құжаттанулық ойдың әртүрлі мектептерінің тұжырымдамаларын талдау;

  • ретроспективті ақпаратты талдау, жүйелеу және қорыта алу;

  • мамандық бойынша қажетті терминологиялық және лексикалық білімі болу;

  • құжаттаманы басқару жүйесін рационалды жобалауды және нақты ұйымдағы құжаттарды архивтік сақтауды талдау;

  • құжат айналымын басқару жүйесін зерттеу, талдау және жобалау әдістерін қолдану;

  • заманауи әлемде және тәуелсіз Қазақстанның рухани жаңару үдерісіндегі әлеуметтік жауакершілікті архивші кәсібінің маңызын түсінуі тиіс.






  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет