Жауап эталоны: Балада, тесіп кіргізу құрсақтың алдыңғы қабырғасында симфиздің үстіңгі жиегіне жасалынады.
№80. Ауруда қабыну процесінде бүйректің милық заты зақымданған. Бұндай жағдайда нефронның қай бөлігі өзгереді.
Жауап эталоны:Бұндай жарақатта нефронның Генле ілмегі зақымданады.
№81. Бір бүйректің экскреторлық ағашының рентгендік суретін алу үшін контрасты затты сәйкес несеп ағарға салады. Қандай ориентирлер бойынша несеп ағардың тесігін қуықтың шырышты қабатынан табады?
Жауап эталоны: Несеп ағарлардың тесіктері үш бұрышты алаңының бүйір бұрыштарында орналасқан, қуықтың шырышты қабатында қатпарлар болмайды.
№82. Қынап арқылы жатыр мойнын қарағанда гинеколог онда көлденең саңлауды көрді. Әйел бұрын босанған ба?
Жауап эталоны: Гинекология келген әйел бұрын бала тауып босанған.
№83. Жатыр түтігін алу үшін гинеколог жатырың кең жалғамасының қай жерін хирург кесуі керек?
Жауап эталоны: Хирург жатыр түтігін алу үшін түтіктің шажырқайын кеседі.
№84. Босанудан кейін несеп-жыныс диагфрагмасы жарақаттанды, оның кесірінен несепті ұстау қабілеті бұзылды. Бұл жағдайда қай бұлшық ет жарақаттанды.
Жауап эталоны: Шат аралығы жарақатынан кейін несеп шығару өзегінің сфинктері бұзылды.
№85. Баланы қарағанда дәрігер оның сол аталық безі құрсақ қуысының ішінде екенін байқайды. Бұндай орналасуы аномалия ма немесе даму вариантты ма?
Жауап эталоны: Аталық бездің шат каналының тереңгі сақинасында орналасуы аномалия деп саналады.
№86. Қуық асты безі секрет шығарып қана қоймайды. Сонымен бірге несеп шығаратын өзектің сфинктірі қызметін атқарады. Адам өмірінің қай периодында тек несеп шығаратын өзектің сфинктері болып саналады?
Жауап эталоны: Жыныстық қабілетке жеткенше несеп шығаратын өзектің сфинктері болып саналады.
№87. Ауру еркектің қуық асты түбірің маңайында ісік пайда болды. Қуықтың синтопиясын ескергенде ісік қай ағзаға көшуі мүмкін?